Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
5.2. Бұлшықеттің жиырылу және босаңсу механизмі. Көлденең
жолақты бұлшықеттің жиырылу және босаңсу механизмдерін білу үшін
алдымен оның молекулярлық физиологиясына, яғни ет талшықтарының
құрылымдық және әрекеттік ерекшелігіне тоқталу қажет.
Әрбір ет талшығы бірнеше 100-ден 1000-ға дейін жиырылтқыш
элементтері – миофибрилладан тұрады. Еттің жиырылуына келтіретін әрбір
миофибрилла құрамында 1500 миозин және 3000 актин миофиламенттері
(жіпшелері) болады. Оның ішінде жуан жіпшелер – миозин, ал жіңішкелері -