Адам ресурстарын басқару
38
Кадр саясатымен ұйымның əр қызметкерін таныстыру қажет.
Оның мəнін түсініп, басшы жəне қызметкерлер жағынан қолдау
табу үшін арнайы құжат түрінде болу керек. Мысалы, ұйымдағы
ішкі еңбек тəртібі, еңбекақы төлеу, қызметкерлерді аттестациялау
сияқты ережелер түрінде. Сонымен қатар, ұйымның кадр саясаты
ұжымдық келісімдерде, кəсіпорын жарғысында (уставында) жəне
еңбек қатынастары мен қызметкерлердің жұмыс істеуін реттейтін
басқа құжаттарда көрсетіледі.
Шетел тəжірибесіне келсек, кадр саясатына жауапты менед-
жерлер үшін жəне қатардағы қызметкерлер үшін арнайы қолда
болатын кітаптар шығарылады – Human Resources Administrators
Handbook жəне Employe Handbook. Бұл кітаптарда ұйым туралы
жалпы ақпарат, оның миссиясы мен стратегиялық мақсаттары
келтіріледі. Осы ұйымның қызметкерлері қандай құндылық-
тарды бағалайды, қойылған мақсаттарға жету үшін қандай
құралдар жарамды, ал қайсылары этикалық тұрғыдан қабыл
алынбайды – осы мəселелерге де маңызды орын беріледі.
Кадр саясатымен жете танысу тиісті ұйымдастырушылық
мəдениетті қалыптастыруға себепші болады, тəртіп бұзу мен
кадр тұрақсыздығын төмендетеді, орынсыз еңбек дау тууын
жояды, қызметкерлердің алаңдауына, өзгерістерге қарсылас-
пауына көмек тигізеді.
Қорыта айтқанда, осының барлығы кадрлық шешімдерді
қабылдайтын менеджерлер қызметін елеулі күрделендіреді жəне
заманауи кадрлық қызмет орны қалыптасуына ерекше талаптар
қояды.
Достарыңызбен бөлісу: