Rgb және потенциометр Фоторезистор



Дата03.10.2024
өлшемі23,18 Kb.
#146696
Байланысты:
фоторезистор


.
RGB және потенциометр Фоторезистор.

  1. жылжымалы түйістіргіші (қозғалтқышы) бар реттелетін резистор. Электрлік кернеуді реттеу үшін, сонымен қатар ығысу датчигі ретінде қолданылады.

  2. потенциометр (компенсатор) - компенсациялық әдіспен электрлік қозғалтқыш күшті, кернеуді және онымен функционалды байланысқан шамаларды өлшеуге арналған салыстыру аспабы. Потенциометрдің түрақты токқа арналған түрі болады. Онда өлшенетін шама (немесе оның бөлігі) нормалды элемент электрлік қозғалтқыш күш салыстырылады. Потенциометрдің тағы да айнымалы токқа арналған түрі болады. Онда өлшенетін кернеу өлшем мен фаза бойынша белгілі бір реттелетін кернеулермен теңестіріледі. Потенциометрдің өлшеу дәлдігі жоғары: түрақты токты өлшегенде қателік %-дың жүзден немесе мыңнан бөлігін құрайды, ал айнымалы токты өлшегенде онның бөлігін құрайды.

  3. магнитті потенциометр — магнит тізбегінің екі нүкте арасындағы магниттік потенциалдарының айырмасын (магниттік қозғалтқыш күш) өлшеуге арналған аспап. Магнитті потенциометрдің икемді түрі болады. Ол - ішінде қатарлар саны жүп болатын біркелкі оралған өткізгіштігі икемді изоляциялық материалдан жасалған таспа (кейде Роговский белбеуі деп аталады). Магнитті потенциометрдің қатаң түрі болады. Оның оралымы жоғарғыдағыдай, бірақ қаңқасы изоляциялық қатты материалдан жасалған.[1]


Фоторезистор - жұмысы ішкі фотоэффектіге негізделген, жарық әсерінен электрлік кедергісі кеміп, электр өткізгіштігі артатын шалаөткізгіш аспап. Фоторезистордың негізгі бөлігі -- шалаөткізгіш материалдың (кадмий және қорғасын сульфиді, кадмий селениді, висмутты-күкіртті және т.б.) жұқа фотосезімтал қабаты. Фоторезистордың шартты бейнеленуі Фоторезистор Қазіргі кезде өнеркәсіптік электроникада негізінен жартылай өткізгіштен жасалған құрылғылар қолданылады. Мұның себебі вакуумдық құрылғыларға қарағанда жартылай өткізгіштерден жасалған құрылғылардың тиімділігі жоғары десе болады. Жартылай өткізгішті приборлардың түрлері өте көп. Мысалы: варисторлар, терморезисторлар, фоторезисторлар, тензорезисторлар. транзисторлар, теристорлар, тиринисторлар т.б. Енді осы құрылғыларға тоқталып келейік. Кернеуі өскен сайын кедергісі азаятын жартылай өткізгіштен жасалған резисторда варистор деп атайды. Фотоэлектрондық аспаптар -- оптикалық ауқымдағы электромагниттік сәулеленудің энергиясын электр энергиясына түрлендіретін немесе көрінбейтін (мысалы, инфрақызыл) сәулелердегі кескіндерді көрінетін кескіндерге түрлендіретін электровакуумдық немесе шалаөткізгіш аспаптар. Фотоэлектрондық аспаптар ақпаратты сақтауға, жинауға, таратуға және қайталап шығаруға арналған. Фотоэлектрондық аспаптардың жұмыс қағидасы фотоэффектіге негізделген. Фотоэлектрондық аспаптарға әр түрлі фотоэлементтер, фотоэлектрондық көбейткіштер, фоторезисторлар, фотодиодтар, электронды-оптикалық түрлендіргіштер және т.б. жатады. Сәуле шашатын диод ауысуы аймағынын энергия кванттарын шашатын диод. Жарық диоды корінетін спектр аймағында, ал инфрақызыл диод корінбейтін спектр аймағында жарық шашатын диод. заряд тасымалдағыштардың рекомбинациялануы энергия кванттарының бөлініп шығуына әкеліп соғады. Жарық диодтары индикаторлары ретінде қолданылады. Инфрақызыл диод оптоэлектрондық құрылғыларды сәуле шашушы ретінде қолданылады. Жарық диоды арнайы құрастырлған диод, мұнда жарық сәулелерінің ауысу аймағынан корпустың мөлдір терезелері арқылы өтуіне жағдай жасалынған. Фотодиодтың жұмыс істеу ұстанымы фотогальваникалық эффектіге негізделген және фото сезімтал элементі жартылай өткізгішті диод. Фотодиод сапасы ең алдымен сәуле көмегімен фото тоқты басқару тиімділігімен анықталады. Фотодиод, басқа диодтар сияқты, р-п ауысуынан тұрады. Оның жұмыс істеуі екі түрлі: фотогенератор, фототүрлендіргіш режимінде өтуі мүмкін. Фотодиод деп кері тогы р-п-ауысуының жарықталынуына байланысты болатын диодтарды айтамыз. Фотодиодтардың құрылысы кәдімгі жазық жартылай өткізгішті диодтар құрылысымен бірдей, өзгешелігі тек р-п ауысуының бір жағынан жарық түсетіндей етіп шыны терезе қалдырылады да, қалған бөлігінің барлығы жарық түспейтіндей етіліп жабылып тасталады.
Қорытынды
Фотодиодқа жарық түскенде ауысуда қосымша электрондар мен кемтіктер пайда болады, соның нәтижесінде тізбектегі ток артын кетеді. Егер фотодиодқа токты тек жарықталынуға ғана байланысты болатындай етіп жүк кедергісі Rж мен ток көзінің кернеуі Е-ні дұрыс таңдап алсақ, онда жүк кедергіге түсетін кернеуді схеманың басқа элементіне әсер ететін пайдалы сигнал ретінде қолдануға болады. Егер, көрсетілген схемаға ток көзін қоспасақ (вентільді режим), онда жарық ағынының әсерінен диодта электр қозғаушы күш пайда болады. Ондай жағдайда жарық энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап аламыз. Мұндай 15%-ке жетеді. Қазіргі кездеаспаплардың пайдалы әсер коэффициенті 10 олардың негізінде радиоэлектрондық аппаратураларды қоректендіре алатын түрлендіргіштер жасалған. Ондай фототүрлендіргіштер күн батареялары кремнийден, селеннен, сурьмалы алюминийден, мышьякты галлийден дайындалады. Олар, р-п ауысуының ауданы үлкен, жартылай өткізгішті диодтар болып табылады. Фотодиодтар кең түрде қолданылады. Оларды фотометрия мен фотоколориметрияда жарық көздерін бақылау, жарықтану интенсивтігін және ортаның мөлдірлігін өлшеу мақсатында пайдаланылады
Үйге тапсырма: Потенцинометр презентация

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет