Адам ресурстарын басқару
32
(кертартпа)» жəне «сұрақ белгісі» категорияларына бөлініп,
енгізіледі.
«Проблемалы қызметкер» қатарына жұмыс жетістіктері
мүлде қанағаттандырмайтын жəне сонымен қатар жеке даму
потенциалы төмен кадрлар жатады. Бұл қызметкерлер стратегия
тұрғысынан жарамсыз болып келеді.
«Ескішіл (кертартпа)» – бұған өзінің ең жоғарғы өнімділік
деңгейіне жеткен кадрлар жатады. Жұмысты ұйымдастырарда
жəне мақсатты белгілерде олардың əлеуетінің даму шегіне назар
аудару қажет.
«Сұрақ белгісі» категориясына өнімділік потенциалы жоғары,
бірақ өз мүмкіншіліктерінен ашық төмен жұмыс істейтін
қызметкерлер кіреді.
«Жұлдыздар» – олар адам капиталының жоғарғы көрінуімен
көзге түсетін, басқаша айтқанда олардың өнімділігі қазірдің
өзінде жоғары жəне оған қоса олардың даму əлеуеті да жоғары
болып келеді.
Қызметкерлерді осылай төрт топқа бөлу амалымен кəсіпорын-
ның қолдағы кадрмен даму жəне өнімділікті жоғарылату
мүмкіншіліктерін анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: