Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
Тиреокальцитонин – қалқанша бездің фолликулаларының айналасында
орналасқан жасушаларда түзіледі. Бұл гормон кальций мен фосфаттардың
алмасуына қатысады, оның әсерінен қандағы кальций мен фосфаттың деңгейі
төмендейді. Тиреокальцитонин сүйек тіндерінен Са
2+
иондарының шығуын
тежеп, оның сүйекте шөгінді түрінде қалуын ұлғайтады. Ол сүйек тіндерін
бұзатын остеокластардың қызметіне тосқауыл болады да, керісінше, сүйек
тіндерінің пайда болуына қатысатын остеобласттарды белсендіреді.
Қандағы Са
2+
иондары мен фосфат мөлшерінің азаюы, бұл гормонның
бұйрек түтікшелеріндегі осы заттардың қайта сіңуін төмендету әсерінен
болады. Мұндай жағдайда несеппен бірге бұл заттар сыртқа көп
шығарылады.
Тиреокальцитонин
жасуша
мембранасындағы
Са
2+
-тартқышының
белсендігін күшейтіп, кальций иондарының жасушадан шығуына келтіреді.
Сонымен қатар бұл гормон митохондрийдің Са
2+
иондарын сіңіру қабілетін
күшейтеді.
Қорыта келгенде, тиреокальцитонин организмді Са
2+
иондарының аса көп
болуынан қорғайды және оның сүйекте сақталуына ықпал жасайды.
Тиреокальцитонин сөлінісінің реттелуі қандағы Са
2+
иондарының
мөлшеріне
бағынышты:
кальцийдің
қандағы
шамасы
өскенде
(гиперкальциемия), гормонның да мөлшері ұлғаяды, яғни қандағы Са
2+
-дің
концентрациясы белгілі бір деңгейде сақталады. Тиреокальцитониннің
сөлінісін күшейтетін биологиялық белсенді заттар бар – гастрин, глюкагон,
холецистокинин.