Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


  Мембраналық  потенциал  (МП)  пайда  болуының  физико-химиялық



Pdf көрінісі
бет25/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   140
3.1.  Мембраналық  потенциал  (МП)  пайда  болуының  физико-химиялық 
механизмдері. 
      Мембраналық потенциал (немесе тыныштық потенциал) дегеніміз – 
салыстырмалы физиологиялық тыныштық жағдайдағы мембрананың ішкі 
және сыртқы беттері арасындағы потенциалдар айырмашылығы.  
      МП екі түрлі себептер нәтижесінде байқалады: 
1)  мембрананың  екі  жақ  бетіндегі  иондар  таралуының  бірдей  болмауы. 
Жасуша  ішінде,  сыртымен  салыстырғанда,  К

иондары  көп  болады.  Ал  Na

мен CI

иондары жасуша сыртында, ішіне қарағанда, көп болады. Иондардың 
мұндай таралуын иондық теңсіздік (асимметрия) деп атайды; 
2)  иондар  үшін  мембрананың  таңдамалы  өткізгіштігі.  Тыныштық  жағдайда 
әртүрлі  иондар  үшін  мембрананың  өткізгіштігі  бірдей  болмайды.  Жасуша 
мембранасы  К
+
  иондарын  жақсы  өткізеді,  Na
+
  иондарын  аздап  өткізеді,  ал 
органикалық заттарды тіпті өткізбейді.  
      Осы  екі  себептің  есебінде  иондар  қозғалысына  жағдай  жасалады.  Бұл 
қозғалыс  иондар  концентрациясының  айырмашылығы  нәтижесінде, 
ешқандай энергия жұмсамай, селқос тасымал – диффузия арқылы жүреді.  
      К
+
  иондары  жасушадан  шығып,  мембрананың  сыртқы  бетіндегі  оң 
зарядтарды көбейтеді, ал CI
-
 иондары жасушалар ішіне қарай селқос тасымал 
арқылы  кіреді, осының салдарынан мембрана сыртындағы оң зарядтар одан 
сайын  көбейеді.  Мембрана  бетіндегі  оң  зарядтардың  көбеюіне,  оның 
сыртында  жинақталған  Na
+
  иондары  да  үлесін  қосады.  Ал  органикалық 
қосындылар жасуша ішінде болады.  
      Сонымен  мембраналық-иондық  теория  (Ю.  Бернштейн,1902;  А.  Хаксли, 
А. Ходжкин, Б. Кац, 1940-1952) бойынша МП пайда болуы протоплазма мен 
жасушааралық  сүйықтықтағы  иондық  өлшемдестікке  байланысты.Осы 
себепті мембрананың екі беті (ішкі, сыртқы) әртүрлі: сыртқы беті «оң», ішкі 
беті  «теріс»  зарядты  болады.  Жасуша  мембранасының  мұндай  жағдайы  – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет