Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет84/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   140
Жасушалық  қабылдағыштар  –  гормонмен  арнайы  (өзіне  тән)  кешен 
құрайтын 
жасуша 
мембранасының 
ерекше 
учаскелері. 
Бұл 
қабылдағыштардың мынандай белгілі бір қасиеттері бар: 
      1) белгілі бір гормон түріне аса жақындығы (сезгіштігі); 
      2) талғамдылығы (избирательность); 
      3) гормонға шектелген сиымдылығы; 
      4) тіндердегі өзіне тән орналасымы (локализация). 


      Бұл 
қасиеттер  гормондардың 
жасушаға  санды  және  сапалы 
талғамдылықпен  бекітілуін  сипаттайды.    Гормондар  қосындыларының 
қабылдағышпен  байланысы  жасуша  ішіндегі  медиатордың  түзілуі  мен 
босауын іске қосатын  механизмі болып саналады. 
       Гормондардың  нысана-жасушаға  әсер  ету    механизмі  мынадай  кезеңдер 
бойынша өтеді: 
     1)   мембрананың бетінде «гормон-рецептор» кешенінің пайда болуы; 
     2) мембраналық аденилциклазаны белсендіру; 
     3) мембрананың ішкі бетінде АҮФ-тан цАМФ-тың пайда болуы; 
     4) «цАМФ-рецептор» кешенінің пайда болуы; 
      5) ақуызды, ядродағы РНК синтезін жеделдететін, гликогенді ыдырататын 
          ферменттік жүйелерді (протеинкиназа сияқты) белсендіру; 
     6) гормон, цАМФ және қабылдағыш белсенділіктерінің жойылуы  
          (инактивация). 
      Гормондардың  әсері  күрделі  жолмен    жүйке  жүйесінің  қатысуымен  де 
болуы 
мүмкін. 
Мұнда 
гормондарға 
арнайы 
сезімталдығы 
бар 
интерорецепторлармен (қан тамырларындағы хеморецепторлар) әрекеттеседі. 
Бұл  жүйке  орталықтарының    әрекеттік  жағдайын  өзгертетін  рефлекстер 
тудырады,  ал  олардың  рефлекстік  доғалары  ОЖЖ-нің  әртүрлі  бөлімдерінде 
тұйықталады. 
      Организмге гормондар әсерінің төрт түрі болады: 
1) метаболизмдік – зат алмасуға әсері; 
2) морфогенетикалық – жасушалар мен тіндердің пайда болуына, дамуына,  
    нақтылануына және көлемі мен пішін өзгерістеріне әсері; 
3) кинетикалық – қызмет атқарушы ағзалардың (эффекторлардың)  
    белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежелуге әсері; 
4) түзетуші (коррекциялық) – тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын 
    өзгерту әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, бәсеңдету сияқты). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет