Революциясы Қазан reporter



Дата14.03.2022
өлшемі0,57 Mb.
#27938
Байланысты:
джт


Революциясы

Қазан

reporter :

THANK YOU FOR COMFORTING ME WHEN I'M SAD  LOVING ME WHEN I'M MAD  PICKING ME UP WHEN I'M DOWN  THANK YOU FOR BEING MY FRIEND AND BEING AROUND  TEACHING ME THE MEANING OF LOVE  ENCOURAGING ME WHEN I NEED A SHOVE  BUT MOST OF ALL THANK YOU FOR  LOVING ME FOR WHO I AM 



Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.

1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталд. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.

Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті.

Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.





Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады.

Қазан төңкерісі қазақ халқына не берді?


Add your title

Add your words here,according to your need to draw the text box size



Add your title

Add your words here,according to your need to draw the text box size



Қазан төңкерісінен кейін социалистік жүйе құрылды. Ал, социалистік жүйе, бір сөзбен айтқанда, адамзаттың даму заңдылығына қайшы келеді. Ол жеке адамның тұлғалық қабілетін ашпайды, тек аз ғана топтың саяси мүддесін көздейді. Адамның басты міндеті ең алдымен жеке басының мүддесін іске асыру десек, социалистік жүйеде түрлі шектеулермен басып тастайды. Егер, сен партияға қарсы болсаң халыққа қарсысың, қылмыскерсің. Совет үкіметі полициялық жүйе құрды. Капиталистік қоғамда да қайшылықтар болған, бірақ, капитализмнің өз реттегіш тетіктері бар. Социалистік жүйеде бірін-бірі реттейтін, бақылайтын механизм болған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет