72
Синонимдік қатар – сөздердің түрленуінен гөрі мағынаның
түрленуіне біршама бейім тұратын қасиет. Сол себептен де біз
жоғарыда синоним ұғымы сөз мағынасы ұғымымен тығыз
байланысты деп айтқан болатынбыз. Егер де біз сөздің о бастағы
мағыналарын біреу-ақ деп білсек, уақыт өткен сайын көптеген
сөздер өзінің о бастағы меншікті мағынасының үстіне жаңадан бір я
бірнеше қосымша мағыналар қосып алғанын байқаймыз. Жалпы, сөз
мағынасына келетін болсақ, лексикалық мағынаның іштей бірнеше
түрге жіктелетінін ұмытпауымыз керек. Айналада қоршаған ортадағы
әр зат, құбылыс, іс-әрекет, қасиет-белгі т.с.с. белгілі бір сөзбен
аталатындығы бізге туғаннан-ақ белгілі. Яғни бірнеше заттардың
немесе денотаттардың ішінде бір ғана затты (қасиет, іс-әрекет т.б.)
сөзбен атау арқылы біз оны басқа заттардан бөліп жеке көрсетеміз.
Осылай затты атау негізінде сөз негізгі атауыштық немесе
номинативтік сипатқа ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: