Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата02.01.2017
өлшемі55,6 Mb.
#1036
1   2   3

көпбалалы ана.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫН

 АР-НАМЫСЫМ, ҚАСІРЕТІМ, 

МАҚТАНЫШЫМ–ЖЕЛТОҚСАН

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – 

ІЗГІ ҚАСИЕТ

ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ – 

ҰСТАЗ МАҚТАНЫШЫ

БІЗ ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ

 ЭНЕРГЕТИКТЕРДІҢ ҰЙЫМШЫЛДЫҒЫ 

ҮЛГІ АЛАРЛЫҚТАЙ

ТӘУЕЛСІЗДІК – 

ЕЛДІГІМНІҢ ТҰҒЫРЫ

ЖЫР ТӨККЕН ЖОМАРТ ЖҮРЕКТЕН

Сізге ҚР азаматтығы туралы 23 желтоқсан 1991 жылғы 

Заңының 21-бабына  байланысты  ҚР  азаматы  болып  та-

былатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған 

адам үш жұмыс күні ішінде шетел азаматтығын алу фактісі 

туралы  хабарлауға  және  жеке  куәлігін  ҚР  ішкі  істер    ор-

гандарына  немесе  ҚР  Сыртқы  істер  министрлігінің  шет 

елдердегі мекемелеріне 30 күн ішінде тапсыруға міндетті 

деп көрсетілуіне байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы яғни, 

ҚР азаматтық туралы заңнамасын бұзуы.

1.  ҚР  азаматтығынан  айырыл ған  адамның  ҚР 

азаматының паспортын  немесе жеке куәлігін пайдалануы – 

жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 

айыппұл салуға әкеп соғады.

Д.АБУОВ,

Шиелі АІІБ-нің бастығының орынбасары, 

полиция подполковнигі.

Б.БАЙДІЛДАЕВА,

Шиелі АІІБ-нің КҚПБ-нің инспекторы,

полиция капитаны.

VІ  шақырылған аудандық 

мәслихаттың кезекті  7 сессиясын 

шақыру туралы

   


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті 

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару тура-

лы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 

қаңтардағы  Заңының 10 бабының 2 тармағын, 

18  бабының 4 тармағының 1)-тармақшасын 

басшылыққа алып ШЕШІМ  ЕТЕМІН:

1.  Аудандық  мәслихаттың  кезекті 7 сес-

сиясы  2016 жылдың 23 желтоқсан  күні  ау-

дан  әкімдігінің  мәжіліс  залына  сағат 16:00-ге  

шақырылсын.  Оның  күн  тәртібіне  төмендегі 

мәселелер енгізілсін: 

–  Шиелі  ауданының 2017-2019 жылдарға 

арналған бюджетін бекіту туралы.

– «Шиелі ауданының 2016-2020 жылдарға 

арналған  даму  бағдарламасын  бекіту  тура-

лы»  аудандық  мәслихаттың 2015 жылғы 23 

желтоқсандағы  №48/4  шешіміне  өзгерістер 

енгізу туралы.

–  Аудандық  мәслихаттың 2017 жылға 

арналған жұмыс жоспары туралы.  

2.  Аудандық  мәслихаттың  кезекті 7 сес-

сиясына  аудан  әкімі,  оның  орынбасарлары, 

ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшы-

лары шақырылсын.

3. Аудандық мәслихат хатшысына, тұрақты 

комиссияларының  төрағаларына    «Қазақстан  

Республикасындағы    жергілікті    мемлекеттік  

басқару    және  өзін-өзі    басқару  туралы» 

Қазақстан Республикасы  Заңының 10 бабының 

3  тармағының    талаптарына  сай  аудандық 

мәслихаттың кезекті 7  сессиясын дайындау және 

өткізу тапсырылсын.



А.ӘБДІҚАДІРОВА,

аудандық мәслихаттың сессия төрағасы.                                  

Жақында Алмалы ауылы, №21 бекетте көптен 

күткен  «Рахым»  балабақшасы  ашылды.  Бұған 

дейін  ауылда  бірде-бір  балабақша  болмаған 

еді. Өзім бүлдіршіндер ордасы ашылады деген-

де қатты қуандым. Себебі, мектеп жасына жет-

пеген 3 баламды балабақшаға беріп, жан-жақты, 

ашық, өнерлі қылып өсірсем деп армандайтын-

мын.  Бұл  жалғыз  менің  ғана  емес,  ауылдағы 

барлық ата-аналардың тілегі десем қателеспеймін. 

Бағасы да қолжетімді, мен секілді көпбалалыларға 

жеңілдіктер қарастырылған. 

Балаларымның балабақшаға барып жүргеніне 

көп  уақыт  болмаса  да,  білікті  тәрбиешілердің 

арқасында тақпақтар жаттап, үйге ағылшын тілінде 

сөздер айтып келеді. Осындай білімді, тәжірибелі 

ұжымды жұмылдырып, балабақша ашқан Хадиша 

Шакайдарова апайға және балабақша ұжымына 

барлық ата-аналар атынан алғысымды білдіремін. 

Бүлдіршіндер тәрбиелеуде жасаған еңбектеріңіз 

жемісті  болсын.  Отбасыларыңызға  молшылық, 

дендеріңізге саулық тілеймін.



Айнұр МОЛДАБАЕВА, 

 ата-ана.

ХАБАРЛАМА

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

Меншік иесі:

жауапкершiлiгi 

шектеулi серiктестiгi

Телефондар:

Бас директор - 8(7242)70-00-36

Бас редактор - 4-46-22

Бас редактордың орынбасары - 4-47-32

Жауапты хатшы, есепші

Факс: 4-49-07.

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттiгiнде 19.06.2014 ж. 

қайта тiркелiп, №14410-Г куәлiгi берiлген. “ скен  ңiр” аудандық газетi 

ҚР СТ ИСО 9001-2009 “Сапа менеджментi жүйесi” талаптарына сәйкес 

сертификатталған. Газет әр аптаның  сейсенбі, сенбi  күндерi шығады. 

Қолжазбалар  ңделедi және керi қайтарылмайды.

Жеке авторлардың пiкiрi редакцияның түпкiлiктi к зқарасын бiлдiрмейдi.

Газет редакцияның компьютер орталығында терiлiп, 

беттелiп, “Сыр медиа” ЖШС баспаханасында 

басылды. Тел: 8(7242) 40-06-68.

Газеттiң таралымы бойынша 8(724) 32 4-47-32  және 

8(7242) 70-14-08 телефондарына хабарласуға болады.  

Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан к шесi, №4. 

Таралымы 5871.   Тапсырыс №1528.

жауапкершiлiгi 

шектеулi серiктестiгi

Мекен-жайымыз: 120700, Қызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Ясауи к шесi, №109. E-mail: osken_onir@mail.ru

Кезекші редактор Гүлхан ЯХИЯЕВА.

Бас директор

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

 Шиелі аудандық 

« скен  ңір» газетінің  редакциясы

Бас редактор

Нұрболат ПІРІМБЕТ

ÒӘÓÅËÑІÇÄІÊ–25

ÒӘÓÅËÑІÇÄІÊ–25

4

Osken_onir@mail.ru



№98 (8449) 16 желтоқсан, жұма 2016 жыл

Бұлардың сыртында небір қиындықтар, 

кедергілер де мол болған. Біз бүгін солардың 

бірқатарын  айта  кеткіміз  келді.  Кейбіріміз 

ойлағандай,  Тәуелсіздік,  оның  нышанда-

ры, жетістіктеріміз оп-оңай келе салған жоқ.

Мың  өліп,  мың  тірілген  халқымыздың 

тарихында 1991 жылы 16 желтоқсан алтын 

әріптермен айшықталып жазылатын қасиетті 

де, қадірлі, ең ардақты күн. Қазақстанның 

1986  жылғы  желтоқсаны  бірінші  болып 

социалистік  жүйенің  селін  бұзды.  Сөйтіп, 

1991  жылы 16 желтоқсан  күні  Президент 

Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі 

туралы» Заң да өмірге келді. Маңызы зор 

құнды құжатты қабылдау оңай болған жоқ. 

Жоғарғы Кеңестің сессиясында талас-тартыс 

болды. 

–   О с ы   з а ң   к е р е к   п е   ө з і ?   –   Б ұ л 



әңгімені  қозғамай-ақ  қояйық.  Мұны  бүкіл 

халық  шешсін,  референдумға  қояйық, – 

«асықпайық» «Мемлекеттік тіл үшеу болсын 

– қазақ, орыс, ағылшын тілдері» деп соқты. 

Депутат Сухов: «Қайда шапқылап барамыз?» 

деген  кертартпа  пікірталастар  қыза  түсіп, 

Қазақстанда  мемлекеттік  құрылым  емес, 

АҚШ-тағыдай  азаматтық  қоғам  құрылсын 

дегенге  дейін  барды.  Мемлекеттік  ұлттық 

сипатының  болмауын  ұсынды,  екі  ұдайы 

пікірлер қалыптасты. Осындай кертарпалар-

мен бірге Жоғарғы Кеңесте ұлт жанашырла-

ры да көп еді. Солардың басымдылығымен 

Заң қабылданды. Ол Жоғарғы Кеңес тарқап, 

екі  палаталы  парламент  дүниеге  келді, 

кертарпалардың көбісі Жоғарғы Кеңеспен 

бірге  келмеске  кетті.  Ұлттық  тілді  енгізу 

кезең-кезеңмен жүретін болды. 

Астананы  Ақмолаға  көшіру  тура-

лы  да  талас-тартыс  болмай  қалған  жоқ, 

Елбасының алысты болжай білетін көреген 

саясатының арқасында бұл мәселе де оң 

шешімін тапты. Қазіргі Астана күллі әлемге 

танымал  бола  білді.  Осы  Астана  төрінде 

ел  егемендігінің  ертеңіне  қолайлы  негіз 

қалануына Президент көп күш жұмсап келеді. 

Республикадағы барлық өнеркәсіптің, ауыл 

шаруашылығының 95 пайызы  Мәскеуден 

басқарылып  келді.  Дүкендердің  сөрелері 

тып-типыл босап, ұзын-сонар кезек көбейді, 

азық-түлік тауарларының бағасы 1 жылда 9 

есе көбейді, жалақы, жәрдемақы алынбай 

қиындықтар туды. Сондықтан, Н.Назарбаев 

дағдарысты сәттерден аса көп шығынсыз 

шығып кетуді бірінші кезекке қойды. Тұралап 

қалған зауыттар мен фабрикалар, жалақысыз 

қалған жұмысшылардың  ереуілдері мен ше-

рулеткен көпшілік, сепаратистік пиғылдағы 

топтар мен ұлтаралық араздықты қоздыруға 

дайын тұрған арандатушылар да аз қиындық 

алып келген жоқ. Егер халық аш-жалаңаш 

болса,  жұмыс  таппай,  көше  кезіп  жүрер 

болса,  елдің  ішін  ұры  мен  қары  билеп 

кететін  болса,  сенің  қаныңмен  суғарып 

тұрып жеңіп алған Тәуелсіздігің де бақыр 

құрлы  бағасы  болмай  қалар  еді.  Ондай 

«Тәуелсіздіктен»  ертең  ел-жұрттың  өзі 

қашқан болар еді. Жағдай расында қиын бо-

латын. Тәуелсіздіктің жолы әуелі бастап-ақ 

теп-тегіс бола қойған жоқ. Егемендігіміздің 

алғашқы елең-алаңында оның іргесіне қауіп 

төнген, қатар тұрған сәттер аз кездеспеді. 

Мұны елінің тағдырын сеніп тапсырған дара 

басшысы Н.Назарбаев шеше білді.

Қазақ  елінің  тұңғыш  Елтаңбасы  мен 

Әнұраны талай талқыдан өтті. Қандастарды 

атажұртқа  тартуда  да  талай  тартысты 

сәттер болды.  Қытайдан, Өзбекстаннан от-

андастарымыз  оп-оңай  оралған  жоқ.  Ше-

каралас шептерімізді шегендеп шығуда да 

көрші  елдің  Солженицын,  Жириновский, 

тағы басқалардың ауыр сөздерін тыңдауға 

тура  келгенмен  ол  да  өзінің  оң  шешімін 

тапты. Қазақстан халқы Ассамблеясының 

құрылуы, Қазақстанның тұңғыш жер серігінің 

ұшырылуы, төл теңгенің айналымға түсуі, 

Астана саммиті талайларды тамсантып, ел 

мәртебесін көтеріп, кейбіріне қызғаныш та 

тудырды. Елімізде жүздеген зауыт, фабри-

калар ашылып, кең орындары дүниеге келді, 

өз елімізді өзіміздің күшімізбен қамтамасыз 

етуге қол жеткізілді, «Нұрлы жол» бағдары 

жүзеге  асырылуда,  дүниежүзілік  сауда 

ұйымына  мүше  болдық,  БҰҰ-ға  мүше 

болдық.  Еліміздегі  индустриялық  рево-

люция,  әлеуметтік-экономикалық  даму 

кезеңдері, мәдени дамуымыз оп-оңай келе 

қалған  жоқ.  Оған  да  ширек  ғасыр  өтті. 

Біз  әрдайым  осылайша  биіктерге  ұмтыла 

беретін боламыз.



Алтай АЙЫП.

Қазіргі заманғы білім 

беру жүйесі ізденуді талап 

етеді. Колледждің әлеуметтік 

серіктестермен тығыз бай-                 

ланыста жұмыс істеуі – басты 

және қажетті факторлардың бірі. 

Болашақ мамандардың кәсіби 

дайындығының ең басты құрамды 

бөлігі тәжірибелік дайындық бо-

лып есептеледі. Ең маңыздысы, 

колледж білім алушылары нақты 

жұмыс дағдыларына төселуге, 

ұжымда жұмыс жасау білігіне ие 

болуға, әлеуметтік құзыреттілігінің 

қалыптасуына, таңдаған 

мамандығының қыр-сырын тікелей 

жұмыс орнында танып,кәсіби 

бейімделуден өтуге  мүмкіндік 

алады.  Осы орайда, желтоқсан  

айының   басында  Шиелі  

индустриалды-аграрлық кол-

ледж  ұжымының  қызметкерлері 

Алматы  қаласында  «Марсель 

Group» компаниясымен  әлеуметтік  

серіктестікті нығайту мақсатымен  

іс-сапарда  болып  қайтты.  

Азат ел, тəуелсіз ел – Қазақ елі,

Таусылмас жер қойнында байлық  

 

 



 

         кені.

Шетелдермен терезе теңестірген,

Қазақ елі – дəл бүгін ғажап елі.

Тəуелсіздік мерекесі қазақтың,

Туды бүгін басымызға ғажап күн.

Бар əлемге мақтанып айта аламын,

Рухы биік елмін мен, азатпын.



Ақниет ИКРАМХАН,

№49 мектептің 6-шы сынып 

оқушысы.

Ақмая ауылы.

Естігенде желтоқсанның ызғарын,

Ойланасың от қойды деп мұзға кім?

Отан үшін отқа түсті талай жас,

Сол жастардай жалындайды өз 

 

 



 

    жаным.

Елім деген ерен жастар алаңда,

Еркіндікпен жол салсақ деп арманға.

Өр кеудесін өртке тосып, өртеніп,

Мұз жастанды азаттықтың 

 

 

               жолында.



Көк туым көтерілді бағым жанып,

Біз қазақ ақ тілеулі дарқан халық.

Сан түрлі ұлт пен ұлыс ту астында,

Шаттанып шалқып тасып тұр  

қуанып.

Айша КӨРЕГЕНОВА,

№157 Б.Пəрімбетов атындағы 

қазақ орта мектебінің 

11 «Б» сынып оқушысы.

Біз Қазақстанның 25 жылдық 

бел-белестеріндегі ғасырға бергісіз 

сәттердің тарихқа енген жарқын 

беттерін, әсерлі сәттерін, маңызды 

мезеттерін тынбастан айтып, қуана 

еске аламыз, сүйсініп сөз етіп 

келеміз.

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ – 

КӘСІБИ МАМАН ҚОЛЫНДА

ТƏУЕЛСІЗДІК – 

МЕРЕКЕСІ ҚАЗАҚТЫҢ

АЗАТТЫҚТЫҢ 

АҚ ТАҢЫ

ЕГЕМЕНДІК

 

ОҢАЙ КЕЛГЕН ЖОҚ

ІС-САПАР

АҚЫНДАР ӘЛЕМІ

ТАРИХ

МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН!

Қазақстан – көпұлтты,  тəуелсіз  мемлекет.  Өз 

тəуелсіздігімізді алғалы біз, дамып, шарықтап келеміз. 

Оның барлығының себепшісі болып отырған – Елбасы. Со-

нымен қатар,  біз яғни, жастар.

Мен  Қазақстанда  өмір  сүретініме  мақтанамын. 

Болашақта өз еліме қызмет ететін боламын. «Отан – от-

басынан басталады» демекші, өз отбасыма көмек қолын 

созсам, ол отаныма қызмет еткенім болып саналады.

Мен – Қазақстаныммен мақтанамын.

Анель МҰХАМЕДЖАНОВА,

№205 орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы.

Ш а р а н ы   а у д а н   ә к і м і н і ң   о р ы н -

басары  Алмасбек  Есмаханов  ашып, 

қатысушыларды тәуелсіздік мерекесімен 

құттықтады. Содан соң, аудандық ардагер-

лер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Ораз-

ымбетов тағылымы мол естеліктерімен 

бөлісті.


Б ү г і н д е   а у д а н ы м ы з д ы ң   д а м у -

ына  үлес  қосып  жүрген,  сол  кездегі 

Алматының  жалындаған  студенттеріне 

А.Әубілқасымұлы «Желтоқсан оқиғасына 

30  жыл»  мерекелік  медалі  мен  алғыс 

хаттар  табыстады.  Шара  соңында 

қатысушылар естелік суреттерге түсті.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ.

Бірақ  «естігеннен  көз  көрген  артық» 

д е г ен   б а р   ғ ой .   О с ы   т ә м с і л д і   а л ғ а 

тартқан  аудан  мәслихатының  депута-

ты  Нәсіпбай  Дүйсенұлы  көрегендік  та-

нытып, ауыл ақсақалдары Омархан Ке-

мелов,  Бадамбек  Әлтаев  бастаған  бір 

топ  қарияларды  аудан  орталығындағы 

и н ж е н е р л і к   к о м м у н и к а ц и я л ы қ 

инфрақұрылым  құрылыстарына  апа-

рып  таныстырды. «Өңірлерді  дамыту 

– 2020» бағдарламасына  сәйкес  биыл 

ауданымызға 2 млрд. 960 млн. 502 мың 

теңге бөлінген екен. Бұрындары 1 мектеп, 

болмаса 1 клуб соғу үшін Мәскеуден рұқсат 

сұрайтын болсақ, қазіргі Тәуелсіздігіміздің 

арқасында өз қолымыз өз аузымызға жетіп, 

егемендігіміздің  арқасында  осыншама 

құрылыстар, көше бойын жарықтандыру, 

жаяу  жүргінші  жүретін  тротуарлар  салу, 

ауданымызға  газ  жүргізу  жұмыстарын 

бас тау, елді мекендерді ауызсумен толық 

қамту бұрынғы кезде арман болса, қазір 

аудан басшысының арқасында, атқа мінген 

ел  азаматтарының  арқасында  осынша-

ма игілікті шаралар іске асып, халықтың 

әлеуметтік-экономикалық  жағдайын 

көтеруде.  Қариялар  құрылысшыларға 

істеріне  сәттілік  тілеп  ақ  батасын  берді 

және  осыншама  ауданда  атқарылып 

жатқан жұмыстарды көрсетіп, «естігеніңді 

айтпа,  көргеніңді  айт»  деген  нақылға 

сәйкес Нәсіпбай Дүйсенұлына да қариялар 

ризашылығын  білдіріп,  халық  қалауы 

ретінде  табысты,  тиянақты,  парасатты 

жұмыс жасап, елдің мұң-мұқтажын, тілегін 

орындаудағы жұмыстарына сәттілік тілеп,  

алғыстарын жаудырды.



Марат Нұрымбетқожаұлы – 

Шиелінің Құрметті азаматы, 

Омархан Кемелов – 

Құрметті азаматы, ардагер, 

Бадамбек Әлтаев – ардагер, 

Жолдас Қалиев – ардагер, 

Нарбай Ермаханов –ардагер, 

Бектұр Яхияев – ардагер, 

Қалабай Тұтқышбаев – сәулетші, 

Нәсіпбай Көпенов.

ЖИЫН

ЖЕЛТО САНШЫЛАР 

МАРАПАТТАЛДЫ

АРДАГЕРЛЕР АЛ ЫС АЙТАДЫ

Өткен аптада аудандық 

ішкі саясат бөлімінің 

ұйымдастыруымен желтоқсан 

оқиғасына қатысушыларға 

арналған мерекелік жиын өтті.

Жуырда облыс әкімдігінің 

өңірлік коммуникациялар 

қызметінде өткізілген баспасөз жи-

ынында аудан әкімінің Шиелінің 

әлеуметтік-экономикалық даму 

көрсеткіштері жайлы мәлімдемесін 

«Өскен өңір» газетінің 10-шы 

желтоқсан №97 санында оқып, 

біраз жайға қанық болған едік. 

16 желтоқсан –

Тəуелсіздік алған күн.

 Ел бірлігін көздеген,

Қазақтың бағы жанған күн.

16 желтоқсан –

Елім азат болған күн.

Күллі əлемге паш етіп,

Тарихта мəңгі қалған күн.

Ұланы боп елімнің,

Биіктерге самғармын.

Мəңгілік елге жол салған,

Баба жолын жалғармын.

Жайна АМАНГЕЛДИЕВА,

№181 мектептің 4 «Б» сынып 

оқушысы.

ТƏУЕЛСIЗДIК 

АЛҒАН КҮН

1991 жыл. Бұл жылы Қазақстан 

Республикасы Президентінің сайла-

уы өтіп, Н.Назарбаев жеңіске жетті. 

Сайлауға белсенділікпен қатысқан 

шиелілік сайлаушылардың 99,4 пай-

ызы Нұрсұлтан Әбішұлын қолдап, 

дауыс берді.

1992 жыл. Шиелі ауданындағы 

б а с п а х а н а н ы ң   ж а ң а   ц е х ы 

іске  қосылды.  Осы  жылы  ау-

дан  орталығындағы  «Оқшы  ата» 

мешітінің құрылысы басталды.

1993 жыл. Тәуелсіздігіміздің бір 

жетістігі саналатын ұлттық валюта-

мыз – теңге айналымға еніп, Шиелі 

ауданы бойынша 1 млрд. 582 млн. 

917 мың сом ақша жиналды.

1994  жыл.  Шиеліде  халық  те-

атрлары мен драма ұжымдарының 

фестивалі өтті.

1995  жыл.  Абай  Құнанбаев-

т ы ң   1 5 0   ж ы л д ы ғ ы н а   о р а й 

ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н   б ә й г е д е 

Шиелінің шабандоздары топ жарып, 

тұлпарымыз бас бәйгені иеленді.

1996  жыл.  Халықтың  сүйікті 

ә нш і с і не   а й н а л ғ а н   Ә л м ы р з а 

Ноғайбаевқа Қазақстан Республи-

касына  еңбек  сіңірген  мәдениет 

қызметкері атағы берілді.

1997  жыл.  Тартоғайда  мешіт 

а ш ы л ды .   О с ы   ж ы л ы   е м х а н а -

да  аудандық  телекоммуникация 

бөлімінің  байланыс  бөлімшесі 

ашылды.


1998 жыл. Шиеліге іс-сапармен 

Елбасы Н.Назарбаев келді.

1999 жыл. Шиелі ауданына қазақ 

әдебиетінің  көрнекті  тұлғалары 

Ш.Мұртаза, Қ.Смайыл, Т.Медетбеков 

келіп,  аудандық  мәдениет  үйінде 

өткен  Қ.Мұхаметжановтың 70 

жылдығына орай өткен салтанатты 

шараға қатысты.

2 0 0 0   ж ы л.   Қ ы з ы л о р д а 

облысындағы  ХХ  ғасырдың  ірі 

тұлғалары сараланып, 10 ғасыр ада-

мы анықталды. Олардың қатарында 

ақын Нартай Бекежанов, дән атасы 

Ыбырай Жақаев, Алаш ардақтысы 

Мұстафа  Шоқай,  ғалым  Шахмар-

дан  Есенов,  қазақ  әдебиетінің  ірі 

тұлғасы  Әбділда  Тәжібаев  сын-

ды Шиелінің ардақ тұтар 5 азама-

ты бар.


2001  жыл.  Ауданның  құрылу, 

өсіп-өркендеу жолын сабақтайтын, 

туған  елін  гүлдендіру  үшін  еңбек 

еткен  азаматтарының  еңбектерін 

насихаттайтын  «Шежірелі  Шиелі» 

кітабы жарық көрді.

2002  жыл. Кент  және  ауылдық 

округтердің  әкімдіктеріне  компью-

терлер берілді.

2003 жыл. Жеті әулие мәңгілік 

байыз тапқан «Оқшы ата» мазара-

тына белгі қойылды.

2004  жыл.  Халықтық  және 

ұлттық  ойындар  фестивалінде 

Шиелінің спортшылары топ жарып, 

жүлделі 1-ші орынды алды.

2005  жыл.  Шиелі  ауданында 

ауылшаруашылығы мамандарының 

облыстық семинары өткізілді.

2006  жыл.  Бүгінде  аудандағы 

іргелі  мекеме  болып  отырған 

«Иіркөл»  кен  өндіру  кешенінің 

құрылысы басталды.

2007 жыл. Облыс орталығында 

өткізілген жәрмеңкеге шиеліліктер 

15 млн. теңгенің өнімін алып барды.

2008  жыл.  Шиелі  кентіндегі 10 

ипотекалық  үй  пайдаланылуға 

берілді.

2009 жыл. «Нұр Отан» партиясы 

Шиелі аудандық филиалының жаңа 

ғимараты бой көтерді.

2 0 1 0   ж ы л.   Ш и е л і   ж е р і н д е 

аса  көрнекті  саяси  ірі  тұлға,  түркі 

халықтарының  көсемі  жерлесіміз 

М.Шоқайдың  және  Қазақстанның 

халық  ақыны,  әнші,  композитор, 

Н.Бекежановтың 120 жылдық  ме-

рейтойлары өткізілді.

2011  жыл.  Мүгедек  балаларға 

арналған 50 орындық  «Мейірім» 

оңалту орталығы ашылды.

2012 жыл. Ауданымызда «Әнге 

айналған Шиелі» атты сазгерлердің 

руспубликалық  байқауы  өткізілді. 

Нәтижесінде Шиелі туралы әндердің 

қатары елуге жуықтады.

2013  жыл.  Шиелі  аудандық 

«Өскен өңір» газеті облыс бойынша 

үздік аудандық газет атанды.

2014 жыл. Көкшоқыда әкімшілік 

ғ и м а р а т   с а л ы н ы п ,   б і р қ а т а р 

мемлекеттік мекемелерге берілді.

2015  жыл.  Сырдария  өзенінен 

Шиелі  ауданына  арналып  үрмелі 

тоспа салынды. Осы жылы Шиелі 

кентінің  орталығына  табиғи  газ 

берілді.


2016 жыл. Ы.Жақаев музейінің 

жаңа ғимараты бой көтерді. Сондай-

ақ, «Ардагерлер үйі» мен «Құрметті 

азаматтар» аллеясы соғылды.



Шиелі ауданының көлемінде 

бұдан да бөлек қаншама жаңалық 

б о л ы п   ж а т ы р .   Б ұ л   т і з і м г е 

ашылған балабақшалар мен қайта 

соғылған мектептерді, денсаулық 

сақтау  ұйымдарының  нысан-

дарын  және  спорттық  алаңдар 

мен мешіттерді енгізген жоқпыз. 

Шиеліде  кәсіпкерлік  бағыттағы 

да  түрлі  ғимараттардың  бой 

көтергенін көпшілік қауым жақсы 

біледі.  Тіпті,  биылғы  жылдың 

өзінде  Шиелі  кентінде 111 жеке 

үй салынса, ауылдық округтер-

де салынған үйлердің саны 90-ға 

жетіп отыр.  

Азиз БАТЫРБЕКОВ.

Егемен дігі мізді еншілеп, тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл 

толып отыр. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз саяси әлеуеті 

тұрақты, экономикалық тұрғыдан күн санап қарыштап дамып 

келе жатқан, әлем мойындаған елге айналды. Ширек ғасыр 

ішінде Шиелі ауданында да тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жо-

лында көптеген жұмыстар атқарылды. Бүгін тәуелсіздік жыл-

намасы арқылы Шиелі ауданының 25 жылдағы жетістіктерін 

назарларыңызға ұсынамыз.

Кездесуге  Шиелі ауданының әкімі 

Қайратбек  Сәрсенбаев  қатысып, 

«Марсель Group» компаниясының   

басшысы,  әлеуметтік  серіктес, 

Шиелі  ауданының  «Құрметті  аза-

маты»  Махмуд  Ыбырайханұлын 

алда  келе  жатқан ел тәуелсіздігінің  

25  жылдығымен  құттықтай  оты-

рып,  еңбегіне орасан зор табыстар 

мен    қуаныш  әкелуіне  тілектестігін  

білдірді.  Сонымен  қатар,  Шиелі 

индустриалды-аграрлық колледжінің 

аудан  және  облыс  бойынша  түрлі 

іс-шараларға  қатысып,  жүлделі 

орындарды  жеңіп  және  өңірде 

өндіріс  орындарының    ашылуы-

на  қарай  жұмысшы  мамандары-

на сұраныс болатындығын сөз етті. 

Әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп 

жаңа  мамандықтар  алуға    жұмыс 

жасалатындығын  айтты.

Әлеуметтік  серіктестік  арқылы 

«Марсель Group» компаниясының  

басшылығы колледжге көмек беріп 

келеді. Оқу орны мен әлеуметтік се-

ріктестік арасындағы  байланыстың 

нәтижесінде колледжіміздің   мате-

риалдық-техникалық  базасын  жақ-

сартуға 21 миллион теңге  көлемінде  

демеушілік  көрсетті.  Осы  орайда, 

колледжімізге 2906,2 мың  теңгенің 

көлемінде жаңа үлгідегі интерактивті 

т а қ т а   ж ә не   к о м п ь ю т е р ле р м ен 

жабдықталған Ыбырайхан Нәлібаев 

атындағы  әдіс-темелік  кабинеті 

ашылып, 3000,0 мың  теңге  қаржы 

бөлініп,  спорт  және  акт  залының 

есік-терезелері толығымен ауысты-

рылды. Сондай-ақ, 508,0 мың теңгеге 

оқушылардың жаттығуы үшін 3 уни-

версалды спорт-жаттығу тренажер-

лары  алынса, 2000,0 мың  теңгеге 

оқу  корпусының  кіре  берісіндегі 2 

бөлме толығымен   жөнделді. Білім 

алушылардың  өндірістік тәжірибеден 

өтуіне, оқу-тәжірибе шаруашылығына 

және  өндіріс  кенішіне  қатынауына 

«Паз-676»  автобусын  сыйға  тарт-

ты. Компания басшысы әскери па-

триот клубының озаттарына, спорт-

тан жоғары жетістікке жеткен білім 

алушыларға өз атынан және Сағадат 

Нұрмағанбетов атындағы қор аты-

нан    шәкіртақы  тағайындады.  

Сондай-ақ,  айтулы    мерекелерде 

колледж оқытушылары мен ардагер 

ұстаздарына бала тәрбиесінде жет-

кен  жетістіктері  үшін  қолдау  жаса-

лып, сый-құрмет көрсетіліп, демалыс 

орындарына  жолдамалар берілді.

Бүгінге  дейін  көптеген    мәселе-

лердің  оң  шешімі  табылуда.  Ел- 

басының 2007 жылғы  Жолдауын-

да тілдердің үш тұғырлығы  мәдени 

жобасы  аясында    кол-леджіміздің  

оқытушылары мен білім алушыла-

ры арасында  ағылшын тілін үйрену 

барысында    курстық    сабақтар  

жүргізілуде. Алайда,  ағылшын тілі 

кабинетіне  материалдық-техникалық 

базаның    жетіспеушілігіне    байла-

нысты      лингафон    құрылғыларын 

алып  беруді  өз    жоспарлары-

на    енгізуге      ұсыныс    жасалды. 

Әлеуметтік    әріптес    «Марсель 

Group» компанияның  басшысы Мах-

муд Нәлібаев бұл ұсыныстың алдағы 

уақыттың  еншісінде  орындалатыны-

на  уәде  етті.



Б.ҚҰЛАХМЕТОВА,

Шиелі индустриалды 

аграрлық

 колледжінің оқытушысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет