Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет109/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   149
Палисандр. Түсі және сүрегінің құрылымы бойынша ұқсас, алайда әр 
түрлі тұқымдастықтағы ағаштарды айтады. Кӛбіне бұл атауды Бразилияда 
ӛсетін, – бразилиялық алқызыл ағаш, қара дальберг – Dallbergia nigra Fr. All. 
ағашының сүрегі үшін қолданады. Бұл ядролы шашыраңқы түтікшелі 
жапырақтылар тұқымдасына жататын ірі түтікшелі ағаш. Сүрек қабаты 
жіңішке, қоңырқай реңі бар ақшыл сары түсті, ядросы болса қызылкүрең 
немесе қоңыр күрең түсті, кейде күлгін түсті реңк береді, кӛбінесе бояуы бір-
келкі болмайды (қара және қою-қоңыр жолақшалармен болады). Жылдық 
сақиналары айқын емес, ӛзек сәулелері ӛте жіңішке, кӛпжылдық, нашар 
кӛрінеді. Ағаш ӛте ауыр (тығыздығы 800...900 кг/м
3
), кеуіп кішірейуі аз 
кӛлемде болады, жарылуы қиын, жақсы тегістеледі, бағалы музыкалық аспап-
тарды (пианино), оюланған жиһаздарды, құрастырма паркеттерді және жоңғыш 
бұйымдарды және т.б. дайындау үшін пайдаланылады. 
Қара ағаш. Бұл қара түсті сүрегі бар, әр түрлі тұқымдастықтарды 
біріктіретін саудада қолданылатын атау. Олардың ішіндегі кеңінен танымалы 
Үндістанда, Шри Ланкада ӛсетін цейлондық эбен ағашы – Diospyros ebenum 
Koenig., және Нигерияда, Ганада, Камерунда, Заирде ӛсетін африкалық эбен 
ағашы – D. Crassiflora Hiern. 
Қара ағаш – жіңішке ақ сүрек қабаты бар ядролы шашыраңқы түтікшеты 
жапырақтылар тұқымдасына жататын ағаш. Ядросы жылтыр-қара түстес, 
жылдық сақиналары кӛрінбейді, ӛзек сәулелері жіңішке, ешқандай қимада 
кӛрінбейді. Түтікшелері ұсақ, 2-3 талдап радиалды топтарға біріккен; 
түтікшелердің ішкі қуысы мен либриформаның талшықтары кӛбінесе қара түсті 
ядролы заттардың жиынтығымен толып тұрады. Бірінші аталған ботаникалық 
құрғақ ағаш түрінің тығыздығы 1190 кг/м
3
, екіншісінікі – 1030 кг/м
3

Үріп ойнайтын және басқа да музыкалық аспаптарды, оюланған 
декоративті бұйымдарды, тұтқаларды және т.б. бұйымдарды дайындау кезінде 
қолданылады.


173 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет