Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет93/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

      Тиреокальцитонин  –  қалқанша  бездің  фолликулаларының  айналасында 
орналасқан  жасушаларда  түзіледі.  Бұл  гормон  кальций  мен  фосфаттардың 
алмасуына қатысады, оның әсерінен қандағы кальций мен фосфаттың деңгейі 
төмендейді.  Тиреокальцитонин  сүйек  тіндерінен  Са
2+
  иондарының  шығуын 
тежеп,  оның  сүйекте  шөгінді  түрінде  қалуын  ұлғайтады.  Ол  сүйек  тіндерін 
бұзатын  остеокластардың  қызметіне  тосқауыл  болады  да,  керісінше,  сүйек 
тіндерінің пайда болуына қатысатын остеобласттарды белсендіреді.  
      Қандағы  Са
2+ 
иондары  мен  фосфат  мөлшерінің  азаюы,  бұл  гормонның 
бұйрек  түтікшелеріндегі  осы  заттардың    қайта  сіңуін  төмендету  әсерінен 
болады.  Мұндай  жағдайда  несеппен  бірге  бұл  заттар  сыртқа  көп 
шығарылады.  
      Тиреокальцитонин 
жасуша 
мембранасындағы 
Са
2+
-тартқышының 
белсендігін  күшейтіп,  кальций  иондарының  жасушадан  шығуына  келтіреді. 
Сонымен  қатар  бұл  гормон  митохондрийдің  Са
2+
  иондарын  сіңіру  қабілетін 
күшейтеді.  
       Қорыта келгенде, тиреокальцитонин организмді Са
2+
иондарының аса көп 
болуынан қорғайды және оның сүйекте сақталуына ықпал жасайды. 
      Тиреокальцитонин  сөлінісінің  реттелуі  қандағы  Са
2+
  иондарының 
мөлшеріне 
бағынышты: 
кальцийдің 
қандағы 
шамасы 
өскенде 
(гиперкальциемия),  гормонның  да  мөлшері  ұлғаяды,  яғни  қандағы  Са
2+
-дің 
концентрациясы  белгілі  бір  деңгейде  сақталады.  Тиреокальцитониннің 
сөлінісін  күшейтетін  биологиялық  белсенді  заттар  бар  –  гастрин,  глюкагон, 
холецистокинин. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет