Ылғал сіңіру. Ағаштың қоршаған ауадан ылғалды (ауа буын) гигрос-
копиялық жұтуы нәтижесіндегі қабілетін ылғал сіңіру деп атайды. Ылғал сіңіру
кезінде клеткалы қабырғалардың ішінде қабықшалы күйде орналасқан
абсорбциялық су пайда болады. Абсорбциялық су қарапайым судан ӛзгеше; ол
серпімділік қасиеті бойынша қатты денелерге ұқсайды, электр ӛткізбейді,
диэлектрикалық ӛткізгіштігі бойынша ағашқа, ал жылуы ӛткізгіштігі бойынша
мұзға жақын. Абсорбция құбылысынан басқа клеткалық қабырғаның бетіндегі
микро шұқырларда булардың конденсациясы да жүреді де, микрокапиллярлы
су туындайды.
Ылғал сіңіру тұқымдастыққа тәуелді емес; ӛзекпен сүректе ол шамамен
бірдей. Сорбциялық қабілеті бойынша қабықтың ағаштан айырмашылығы ӛте
аз. Ұсақталған ағаштың әр түрлі температура кезіндегі ылғал сіңіру үрдісі
кезінде жетілуі мүмкін ылғалдылығы 3.2-суретте кӛрсетілген диаграмма
бойынша анықталады.
Ағашты ылғал сіңіруге сынақ МемСТ 16483.19 сәйкес негізінің ӛлшемі
20х20 см және талшықтары бойымен биіктігі 10 мм болатын үлгілерге
жүргізіледі. Үлгілерді бюксаларда толық кептірілген құрғақ күйіне дейін
кептіреді және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын
қамтамасыз
ететін
эксикаторға
соданың
қанықтырылған
ерітіндісінің
үстіне
орналастырады. Үлгілерді периодты түрде салмақтарын 0,001 г дейінгі дәлдік-
пен салмақтарын ӛлшеу үшін 1, 2, 3, 6, 9, 13, 20 тәуліктен кейін және ары қарай
әрбір 10 тәулік сайын шығарып отырады. Ұсталымның минималды ұзақтылығы
30 тәулік. Сынақты соңғы екі ӛлшеулер арасындағы айырмашылық 0,002 г
артық емес болған кезде тоқтатады. Ӛлшеулердің нәтижесі бойынша үлгінің
ағымды ылғалдылығын анықтайды және «ағаш ылғалдылығы – сынау уақыты»
графигін тұрғызады. Ылғалдылық кему реті бойынша болатын бұл графикте
сондай-ақ ағаштың максималды ылғалдылы ағаштың ылғал сіңіру сипаттамасы
болып табылады.
Ылғал сіңіру қабілеті ағаштың теріс қасиеті болып табылады. Құрғақ ағаш,
қатты ылғалданады, бұл оның физика-механикалық қасиеттерін, био-
тӛзімділігін тӛмендетеді және т.б. Бӛлшектердің және ағаш бұйымдардан
бетінде лак пен бояу және пленкалы материалдан жасалатын декоративті
68
жабындылар ылғалдан қорғау функцияларын орындайды. Алайда ағаштың
гидроскопиялығын азайтудың әлдеқайда тиімді құралы оны жасанды
шайырмен дымқылдау жолымен модификациялау болып табылады.
Ісіну. Ағашты ылғал ауада немесе суда ұстау кезінде сумен байланысты
құрамның артуы ағаштың кӛлемі мен сызықтық ӛлшемдерінің артуымен –
ісінумен қатар жүреді. Осылайша, ағаштың ісінуі – кептіруге қарама-қарсы
негізінен сондай заңдылықтарға тәуелді қасиет.
Толық ісінуді, %, нәтижені 0,1% дейін дӛңгелектеу арқылы келесі
формуламен анықтайды:
(3.13)
Мұндағы
– үлгінің ӛлшемі, мм, немесе кӛлемі, мм
3
,
сәйкесінше ылғалдығы клеткалы қабырғалардың қанықтырылу шегінен жоғары
немесе тең кезінде және абсолютті құрғақ күйде.
1% ылғалдылықтағы ісіну коэффициентін нәтижені 0,01% дейін дӛңгелек-
теу арқылы келесі формуламен анықтайды:
(3.14)
Мұндағы
– клеткалы қабырғаларды қанықтыру шегі, орташа 30% тең.
Толық сызықтық және кӛлемдік ісінуді үлгілерді, жабдықтарды және
шӛгінуді анықтауда қолданылатын процедураларды (басқа реттілікте)
пайдалану арқылы МемСТ 16483.37 сәйкес анықтайды, алайда кӛрсеткіштерді
есептеу тәсілдері басқаша.
Ағаштың қалыпты ылғалдылыққа дейін (12%) ылғалдандыру кезіндегі
ішінара ісінулерді анықтауға болады. Бұл кезде ісінуді, %, мына формула
бойынша анықтайды:
(3.15)
Мұндағы
– үлгінің қалыпты ылғалдылығы кезіндегі ӛлшемі, мм,
немесе кӛлемі, мм
3
.
Қажет болған жағдайда (3.15) формула арқылы ішінара ісінулерді ылғал-
дылықтың басқа бір мәніне дейін кӛтерілуі кезінде есептеуге болады.
Радиал және тангенциал бағыттардағы негізгі сұрыпты ағаштардың ісіну
коэффициентінің орташа мәні, сондай-ақ кӛлемі бойынша 3.1-кестеде жоғарыда
кӛрсетілген. Кӛлемдік ісінудің коэффициентін (3.10) сәйкес формула бойынша,
бірақ соңғы мүшенің алдына «+» таңбасы арқылы анықтауға болады.
Шӛгу сияқты ағаштың кӛбірек ісінуі талшықтарға кӛлденең тангенциалды
бағытта, ал азы – талшықтардың бойымен байқалады.
Ағаштан жасалған ісінген бӛлшектерді бекіту кезінде (мысалы, бӛшкенің
қалақ бӛлшегін) ісіну қысымы туындайды, ол сұрыптыққа, діңгек бӛлшегіне,
69
бағытқа тәуелді және Ю.М. Ивановтың мәліметтері бойынша, 0,8...3,2МПа
құрайды. Ісіну қысымы ағаш ӛсегі үшін, сүрекке қарағанда кӛп; тангенциалды
ісіну кезінде қысым қылқан жапырақты ағаштар үшін және емен үшін радиал
ісінуге қарағанда шамамен 2 есеге кӛп.
Ағаштың ісінуі диэлектриктік тұрақты сұйықтыққа тікелей тәуелді,
сондықтан, мысалы, керосин ісінуді мүлдем туындатпайды. Ісіну – ағаштың
қарама-қарсы қасиеті, алайда кейбір жағдайларда ол байланыстардың
тығыздығын қамтамасыз ету арқылы пайда алып келеді (бӛшкелерде, ыдыс-
тарда және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |