Республики казахстан



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі0,5 Mb.
#8740

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 

 РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

 

 

 

 

 

БҚМУ ХАБАРШЫСЫ 

 

 

Жылына 4 рет шығады 

 

 

№ 4 (64) - 2016 

 

 

ВЕСТНИК ЗКГУ 

Выходит 4 раза в год 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал-Уральск 

 

 

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН 

МЕМЛЕКЕТТІК 

УНИВЕРСИТЕТІ 

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ 

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ  

УНИВЕРСИТЕТ  

им. М. УТЕМИСОВА 

ӘОЖ 81’42:821.512.122 

  Қоңыратбаева Ж.М. – филология ғылымдарының кандидаты

профессор м.а.,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

Е-mail: zhanarkon@mail.ru 

 

ШӘКӘРІМНІҢ ПАССИОНАРЛЫҚ МҰРАТЫ 



 

Аңдатпа.  Кез  келген  сала  адамы  пассионар  тұлға  дәрежесіне  жете  алатыны  анық.  Әсіресе, 

қоғамды,  туған  жұртын  белсенді,  зиялы,  пассионарлы  болуға  жетелейтін  шығармашыл  жандардың 

іздегені күнделікті күйбең тірліктен жоғары тұратын мүдде-мұрат болары әбден хақ.  

Бұл тұрғыдан қарастырғанда, дана Шәкәрімнің жүріп өткен ғұмырлық жолы – қазақ болашағының 

іргетасын  қалауға  атсалысқан  үлгі-бағдар  болғаны  анық.  Яғни,  адам–қоғам–дін  тақырыптарын  өз 

шығармашылығының  ең  басты  өзегі  етіп  алып,  қоғамның  келелі  мәселелерін  алға  тартқан  Шәкәрім 

Құдайбердіұлын пассионар тұлға деуге толық негіз бар.  

Бұл ізденісімізде біз философ ақын Шәкәрімнің осы бір пассионарлық сипатын оның тілдік тұлғасы 

арқылы ашуды мұрсат тұтамыз.  

Тірек  сөздер:  Пассионарлық  теориясы,  этнолингвистика,  көркем  дискурс,  тілдік  тұлға,  әлемнің 

тілдік бейнесі, қазақ этномәдени танымы.  

 

Пассионарлық  теориясы  –  еуразияшыл  ғалым  Л.Н.  Гумилевтың  этногенез  туралы  зерттеулерінде 

ғылыми  тұрғыдан  байыпталған  тұжырым.  Латын  тілінен  аударғанда  «passio»  таңбасы  «құмарлық», 

«әуесқойлық»  «ынтықтық»  деген  мағынаны  білдіреді.  Қоғамның  пассионарлығы  ондағы  пассионар 

тұлғалардың  үлес  салмағымен  өлшенеді.  Л.Н.  Гумилев  пассионар  тұлғаларды  қоршаған  ортаны  өзгертуге 

қажетті  күш-қуаты  бар  адамдар  деп  атаған.  Пассионарлық  теориясында  Л.Н.  Гумилев  адамдарды  мінез-

құлқына қарай үлкен үш топқа бөледі: 1. Үйлесімділіктегі адамдар, олар – көп. Бұл топтағы адамдар қуатпен 

жеткілікті  қамтамасыз  етілген,  яғни  өздерінің  қарапайым  қажеттіліктерін  өтеуге  жететіндей  қуат  олардың 

бойында толық бар. Олар өмір сүру үшін қызмет етеді. Басқа талап-тілектері жоқ. 2. Пассионар адамдар – 

олардың  бойындағы  қуат  күші  мөлшерден  артық.  Пассионар  адамдар  (құштар  жандар)  өздерінің  мақсат-

мұратын  жүзеге  асыру  үшін  өмір  сүреді.  Мақсат-мұратын  өмірінен  де  жоғары  қояды,  мақсатының  мәні 

өмірінен қымбат болып есептеледі. 3. Субпассионар адамдар  – құштарлығы бәсең адамдар, олардың қуаты 

кәдімгі  қарапайым  тірліктегі  қажеттілігін  де  өтей  алмайтын  деңгейде  болады.  Бұл  топтағы  адамдар  ешбір 

әрекет жасағысы келмейді және басқа адамдар есебінен күн көруге бейімделеді [1, 271-272 бб.].  

Л.Н.  Гумилев  теориясында  пассионар  адамдардың  қатарына  мінез-құлық  сипатына  қарай  өмірі  мен 

өнегесін  ұлтына,  халқына,  еліне  арнаған  тұлғалар  жатқызылады.  Пассионар  тұлғалардың  бойында  өмірді 

өзгертуге  деген,  іс-әрекет  жасауға  деген  құштарлық  ерекше  болады.  Ондай  тұлғалар  діттеген  мүдде 

жолында өздерін, тіпті құрбандыққа шалулары да мүмкін. Ол қасиет олардың бала күнінен-ақ көрініп тұруы 

мүмкін  екен.  Л.Н.  Гумилев  пассионар  тұлғалар  қатарына  Жанна  Д.Аркты,  Александр  Македонскийді,  На-

полеон  Бонапартты  жатқызады.  Бұл  қатарды  түркі  дүниесінің  пассионар  тұлғалары  –  Абай,  Шәкәрім, 

Ататүрік,  Т.Рысқұлов,  А.Байтұрсынұлы  сынды  ірі  тұлғалары  толықтыра  түсері  сөзсіз.  Мәселен,  түркі 

интеграциясын  бастаған  Т.Рысқұлов  пен  М.К.  Ататүріктің  идеялары  адамзат  баласын  біріктіруді, 

толеранттылықты  көздейтіні  белгілі.  Немесе  қазақ  ұлтының  ұлы  перзенті  Абай  «адамзаттың  бәрін  сүй 

бауырым  деп»  идеясын  ұсына  отырып,  бүкіл  адам  баласын  (оның  ішінде,  әрине,  түркі  жұртын)  бірлікке 

шақырады.  «Сөзі  жоғалған  ұлттың  өзі  де  жоғалады»  деп,  ұлтын  ашық  қорғанысқа  шақырған 

А.Байтұрсынұлы  қазақ  білімінің  реформаторы  атануы  тегін  емес.  Бұл  қасиеттер  олардың  қанмен  біткен 

пассионарлығында жатса керек.  

Қоғамның,  уақыттың,  туған  жұртының  белсенді,  зиялы,  пассионарлы  болуына  жетелейтін 

шығармашылық тұлғалардың күнделікті  күйбең тірліктен жоғары  тұратын мүдде-мұрат болары  әбден хақ. 

Бұл тұрғыдан қарастырғанда, дана Шәкәрімнің жүріп өткен ғұмырлық жолы – қазақ болашағының іргетасын 

қалауға атсалысқан үлгі-бағдар болғаны анық.   

Шәкәрім «Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек, -  

Бұл  төртеуін  кім  қылса,  шын  адам  сол»  -  дейді  [2,  10  б.].  Ұлт  ойшылы  Шәкәрімнің  шын  адам 

болмысын  танытқан  пәлсапа  танымы  өмірді  ар  тұтқан  әр  адамзат  баласының  өлшем-белгісі  болса  керек. 

Ғұмырлық қағидатында аталмыш төрттіктің үдесінен бірдей шығатындар да, не бірін кем, бірін артық ұстар 

жандардың да қатар кездесетіндігі ақиқат. Өмір философиясында «бұл төртеуін қатар қылушылар» қоғамды 

алға сүйреп (қанағат-ынсапқа шақырып, жадыға адал еңбек етуді тоқытып), ұлтының пассионарлы болуына 

ықпал  ететіні  тағы  ақиқат.  Шәкәрім  дана  өз  ісінің  қай-қайсысында  да  көшбасшылық  қырынан  танылып, 

«қоғамның үлкен интеллектуалдық күшін өзімен бірге» (А. Сейдімбек) ертіп, қазақ елінің пассионарлы ұлт 

деңгейіне көтерілу жолын бағдарлап берді деуге болады. Әйгілі ғалым Л.Н. Гумилев ілімінде дәлелденген 

«пассионарлық»  теориясы  –  адамдарды  шабыт  тұғырына  қондыратын  қуат»,  ал  «пассионар  адамдар  өзін 

белгілі бір мақсатқа жұмсайды, тіпті бар ғұмырын соған арнауы да мүмкін» [1, 276 б.]. 

Адам-қоғам-дін  тақырыптарын  өз  шығармашылығының  ең  басты  өзегі  етіп  алып,  қоғамдық  келелі 

мәселелерді  алға  тартқан  Шәкәрім  Құдайбердіұлын  пассионар  тұлға  деуге  толық  негіз  бар.  Себебі  ойшыл 

ақын  тек  заманына  ғана  үн  қосып  қойған  жоқ,  қазақтың  болашағының  қандай  болуы  керектігін  де  танып 


берді.  Ақын  сөзінің  мақсаты  қоғамды  жөндеп,  адамдарды  имандылыққа,  сабырлылыққа,  шүкіршілікке 

шақыру,  Жаратқанды  тану  болды.  Сол  арқылы  пассионарлы  қазақ  қоғамына  бет  түзеуге  ұлтты  бұрғысы 

келді.  

Шәкәрім Құдайбердіұлының пассионар тұлға дәрежесін танытатын белгілер деп мыналарды талдап-

түстеуге болады:  

Біріншіден,  Шәкәрім  –  терең  ой,  парасат  иесі  және  сол  ойын,  парасатын  халқының  қамына 

жұмсаушы.  Шәкәрімнің  кез  келген  шығармасы  философиялық  ойға  құрылған  деуге  болады.  Ақын  тілінде 

парасаттылықтың,  адамшылықтың,  сабырлылықтың,  көнбістіктің  өлшемдері  жан-жақты  сарапқа  түсіп 

отырады. Философияда парасаттылық деп ақыл мен сабырдың түйісуін айтады. Шәкәрім: «Ақылды жанның 

мүлкі  –  әлем»,  -  деп  тамаша  ой  қалдырған.  Яғни,  әлем  –  ақылды  жанның  мүлкі.  Дүниенің  құбылмалы 

қалтарыс, бұлтарыстарында жойылып кетпей, оны мүлікке айналдыру үшін, ең бірінші парасаттылық қажет. 

Тек парасатты жанның ғана әлемді өзінің мүлкіне айналдыра алатын қуаты болады. Данышпан Шәкәрім өз 

философиясында әлемді осылай түсіндіреді.  

Әлемнің  философиялық  бейнесі  көп  қырлы,  онда  дүниелік  мәселелер  танымдық,  онтологиялық, 

аксиологиялық және әрекеттік қырларынан ашылады. Дегенмен айнала қоршаған дүниені тануда аталмыш 

бағыттардың  барлығы  да  «әлем-адам»  қарым-қатынасын  зерттеуге  қызмет  етеді»  [3,  69  б.].  Яғни,  әлемнің 

философиялық  бейнесі  атты  көп  қырлы  кешенде  қоғам  мен  адамның  өзара  әрекеттестігі,  адамның  дүниеге  деген 

көзқарасы, өмір сүруші субъект тұрмысының мәні сынды мәселелер сипатталады. Сондықтан та «адам философия үшін 

тек өмір сүруші жаратылыс қана емес, ол бар әлем мен өзін де өзгерте алатын субъект болып табылады» [4]. 

 

Философия  ғылымы  қашан  да  адамның  рухани  өмірі  мен  адами  құндылықтарды  біріктіруші  жүйе 



болып  танылады.  Бізді  қызықтыратыны  –  адамзат  қоғамының  рухани  және  тұрмыстық  өркендеуіндегі 

«төзімділік»  концептісінің  сипаты.  Бұл  тұрғыдан  келгенде,  әлемнің  философиялық  бейнесін  қазақ 

поэтикасында талдап, танытушы ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығының рөлі зор. Біз 

әлемнің  философиялық  бейнесін  Шәкәрім  дискурсында  қолданыс  тапқан  «төзімділік»  концептісін 

қарастыру арқылы баяндаймыз.  

    «Төзімділік», яғни «толеранттылық» ұғымдары кейінгі жылдары біздің сөздік қорымызда жиі орын 

алып жүргені белгілі. Қазақ әдеби тіл өрісіндегі оның лексикалық түсініктеріне келер болсақ, «төзімділік» 

концептісінің  мынадай  когнитивтік  модельдерін  топтастыруға  болады:  шыдамдылық,  ымыраластық, 

сабырлылық,  байсалдылық,  ұстамдылық,  тағаттылық,  көнбістік,  сыпайылық,  салмақтылық,  көнтерілік, 

имандылық, түсіністік, қанағатшылдық.  

Шәкәрім  поэтикасында  «төзімділік»  концептісінің  ерекше  когнитивтік  моделі  «сабырлылық»  болып 

табылады.  «Сабырлылық»  семасының  ақын  тілінде  көрініс  табуы  шексіз.  Ұлы  ойшыл  қай  істе  болса  да, 

сабырлылық сақтаудың маңызды құрал екендігін еске жиі салып отырады. Мәселен,  

Еңбекке шыда ебін тап та, 

Сабырдың  түбі  –  сары  алтын  [2, 34 б.].  (Абайда:  Сап, сап,  көңілім, сап, көңілім,  Сабыр  түбі  –  сары 

алтын).  

 

Немесе 


Дұрыс деме құры ойлап, 

Ақылға сынат, сабыр қыл. 

Жығылмайтын дәлел тап, 

Бірезу болма өзімшіл [2, 92 б.]. «Тағаттылықтың арты жақсылық, ойлылықтың арты түзу жол» деген 

ойды  ашуда  ақын  әр  істе  «ебін  тауып»,  «ақылға  сынатып»  отыру  қажеттігін,  сонда  ғана  «бірезу  өзімшіл 

болмайтындығымызды» еске салады.  

Ал енді бірде еріншектің жауы сабыр екендігін де ойға оралтады.    

«Мен емес пе сабырың, 

Жаныңа тыныш тамырың, 

Асықпа - деп алдайды,- 

Қазулы  ма  –  деп  –  қабырың?  [2,  53  б.].  «Еріншек»  атты  бұл  өлең  үзіндісіндегі  басты  ой  –  «сабырлылық 

танытамын деп, еріншектіктің қақпанына түспеу керек» деген астар.   

Қазақ  тілінде  «төзімділік»  концептісін  түсіндіретін  өрістердің  қатарында  «қанағатшылдық» 

семантикалық  бірлігінің  рөлі  жоғары  екені  анық.  Яғни,  тіліміздегі  «толеранттылық»  концептісін  танып, 

танытуда  «қанағатшылдық»  макросемасының  қатыстылығын  байқауға  болады.  Бұл,  бір  жағынан,  қазақ 

ұлтының  дүниетанымдық  көзқарасы  мен  өмір  сүру  діліне,  мәдениетіне  байланысты  дүние  болар  деп 

ойлаймыз.  Логикалық  тұрғыдан  алсақ  та,  адам  төзімділікке,  сабырлылыққа  жету  үшін,  төзім,  шыдам 

категорияларын  ұстап  тұру  үшін,  ең  алдымен,  қанағатшыл  болуы  тиіс.  Адамзат  баласы  бір-біріне, 

айналасына, яғни кез келген жағдайда қанағатшыл бола білсе, оның соғұрлым төзімді, шыдамды, сабырлы 

мінез-құлқының қалыптасып тұрақтана түсері сөзсіз. Жалпы, қанағат, шүкіршілік, тәуба дегендер – сопылық 

дүниетанымнан  ұлттық  ділге  айналған  көрсеткіш  болып  табылады.  Қанағат  дегенді  халқымыз  мақалға  да 

айналдырып  жіберген:  «Қанағат  қарын  тойғызады,  қанағатсыздық  кедейдің  жалғыз  атын  сойғызады» 

секілді.  «Қанағаттан»  басқа  «шүкіршілік»  бар.  Бұл  сынды  категориялар  –  адамның  мүмкіндігін  шектеп, 

бағалап,  мөлшерлеудің  өлшемдері.  Бұл  ойымызды  Шәкәрім  философиясын  зерттеген  философ  ғалым 

Ғ.Есімнің  «Данышпан Шәкәрім» атты еңбегіндегі талдаулар арқылы  дәйектей түсуге болады. Шәкәрім бір 


өлеңінде былай дейді: 

 



Қабағыңды аш, қайғырма, 

Берілгенге разы бол. 

Анық ойдан айрылма, 

Ашылған жоқ еркін жол. 

Осы өлең үзіндісін Ғ. Есім герменевтикалық тұрғыдан зерттей келе: «Барға разы болу – халқымыздың 

санасында  бар  сабырлылық...  Мұнда  Шәкәрімнің  айтып  отырғаны  тіршіліктің  қалыпты  жағдайы,  бұдан 

адамның бойына енетін дәрменсіздік өсіп-өнуі мүмкін бе, әлде адамзат өзінің тағдырына көніп, сол санадан 

қуат  алып,  өмір  сүруі  керек  деген  түйін  бе?  Сірә,  бізге  соңғысы  қажет  демекпін»  [5,  76  б.],  -  деп, 

қанағатшылдық  қазақ  ұлтының  бойындағы  этномәдени  сабырлылық  екендігін  көрсетеді.  Жастарға  шын 

адам болудың жолын нұсқай келіп, ақын «Жастарға» атты өлеңінде былай дейді:  

Наданға өлсек-тағы бағынбалық! 

Өтірік, өсекке еріп сабылмалық! 

Рахым жоқ, қанағат жоқ, арсыз болып, 

Жас бойға жаман атақ тағынбалық! [2, 75 б.]. 

Әлемнің философиялық бейнесіндегі имандылық – төзімділіктің, сабырлылықтың деңгейін танытушы 

құбылыс. Себебі адам иманды болуы үшін онда төзімге, шыдамға беріктік керек. Шәкәрім философиясында: 

«Қиянатың бар болса, иманың жоқ, Маған десе, мың жылдай қыл ғибадат» - деп, біреуге не болмаса бір іске 

«төзімділік  танытпай,  қиянатқа  ұрынсаң  сенен  иманның  қашқаны»  дейді.  Абайда:  «Иман  сақтауға  – 

қорықпас  жүрек,  айнымас  көңіл,  босамас  буын  керек»  -  делінген.  Мұнда  Абайдың  «босамас  буын  керек»  

деп отырғаны – нағыз шыдамдылықтың беріктілігін көздеуі.  

  Шәкәрім  философиясында  толеранттылық  түсінігін  сипаттайтын  семантикалық  өрістер  «жеті  ру» 

деген  метафоралы  ойында  қамтылған.  Ақынның  «жеті  ру»  деп  отырғаны  –  «мейірім»,  «ынсап»,  «әділет», 

«шыдам», «шыншыл», «қарекет», «ақ ниет» деген құбылыстар:  

  «Мейiрiм», «Ынсап», «Әдiлет», 

  «Шыдам», «Шыншыл», «Харакет», 

   Түп қазығы: «Ақ ниет» – 

   Бұл жетеуiн ел қылу [2, 237 б.].   

Шәкәрім  осылардың  басын  біріктіріп,  ел  қылу  керектігін  айтады.  Яғни,  философ  ақын  ел  болудың 

негізгі  белгілерінде  мейірім,  ынсап,  шыдам  секілді  төзімділік  қасиетінің  орны  аса  маңызды  болғаны  деп 

санаған. Аталған түсінікті Шәкәрім былай жырлайды: «Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек  – осы төртеуі 

кімнің бойында болса – сол шын адам болады;  Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос – 

өміріңде  өкіндірмес  қасиеттер  осылар;  Ынсап,  рахым,  ар,  ұят,  сабыр,  сақтық  –  әуес  болар  алты  шарт; 

Адамның  ең  артығы  –  ерінбейтін,  еңбекшіл,  шыдамдысы;  Қолың  білсе  біреуге  жалынбайсың,  Шыдамды 

бол,  еріншек  болма,  жаным;  Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан, Анық төмен болмай ма хайуаннан. Ынсап, 

рахым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан». Бұл ұғымдарды меңгеру үшін ұғымдық мәдениет қажет. 

Бұндай қасиеттер қай адамда болса, сол адамды Шәкәрім «шын адам сол» деп тануға болады деген. Абайда: толық 

адам. Абай толық адам болу үшiн адамға сабырлы ақыл, қажырлы қайрат, ыстық жүрек қажет дейді. Оның бiреуі кем 

болса, толық адам деп есептемейді.

 

Қанағат, рахым, мейiрiм, ынсап қасиеттерін ұстану – Шәкәрім философиясындағы 



шын адамның адами қағидаларының негізі.  

Тілде «толеранттылық» түсінігін сипаттаушы «көну», «көндігу» лексикалық бірліктері «жағымды» әрі 

«жағымсыз» оппозицияларын туғызатыны байқалады. Біріншіден, бұл бір түбірлі етістік шыдау, төзу, сабыр 

сақтау,  инабат  сақтау,  ұстамдылық  таныту  секілді  жағымды  мән  туғызуда  жұмсалса,  екіншіден, 

мойынсұнуды,  ынжықтықты,  ездікті,  айдауға    түсуді    көрсетеді.  «Көну»,  «көнбістік»  мағыналарының 

бірінші  тобы  тілдегі  фразеологизмдер  жүйесінде  көбірек  көрініс  тапқан.  Яғни  шыдау,  төзу,  сабыр  сақтау, 

ұстамдылық  таныту  түсініктері  фразеологиялық  бірліктерде  жиі    қолданыс  тапқан  да,  ал  жағымсыз  мән 

туғызушы  екінші  мағынасы  белгілі  бір  жағдайға  (ситуацияға)  қатысты  белгілі  бір  орында  ғана  жұмсалады. 

«Төзімділік»  концептісіне  шыдау,  төзу,  сабыр  сақтау,  инабат  сақтау,  ұстамдылық  таныту  мағыналары  жуысып, 

толеранттылық жүйенің негізгі бөлшегі болатын секілді. Бұл ой Абайда былай беріледі:  

Кәрі, жас дәурені өзге, тату емес,  

Епке көнер ет жүрек сату емес.  

Философиялық  түсінікте  «көну»  сөзінің  екінші  жағымсыз  мағынасы  көп  сипатталады.  Мәселен, 

Шәкәрім:  «Өлсем де ойын  бөлемін, сөзбен салып азапты»,  -  дейді. Мұнда ақын  халқының сыншыл болуы 

керектігін  айтады.  Халықтың  кез  келген  іске  көнгіштігін  Шәкәрім  ұнатпайды,  ол  өз  халқының  әр  нәрсеге 

талғампаздықпен  қарауын  қалайды.  Көнбістік  жөнінде  айтқан  өлеңдерінде  ақын  «ноқта»  сөзін  жиі 

қолданады.  Мысалы,  «ноқталы  ой»,  «ноқтадан  басын  ала  алмас»,  «ноқталатпай  ойымды  қылам  азат»  деп, 

көнгіштіктің,  көнбістіктің  жақсы  қасиет  еместігін  айтады.  Себебі  ноқталы  ойлы  адам  –  жетекке  жүргіш, 

көнгіш  адам.  Шәкәрімнің  ойынша,  еркі  жоқ  жаннан  не  қайыр!  Мұнда  Шәкәрім  философиясы  мынаны 

түйіндейді: өзің өмір сүр және басқалардың өмір сүруіне мүмкіндік бер. Өз өмір салтың болсын, нанымың 

болсын,  өз  дүниетанымыңды  жекелей  де,  көптің  алдында  да  білдір,  сонымен  бірге  басқалардың  да  дәл 

осыларға деген құқығын мойында, сонда бәрі де жақсы болады. Сондықтан «көну», «көнбістік» ұғымдарын 

«төзімділікке» қатысты сөз еткенде, оның екі жақты сипатын тану әбден қажет.  


Сонымен  қатар,  жоғарыда  келтірілген  «ноқта»  сөзінің  Шәкәрім  философиясында  жағымды 

қасиеттерді  танытуда  да  жұмсалғанын  байқауға  болады.  Ақын  былай  дейді:  «Орынсыз  ұмтылудан 

сақтайтын алты түрлі ноқта бар: олар – ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық. Ең әділі  – ынсап, өзгелердің 

тізгіні  сонда  болуға  тиіс».  Мұнда  «төзімділік»  концептісін  ашатын  ынсап,  рақым,  сабыр  ұғымдары  «алты 

ноқтаның» ішінде қарастырылады.   

Жалпы,  Шәкәрім  философиясында  «төзімділік»  концептісінің  қырларын  ашуда  «ноқта»,  «жүген» 

ұлттық  этномәдени  аталымдарының  салмағы  ерекше.  Төзімді,  сабырлы,  ынсапты  адам  болып  қалыптасуда  ақын 

аталмыш лексемаларға күш түсіре сипаттайды. Бұл жұмсалым, әсіресе, жастарға қаратыла жырланған өлең тілінде 

анық көрінеді:  

Арам ақыл үйрендік айла, амалдық, 

Қулық пен өтірікті сайлап алдық. 

Ынсап, рахым, ұяттан жүген ұстап, 

Өзіміз ең түбінде қайда бардық? [2, 58 б.].   

Ойшыл  ақын  «ынсап,  рахым,  ұятты  жүгендеп  тастап»,  адасып  жүргендерге  ең  түбінде  баратын 

жолдың бұлыңғыр екендігін ескертеді.      

Сонымен,  өзіне  «адам–әлем»  қарым-қатынасын  зерттеуді  міндеттейтін  әлемнің  философиялық 

бейнесі  ойшыл  ақын  Шәкәрім  дискурсының  басты  тақырыбы  болып  табылады.  Адам  және  әлем,  дүние  және 

қоғам  қатынастарын  жырлауда,  оларды  жақсылыққа  баулуда  ақын  «төзімділік»  концептісіне  көп  тоқталады.  Ақын 

тілінде төзімділіктің негізгі шарттары – шыдамдылық, сабырлылық, имандылық, рахым, ынсап, ар, қанағатшылдық 

бөлшектері арқылы танылады.  

Екіншіден, Шәкәрім ақын  – ғылым, білім насихатшысы. Бұл жолда қалам тартуда ақынға ұлы  Абай 

дискурсының прагматикасы ерекше ықпал етеді. Жастайынан Абай мектебінен өткен Шәкәрімнің бойында 

өз  бетімен  білім  өрісін  кеңейтуге  деген  құштарлық  оны  әлем  әдебиетін  оқып-білуге  жетеледі.  «Қоғамның 

игілігін еселеу, жеке адамды жетілдіру, ар, ақыл, намыс категориялары, халыққа қызмет ету ұғымы ақынның 

тақырып аясын айқындады. Бұл тұстағы Шәкәрімнің ақындық үнінде ұлы Абайдың халықты алға, жақсылыққа 

жетелеген ағартушылық бағытының ықпалы айқын сезіледі» [6, 124 б.].  

Сондықтан  да  Шәкәрім  білім,  ілім  жолына  түсуде  қазақ  жастарына  Абайдан  үйрену  керектігін, 

Абайдың соңынан ерудің қажеттігін баса айтады:   

Мынау Абай – бір ғалым жол шығарлық, 

Замандасы болмады сөзді ұғарлық. 

Амалы жоқ, айналды енді бізге, 

Күн туды етегіне жабысарлық («Жастарға») [7, 33 б.]. 

Немесе, келесі бір жолдарында мынадай ой қозғайды: 

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, 

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!.. 

Неде болса білімді ізденелік! 

Надандықпен біржола қастасалық («Жастарға») [7, 33 б.]. 

Ақын  пайымында  Абай  таза  білімнің,  білім  арқылы  қол  жеткізер  адамшылық  қасиеттің  таусылмас 

қазынасы іспеттес. Қоғамды түзеуші бар білімнің бастауы Абайда, Абай сөзінде жатқандығын ойшыл ақын 

өз  уақытында  дәл  жеткізеді.  Ондағы  мақсаты  –  өз  жұртын,  оның  ішінде,  әсіресе,  қазақ  жастарын  Абай 

арқылы  білмекке  жетелеу,  қоғамды  алға  тарту  еді.  Шәкәрім  сөзінің  және  бір  салмақты,  тұщымды  тұсы  – 

өлең  таза  жаттанды  ақыл  айтып,  ұйқас  құруға  арналмаған.  Керісінше,  мұнда  ақынның  дайын  сөз,  жалаң 

ақылдан  гөрі  жастармен  кеңесу,  ойын  ортаға  салу,  сол  арқылы  оларды  үйреніп-танымаққа  шақыру  ниеті 

анық  байқалады.  Жастарға  бұйрық,  талап  қоймайды,  керісінше,  олардың  тілектесі,  ниеттесі  екендігін 

танытқысы  келеді.  Ойшыл  ақынның  ол  ниетін  шығарлық,  ұғарлық,  жабысарлық,  баралық,  ізденелік, 

қастасалық деген көпше түрдегі етістіктің ұйқасты келуі де айқындай түскендей.     

Шәкәрім  адам-қоғам  қатынасының  пассионарлы  (өркениетті)  жолды  ұстануы  үшін  қанағатсыздық 

танытатын дүниеліктердің де болуы тиістігін ашып айтады. Ол қанағатсыздық:    

Ғылымға қанағатсыз болу керек, 

Бес  түгіл  разы  болмай  алтыға  да  [2,  86  б.],  -  деп  келеді.  Яғни,  ақын  өз  шығармашылығының  өзекті 

тақырыптары – адамды, қоғамды түзеу, Жаратқан Иені тану мәселелерінің шешілу тетіктерінің бірі ғылымға 

қанағатсыз  болуда  жатқандығын кесіп айтқан. Ақын дискурсындағы  «ғылым» сөзінің «оқу, білім» абстрактылы 

кең мағынада жұмсалғаны анық. Абайда бұл: ғылым бағу, ғылым табу.  

Л.Н.  Гумилев  пассионарлық  теориясында  пассионар  адамдардың  өз  мақсат  жолында  қандай  да  іске 

баруға дайын екендігін атап көрсеткен болатын. Олар қуатты күш иесі, тіпті талқандағыш келуі де мүмкін 

[1,  271  б.].  Ғалымның  осы  ғылыми  тұжырымы  Шәкәрімнің  көркем  ойында  өз  сипатын  табады.  Мәселен, 

«Сен ғылымға болсаң ынтық» деп басталатын өлеңінде ақын былай дейді: 

Дүниені түзетуші 

Һәм бұзушы – бір ғылым. 

Әрі залым, әрі ғалым, 

Ел түбіне сол жетер [7, 116 б.].   

Өлеңде айтылар ой нақты, ашық. Мұнда ақын халқына ғылымды игеру мен оны пайдаланудың мәнісі 

жөнінде  ескерту  жасайды.  Оның  екі  түрін  көрсетеді.  Егер  жөнімен  іске  асырсаң,  ғылым  қоғамды,  әлемді 


өзгертуші, жаңартушы күш бола алады, ал алған біліміңді өз орнымен жұмсамасаң, ол елдің, жұрттың дамуына, ілгері 

басуына кері әсерін тигізер деп ескертеді. Яғни, әр нәрсенің өз қалауы бар екендігін еске салады. 

Ұлы  ұстазы  Абай  сөзінен,  шығыс  (түркі),  батыс  ілім,  ғылымынан  сусындап  жетілген  Шәкәрім 

болмысы  тілдік  тұлға  тұғырына  көтерілді.  Өз  заманынан  оқ  бойы  озық  шапқан  білімгер  ақынның  тілдік 

тұлғасы Н.Ю. Карауловтың еңбегінде дәлелденген тілдік тұлға теориясының үш деңгейлік сатысына толық 

жауап  бере  алады.  Н.Ю.  Караулов  тілдік  тұлғаның  құрылымдық  ұйымдасуының  үш  сатысын  былайша 

тарқата  талдайды:  1)  вербальды-семантикалық  деңгей  (нөлдік  деңгей),  мұнда  тілдік  тұлғаның  күнделікті 

дәстүрлі  тілді  (білімді)  меңгеру  сатысы  анықталады;  2)  тілдік-когнитивтік  деңгей  (тезаурустық  деңгей), 

мұнда тілдік тұлғаның әлеуметтік және әлеуметтік-тілдік сипаттамасы айқындалады;                           3) 

прагматикалық деңгей (мотивациялық деңгей), мұнда тілдік тұлғаның өзіне ғана тән қайталанбас эстетикалық және 

эмоционалды-риторикалық  ерекшелігін  қалыптастыруға  ықпал  еткен  психологиялық-сезімдік  ерекшеліктері 

зерттеледі [8, 36 б.]. Шәкәрім Құдайбердіұлының тілдік тұлғасының қалыптасуында осы үш сатының үшеуінің де рөлі 

айқын көрініс тапқандығына өзінің көркем дискурсының тілі дәлел.    

Үшіншіден,  Шәкәрім  ойлары  гуманизмге,  адами  құндылықтарды,  адамгершілікті  уағыздауға 

құрылған. Ақын «Адамдық борышың» атты өлеңінде: 

Адамдық борышың – 

 Халқыңа қызмет қыл. 

Ақ жолдан айнымай 

Ар сақта, оны біл, – дейді [2, 47 б.].   

Қоғамды түзеудегі, адамды жөнге салудағы ақынның ұстанар бірден-бір тізгіні – ар. Шәкәрім қоғам 

ойының  пассионарлығын  бекітуде  Ар  ілімін  ұсынады.  Ардың  ісіне  салмақ  салу  қажеттігін  ашық  айтады, 

жырға қосады, алға тартады.    

Ар, адам, адами құндылық мәселесінде Шәкәрім ақынның тілі орыстың ұлы ойшылы Л.Толстойдың 

үнімен үндес шығады. Бұл жөнінде Қ. Мұхамедханов мынадай дерек келтіреді:  «Шаһкәрім (Шәкәрім) Лев 

Толстойды нағыз әділеттің, анық ардың иесі деп танып, оның данышпандығын, ұлы адамгершілік қасиетін 

адал  жүрек,  ақ  көңілімен  ардақтап,  өзін  Толстойдың  шәкіртімін  деп  білген»  [9,  85  б.].  Ақынның  «Анадан 

алғаш туғанымда» өлеңіндегі «Өзімшіл болма, көпті ардақта, Адамның бәрі – өз халқың» [2, 97 б.] деген ойы 

тұтастай  гуманизмге  құрылған.  Таза  дінді  ұстанып,  адам  баласының  бәрін  сүйе  білуді  ұсынатын  ізгі  ойы 

Толстойдың  діннің  басты  қағидаты  туралы  айтқан  мына  бір  пікірімен  үйлесіп  келеді:  «Бөгде  халықтың 

адамдарын сүй, олар тіпті күш көрсетсе де жақсылық жаса. Немістерде де, орыстарда да Құдай жалғыз және 

ешкімді  алаламай  жақсы  көреді;  сендер  де  оның  теңдей  ұлдарысыңдар,  Құдай  сияқты  күллі  жұртқа  қайы-

рымды  болыңдар  деймін»,  –  деген  ойы  мен  «Христиандар  үшін  ешқандай  күрделі  метафизика  жоқ  және 

болмайды  да,  Христиан  уағыздарындағы  метафизика  деп  атауға  болатындардың  барлығы,  баршаға  ұғы-

нықты қарапайым ережеден тұрады: күллі адамзат – Тәңірінің перзенті, бауырлар! Сондықтан олар әкелерін, 

бауырларын сүюлері тиіс.  Сол себепті өзгелердің саған мейіріммен қарағанын  қалайтыныңдай, басқаларға 

да сондай бауырмалдықпен қарағаның жөн» [10].   

Нәсіліне,  түріне  қарамай,  адамзат  баласына  деген  шексіз  құрмет  пен  махаббаттың  болуына,  барша 

тіршілік  иесінің  тең  құқықты  болуына  ойшыл  ақын  сөз-қаруымен  бар  күшін  салады.  «Он  весьма  искусно 

адаптирует  канонические  сюжеты  из  Корана  к  казахской  культуре  восприятия  текстов  моралистического 

содержания,  пишет  трактаты,  статьи,  эссе  и  стихи,  в  которых  даются  убедительные  образцы  применения 

религиозных знаний в деле упорядочения межличностных и общественных отношений по законам добра и 

человеколюбия,  в  реорганизации  традиционного  казахского  быта  на  истинно  религиозных  началах. 

Мировоззренческие преимущества авторского сознания, просветленного иманом, истинной верой в пророка 

Мохаммеда, явлены в эстетически притягательных поэтических образах стихов Шакарима, и это подкупает 

читателя,  способствуя  гармонизации  его  внутреннего  мира  с  миром  внешним»  [11,  168  б.].  Бұл  түйіннің 

дәлелін ақынның келесі ойларынан да табамыз: 

Алланың пендесіне рақымы мол, 

Сен де өзіңдей адамға мейірімді бол («Қысқа сөз»). 

Тамам жанның мінін айт, 

Жалған айтпай, шынын айт. 

Аяп, ішің жылып айт, 

Адамды бастыр ілгері! («Ескіден қалған сөз теріп») [2, 159 б.].  

  Ар,  ақыл,  намыс  деген  ұғымдарды  бірінші  орынға  қойған  Шәкәрім  адамзат  баласы  үшін,  болашақ 

ұрпақ үшін еңбек етуді өзінің серті санайды.  «Ұлы ұстазы  – Абай ағасының «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі 

үшін  оттаған  хайуанның  бірі  боласың,  адамшылықтың  қарызы  үшін  еңбек  қылсаң,  Алланың  сүйген 

құлының бірі боласың» - деген өсиетін берік ұстанған Шәкәрім өзінің өмірдегі мұрат-мақсатын» [11, 51 б.] 

былай ашық айтады:  

Адамдық борыш, ар үшін, 

   Барша адамзат қамы үшін, 

   Серт бергем еңбек етем деп

Алдағы  атар  таң  үшін  («Жолама  қулар,  маңайға...»)  [2,  43  б.].  Бұл  пәлсапа  жолдарында  қазақ 

қоғамында  пассионарлықты  қалыптастыруға  деген  ақын  ниетінің,  арман-тілегінің  көрінісі  жатыр  деуге 

толық негіз бар. 


«Танымның субъектісі – қоғамдық жан иесі – адам, ал нысаны – өмір, тіршілік. Тіршілікте кез келген 

субъектінің іздері – адам болу; ал оның негізгі механизмі Шаһкәрім (Шәкәрім) ақын көрсетіп берген: адал 

еңбек, айнымайтын ақ жүрек пен таза ақыл» [12, 169 б.]. Шәкәрімше, адал еңбек етіп, айнымайтын ақ жүрек 

пен таза ақылдың иесі – артына өшпес із қалдыратын жан. Мәселен,  



  Қайтадан қайрылып қауымға келмейсің, 

  Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің. 

  Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, 

  Шын бақыт – осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің! («Адамдық борышың»)                [2, 267 б.]. Ақынның 

танымында, шын бақыт – дүйім жұртқа пайдалы іс істеу, артына ғибратты сөз қалдыру.  

  Шәкәрім  өзінің  ағартушылық,  ойлы  жырлары  арқылы  заманын  ілгері  сүйреп,  уақытты  өзгертуге 

ұмтылды,  бар  саналы  ғұмырын  (еңбегін,  күшін,  білімін)  сол  жолға  арнады  да.  Көркем  дискурсындағы 

түзетпек  едім  адамды;  достым,  досқа  достық  қыл;  досыңа  қыл  махаббат,  жауға  достық  әдісі  деп  келетін 

кесек-кесек ой жолдары ақынның пассионарлық мұратын танытса керек.   

Әдебиеттер: 

1.

 

Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. – М.: АСТ: Астрель, 2010. – 548 с. 

2.

 

Құдайбердіұлы Ш. Иманым. – Алматы: Арыс, 2000. – 320 б. 

3.

 

Пименова М.В. Языковая картина мира. – Санкт-Петербург: СПбГУ, 2011. – 106 с. 

4.

 

Философская 

картина 

мира. 

Электронная 

энциклопедия 

http://libsib.ru/filosofiya/teoreticheskie-osnovaniya-filosofii-problemi-ponyatiya-printsipi/. 

Дата 

обращения: 

10.09.2014 г. 

5.

 

Есім Ғ. Данышпан Шәкәрім. – Алматы: Атамұра, 2008. – 336 б. 

6.

 

Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім әлемі. – Алматы: Раритет, 2008. – 408 б. 

7.

 

Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. – Алматы: Жазушы, 1988. – 

559 б. 

8.

 

Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность. – М.: Наука, 1987. – 263 с. 

9.

 

Мұхамедханұлы Қ. Шаһкәрім // Шәкәрімтану мәселелері. Т. 1. – Алматы: Раритет, 2007. – Б. 50-

100. 

10.

 

Мұқашұлы  М.  Шәкәрім  мен  Толстой  немесе  ұлылыра  аңсаған  хақ  жолы 

– 

http://www.writers.kz/journals/?ID=10...183



Пайдаланған уақыты: 25.11.2014 ж. 

11.

 

Тахан С. Тексты в социокультурном измерении. – Астана: Мастер ПО, 2015. – 240 с. 

12.

 

Салқынбай А. 

Шаһкәрім шыққан шың. – Алматы: Қазақ  университеті, 2011. – 213 б.

 

*** 


Коныратбаева Ж.М. 

Пассионарные цели Шакарима  

Совершенно  очевидно,  что  человек,  представляющий  любую  сферу  жизни  общества,  при 

определённых  условиях  может  достичь  уровня  пассионарной  личности.  Особо  это  касается  творческих 

людей,  которые  стремятся  изменить  жизнь  общества  в  лучшую  сторону,  призывающих  сородичей  к 

просвещению и активной жизненной позиции. 

С этой точки зрения подвижнический жизненный путь философа Шакарима – фундамент будущего 

казахского народа. Всё творчество Шакарима определяет направления развития казахского общества. 

Есть  полное  основание  заявлять  о  том,  что  Шакарим  Кудайбердыулы  является  пассионарной 

личностью. Он, постоянно размышляя о будущем казахов, в своём творчестве во главу угла ставил тему 

человек-общество-религия.  Философ и поэт Шакарим заботился не только о проблемах своего времени и 

своего  поколения,  но  также  говорил  о  том,  какой  должна  быть  в  будущем  казахская  нация,  определял 

направления её развития.  

 Главной  целью  творчества  поэта  было  воспитание  и  формирование  общества,  призыв  людей  к 

милосердию,  терпению  и  состраданию,  к  умению  быть  благодарными,  к  осознанию  существования 

Создателя. 

   В  данном  исследовании,  раскрывая  особенности  языковой  личности  поэта-философа  Шакарима 

Кудайбердыулы, мы предприняли попытку описать его пассионарный характер.  

Ключевые слова: Теория пассионарности, этнолингвистика, дискурс, языковая личность, языковая картина 

мира, казахская этнокультурная познания.  

 

Konuratbayeva Zh.M. 

Passionate goal Shakarims 

It is clear that all people can reach the level of a passionate person. Especially, creative people’s  search in 

motivating  society  and  people  to  be  active,  intelligent,  passionate  certainly  puts  its  aims  higher  than  every  day 

issues. 

 In  relation  to  it,  the  entire  life  lived  by  bright  Shakarim  was  certainly  an  epitome  who  contributed  into 

establishing  the  basics  of  the  Kazakh  future.  Putting  ahead  the  topics  of  mankind–society–religion  in  his  creations, 

Shakarim Kudaiberdiuly, who handled main issues of society, can be considered as a passionate person.  

Since  the  thinking  writer  did  not  only  create  in  his  time  but  drew  a  schedule  for  the  Kazakh  future.  The 

writer’s aim is to teach society, people to be tolerant, patient, satisfied, to comprehend God. He wanted people to 

become passionate Kazakh society.  

In  this  article  we  are  aimed  at  revealing  one  of  these  passionate  descriptions  by  philosopher  and  writer 

Shakarim via his linguistic personality.  

Key words: Theory of passionarity, language image of the world, discourse, ethnolinguistic, language sign, 

Kazakh ethnocultural cognitions. 

 

*** 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

*** 


МАЗМҰНЫ 

 СОДЕРЖАНИЕ 

CONTENTS 

 

ПЕДАГОГИКА -ПЕДАГОГИКА-PEDAGOGICS 

Имашев Г. И., Губашева А.О.  

ФИЗИКАНЫ    ОҚЫТУ  ҮДЕРІСІНДЕ    ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

 

БІЛІМ  МЕН    ІСКЕРЛІКТІ 



ДАМЫТУ...............................................................................................................................3 

Мұханбетжанова Ә.М.Мұханбетжанова А.У.  

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.......................................................................12 



Мендалиева Д.К., Талапова Р.Т.  

ХИМИЯДАН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ – ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСІ МЕН БАҚЫЛАУ 

ҚҰРАЛЫ..............................................................................................................................21 

Galiyev T.T., Abdyrov A.M., Aldabergenova S.S.Aldabergenova A.S.  

THE FORMATION OF SYSTEMIC THINKING IN LEARNING………………………28 



Кузьмичева А.Е.Жусупкалиева Г.К., Кабибуллин М.Д.  

ДИДАКТИЧЕСКИЙ  ПРИНЦИП  НАУЧНОСТИ  И  ВОПРОСЫ  НАНОТЕХНОЛОГИЙ  В  СОДЕРЖАНИИ 

ОБУЧЕНИЯ ФИЗИКЕ………………………………………………33 

Шамбилова Г.Қ.,  Сахтағанова Т.А., Ғапуова Б.Б.  

КОЛЛЕДЖ  ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ  ЕҢБЕК  УӘЖДЕМЕСІ  ЖОЛЫМЕН  БІЛІМ  САПАСЫН  АРТТЫРУ 

......................................................................................................40 

Kulmagambetova S.S., Thomas Wünsch, Imanalina G.M. 

APPROACHES IN EDUCATIONAL TRAINING………………………………….........46 



Айтжанова Р.М.  

ФОРМАТИВТІ 

БАҒАЛАУ 

ҰҒЫМЫНЫҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

МӘНІ……………………………………………………....................................................55 



Сардарова Ж.И., Рахимжанова К.Н.  

ТӘУЕКЕЛ 


ТОБЫНДАҒЫ 

ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

СИПАТТАМА.................................................................................62 



Иргалиев А.С., Габдрахманова Ш.Т. 

НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКИЕ  ПОДХОДЫ  К  ИЗУЧЕНИЮ  И  ПРОФИЛАКТИКЕ  БУЛЛИНГА  В 

ШКОЛЕ…………………………………………………………………..70 

Молдағалиев Б.А., Батырова А.У., Кенжегалиева А.Ж.  

МЕКТЕПТІҢ  МУЗЫКА  САБАҚТАРЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  БІЛІМ  САПАСЫН  АРТТЫРУДА 

АҚПАРАТТЫҚ-КОМПЬЮТЕРЛІК 

ТЕХНОЛОГИЯНЫ 

ҚОЛДАНУ..........................................................................................................................79 

Андрущишин И.Ф., Дошыбеков А.Б. 

ДЕНЕ 


ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ 

ҚЫЗМЕТІН 

КӨРСЕТУ 

САЛАСЫНДАҒЫ 

МАРКЕТИНГ 

БОЙЫНША 


МАМАНДАР 

ДАЯРЛАУДЫҢ 

ТЕОРИЯЛЫҚ 

ҮЛГІСІ..................................................................................................................................85 



Kismetova G., Karabay A.  

COMPETENCE APPROACH AS A METHODOLOGICAL BASIS OF FORMATION OF GRAMMAICAL 

COMPETENCE OF FUTURE TEACHERS…………………………...92 

Мендалиева Д.К., Серікұлы Н.  

МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ФИЗИКАЛЫҚ ХИМИЯ ТАРАУЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП ШЫҒАРУДА 

КОМПЬЮТЕРДІҢ 

МҮМКІНДІКТЕРІН 

ҚОЛДАНУ...........................................................................................................................98 

Албытова Н.П.Сламбекова Т.С.  

ЖОҒАРЫ 


МЕКТЕПТЕ 

ЗАМАНАУИ 

ТАЛАПҚА 

СӘЙКЕС 


МАМАН 

ДАЯРЛАУ 


МӘСЕЛЕЛЕРІ...................................................................................................................104 

 

Кульжумиева А.А., Негметов М.Ж. 

РЕАЛИЗАЦИЯ 

ПРОГРАММЫ 

ПОЛИЯЗЫЧНОГО 

ОБУЧЕНИЯ 

ПРИ 


ИЗУЧЕНИИ 

КУРСА 


«ДИФФЕРЕНЦИАЛЬНЫЕ УРАВНЕНИЯ»………………………………….110 

Медешова А.Б., Касымова А.Х.  

ИНОВАЦИЯЛЫҚ 

ОҚЫТУ 

ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ 



ОҚУ 

ҮРДІСІНДЕ 

ҚОЛДАНЫЛУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................116 



Анарбаев А.К., Баймуханбетов Б.М. 

ОПРЕДЕЛЕНИЕ  ОПТИМАЛЬНЫХ  ИНТЕРВАЛОВ  ПОВТОРНЫХ  АТАК  У  БОРЦОВ  С  РАЗЛИЧНЫМИ 

МАНЕРАМИ ВЕДЕНИЯ БОРЬБЫ……….…………...123 


Құлмағамбетова С.С., Иманалина Г.М., Сапанова С.З.  

ШЕТ  ТІЛДІК  КОММУНИКАТИВТІК  ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ  ҚАЛЫПТАСТЫРУ  («БИОЛОГИЯ»  ПӘНІ 

НЕГІЗІНДЕ)................................................................................132 

Амельченко В.И.,  Жомартова А.М. 

ПОСТРОЕНИЕ  КОМПЕТЕНТНОСТНО-ОРИЕНТИРОВАННЫХ  ЗАНЯТИЙ  ПРИ  ИЗУЧЕНИИ  В 

БАКАЛАВРИАТЕ 

КУРСА 


«МЕТОДИКА 

ПРЕПОДАВАНИЯ 

ГЕОГРАФИИ»……………………………………………………………………….......138 

Кузьмичева А.Е., Золотарь М.В. 

ЭЛЕКТРОМАГНИТНОЕ  ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ  В  ОБУЧЕНИИ  И  В  СИСТЕМЕ  ФУНДАМЕНТАЛЬНЫХ 

ВЗАИМОДЕЙСТВИЙ……………………………………..147 

Рустенова Р.М. 

РОЛЬ  И  ФОРМИРОВАНИЕ  ЗДОРОВОГО  ОБРАЗА  ЖИЗНИ  В  СОХРАНЕНИИ  И  УКРЕПЛЕНИИ 

ЗДОРОВЬЯ ШКОЛЬНИКОВ………………………………...............155 

Сакеев Р.К.  

УПРАВЛЕНИЕ  РАЗВИТИЕМ  ЧЕЛОВЕЧЕСКИХ  РЕСУРСОВ    ДЕЯТЕЛЬНОСТИ  ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ  

ОРГАНИЗАЦИИ……………………………………………..163 

Ергалиева Г.А., Кайрлиева У.Б.  

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА РУХАНИ –1ЗГ1Л1К ТӘРБИЕ  

БЕРУДЕ ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ....................................................................171 

Мустафина А.С.  

МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ УЧЕТНЫХ ДИСЦИПЛИН……………………….183 



Текесбаева Г.М.  

СИНТАКСИСТІ 

ОҚЫТУДА 

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ 

ӘДІСТЕРДІ 

ҚОЛДАНУ 


ЖОЛДАРЫ........................................................................................................................189 

Алимбаева Г.Б.  

БОЛАШАҚ ДИРИЖЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ..........196 



 

ФИЛОЛОГИЯ-ФИЛОЛОГИЯ-PHILOLOGY 

Күдеринова Қ.Б.  

АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ..................................................202 



Мүтиев З.Ж., Ашимова Р.С.

 

ТАҚЫРЫП  ПЕН  ИДЕЯ,  КӨРКЕМДІК-ШЕБЕРЛІК  ӨРНЕКТЕРІ  (АҚЫН    САТЫБАЛДЫ    ДАУМОВ  



ПОЭЗИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ).................................................211 

Diachok N.V.  

ON  THE  PECULIARITIES  OF  ONOMASIOLOGIC  CHARACTERISTICS  OF  COMPLEX-STRUCTURE 

UNIVERBS…………………………....................................218 

Алтаева А.К. 

ИЛАНДЫРУДЫҢ ӘМБЕБАП ЖӘНЕ ЖАҒДАЯТТЫҚ ӘДІСТЕРІ............................223 



Крылова Л.А., Кадыров Ж.Т.  

CИМТОМАТИКА  ДУХОВНЫХ  НЕДУГОВ  ИНТЕЛЛИГЕНЦИИ  90-Х  ГОДОВ  XIX  ВЕКА  В  РАССКАЗЕ 

ЧЕХОВА «ЧЁРНЫЙ МОНАХ»…………………………...…...230 

 

Бекбосынова А.Х.  

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ......237 



Қоңыратбаева Ж.М.  

ШӘКӘРІМНІҢ ПАССИОНАРЛЫҚ МҰРАТЫ.............................................................247 



Донскова Г.А., Утарова Н.Т.  

ЭТНОКУЛЬТУРНАЯ  СОСТАВЛЯЮЩАЯ  ЭРГОНИМОВ  -  ТЮРКИЗМОВ  В  ОНОМАСТИЧЕСКОМ 

ПРОСТРАНСТВЕ 

ГОРОДА 


(НА 

МАТЕРИАЛЕ 

ЭРГОНИМОВ 

УРАЛЬСКА 

И 

КАЗАНИ)………………………………………...........251 



Ахметова Б.З.  

ОСОБЕННОСТИ 

ЭТНОСЕМАНТИКИ 

ТОПОНИМОВ 

КОСТАНАЙСКОЙ 

ОБЛАСТИ..........................................................................................................................258 



Сағынаева Г.Ә., Оразханова М.И.  

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ...................264 



Алтынбекова Г.К.  

СПЕЦИФИКА 

УПОТРЕБЛЕНИЯ 

ГЛАГОЛА 


В 

ТЕКСТАХ 


ПУБЛИЦИСТИЧЕСКОГО 

СТИЛЯ…………………………………………………….270 



Выдрина Н.А.  

ВЫЯВЛЕНИЕ АВТОРСКОЙ ОЦЕНКИ В ПОВЕСТИ А.С. ПУШКИНА «ПИКОВАЯ ДАМА» НА УРОКАХ 

ЛИТЕРАТУРЫ……………………….………………………..277 

 

ТАРИХ- ИСТОРИЯ-HISTORY 


 

Рысбеков Т.З., Гарифуллина А.Б.  

НҰРАЛЫ 


ХАННЫҢ 

БИЛІГІ 


КЕЗІНДЕГІ 

КІШІ 


ЖҮЗДЕГІ 

ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ 

ЖАҒДАЙ............................................................................................................................285 

Дүйсенбаев А.Қ.  

ҚОҒАМ 


ҚАЙРАТКЕРІ 

ӘЛИХАН 


БӨКЕЙХАНОВТЫҢ 

ТАҒЫЛЫМДЫҚ 

МҰРАЛАРЫНДАҒЫ 

ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ ИДЕЯЛАРЫ.............................297 



Терещенко Т.А., Нурмухамбетова А.Е. 

«БОЛАШАҚ»  БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚҰРЫЛУЫ  МЕН  ДАМУЫНЫҢ  ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ 

АСПЕКТІЛЕРІ.................................................................................304 

Рысбеков Т.З., Жанасов А.А.  

ФОРМИРОВАНИЕ 

РАБОЧЕГО 

КЛАССА 


В 

ДООКТЯБРЬСКОМ 

КАЗАХСТАНЕ…………………………………………………...……………………...311 

Ергалиева А.Т. 

КОМПОЗИТОРСКОЕ 

ТВОРЧЕСТВО 

ЗАПАДНОГО 

РЕГИОНА 

КАЗАХСТАНА 

В 

ГОДЫ 


НЕЗАВИСИМОСТИ…………………………………………………………….320 

Искалиев  Д.Ж., Бисенова Ж.М.  

ИСТОРИЯ 


ФОРМИРОВАНИЯ 

И 

РАЗВИТИЯ 



ПРОМЫШЛЕННОСТИ 

В 

ГОРОДЕ 



УРАЛЬСКЕ……………………………………………………………………………...327 

 

ҒАЛЫМДАР ЕЛ-ЕСІНДЕ-ПАМЯТЬ ОБ УЧЕНОМ- 

TO THE MEMORY OF THE SCIENTIST 

 

Кужабергенова К.И. 

ИСТОРИК И ИСТОРИЧЕСКОЕ ПОЗНАНИЕ……………………………………...…334 



 

ҒЫЛЫМИ ӨМІР - НАУЧНАЯ ЖИЗНЬ - ACADEMIC  LIFE................................337 

БІЗДІҢ МЕРЕЙТОЙ - НАШИ ЮБИЛЯРЫ – OUR  JUBILEES............................346 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет