Республикасында



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата18.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#118374
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеулер негізінде келесі нақты түйіндер мен ұсыныстардан 
тұратын келесі нәтижелер алынды: 
1.
Экономикалық қатынас өзінің «қатынас» мағынасына сай қандай да бір 
заттың немесе адамдардың өзара қос әрекетін сипаттайды. Сондықтан 
экономикалық қатынас деп адамдардың қандай да бір затқа байланысты 
қатынасын айтамыз. Дәлірек айтқанда, экономикалық қатынас дегеніміз – 
экономика субъектілерінің қандай да бір зат жөніндегі қатынасы. Нарықтық 
экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін 
ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын 
айтамыз. Нарықтық қатынастар - бұл экономикалық қатынастар.
Экономикалық қатынас дегеніміз – адамдар арасында игілікті, әсіресе 
еңбек өнімін иемдену, айырбастау және тұтыну жөніндегі объективті 
қалыптасқан қатынас. 
2. Нарық жөніндегі әртүрлі көзқарастарды зерттей келе, қазіргі кезде 
мынадай анықтама беруге болады: нарық - бұл тұтыну мен айырбас, бөлу және 
өндіріс үрдісінде пайда болатын, адамдар арасындағы экономикалық 
қатынастар жүйесі. Олай болса, нарық субъектілері өндіріс пен тұтыну 
сферасын жалғастырып, ұдайы өндіріс үрдісінің үздіксіздігін және тиімділігін 
қамтамасыз етеді. 
3.Қазіргі кезеңдегі кәсіпкерлікке былайша анықтама беруге болады: 
«Кәсіпкерлік табыс алу үшін өз атынан жүргізетін, өз жауапкершілігіне алатын 
азаматтардың дербес ынталы қызметі». Кәсіпкер кез-келген шаруашылық 
қызмет түрін жүргізуі мүмкін, егер ол заңға қайшы болмаса, мәселен: 
коммерциялық, делдалдық, сауда- саттық, кеңес беру және басқа да 
қызметтерді, сондай-ақ бағалы қағаздар операциясы. 
4. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері дегеніміз - заңмен сәйкес тіркелген 
және қызмет көрсету немесе жұмыс атқару, тауар сату, мүлікті қолданудан 
жүйелі пайда табуға бағытталған жеке іс-әрекетті өз тәуекеліне бел-байлап 
жүзеге асыратын тұлғаларды айтамыз. Сонымен қатар жеке тұлғалар және 
заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болып табылады. 
5. Осындай жағдайда ауыл шаруашылығы нарығында тәуекелді 
басқарудың мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатын, тиімді және ауыл 
кәсіпкерлеріне тәуекелді басқару үрдісін адекватты ұғынуға мүмкіндік беретін 
құралдарын ұсыну мәселесі туындап отыр. Оған жауап ретінде - өнімді сату 
көлемін уақыт бойынша оңтайландыруды атап өтуге болады. Себебі 
ауылшаруашылық дақылдарының көбінің нарығына бағаның маусымдық 
құбылуы тән, өйткені саладағы өндірістің өзі маусымдық сипатқа ие. Мұндай 
жағдайда ауылшаруашылық кәсіпорнының табысын өнім бағасының 
динамикалық ерекшеліктерін максималды ұтымды ескеретін нарықтық 
стратегиялар арқылы барынша жоғарылатуға ұмтылу қажет. Ол үшін 
ауылшаруашылық дақылдары нарығындағы баға тұрақсыздығын ескере 


116 
отырып өнімді сақтау мен сату саясатын оңтайландыру есебін шешу керек. Бұл 
мәселе бір қарағанда жеңіл болып көрінгенімен, өте күрделі мәселе болып 
саналады. Себебі өнімді жинау кезеңі аралығындағы уақытта өнім бағасы 
тұрақты болмайды, ол үнемі құбылып тұрады. 
6. Басшылар мен қатардағы қызметшілер тәртібі этикасын көтеру 
мақсатында келесі шаралар мен әдістерді пайдалануға болады: этика 
кодекстері; «Этика карталары»; этика жөніндегі комитеттер; әлеуметтік 
тексерістерге іс қимылдың әлеуметтік ықпалы мен ұйым бағдарламасын 
бағалап, есеп беру; этика тәртібіне оқыту; этикалық сараптау; этикалық 
консультация. 
7. Іскерлік субъектілердің инновациялық қызмет қатынастарын жетілдіру 
мақсатында алдыңғы қатарлы жоғарғы технологиялық, ішкі және сыртқы 
нарықта бәсекелі импоттың орнын басатын, экспортқа бағытталған өнімді 
шығаратын өндірістерді қолдау және оны ынталандыру. 
8. Іскерлік субъектілердің өндірген тауар бәсекелестігін бағалау іскерлік 
қатынастарды жетілдіруге бағытталған. Өйткені, нарықтық қатынастар 
жағдайында тек тауар (қызмет) бәсекелестігін арттыру арқылы ғана еңбек 
нәтижесінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге болады. 
Осы аталған шараларды жүзеге асыру елімізде шағын бизнестің дамуына 
алғышарт болуы тиіс. Ал Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің дамуы ел 
экономикасының дамуы ғана емес, жалпы халықтың әлеуметтік жағдайының да 
жақсаруына өз үлесін қосары сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет