Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет77/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

 
6.2 Жарықтар 
 
Жарықтар – бұл ішкі кернеулердің әсерінен туындайтын, талшық бойымен 
созылудағы сүректің беріктік шегіне дейін жететін оның бойлай ажыраулары. 
Дңгелек ағаш материалдарындағы және кесілген ӛнімдердегі жарықтар 
ӛсіп тұрған ағашта туындайтын және кесілген сүректе пайда болатын құрғату 
жарықтары болып типі бойынша белгіленген, қопарылмалы және аязды болып 
бӛлінеді.
Белгіленген жарықтар ағаш діңының ішіндегі радиал жарық түрінде 
болады. Олар барлық ағаш түрлерінде кездеседі, әсіресе қарағайда
балқарағайды, шамшатта едәуір қураған алқаптарда. Жарықтың дің бойымен 
тарлуы 10м және одан кӛп, кейде жарық тамырдан ӛскін қабатқа дейін жетеді. 
Дӛңгелек ағаш материалдарында белгіленген жарықтар тек бүйір жақ бет-
терінде ғана кӛрінеді (тамырға жақын бӛлігінде жақсырақ), себебі олар 
ӛзекшеден басталып ағаш қабығына дейін жетпейді және бүйір бетте 
кӛрінбейді. Кесілген материалдарда бұл жарықтар бүйір жақ бетте де, сыртқы 
жақта да оңай байқалады. Қарапайым белгіленген жарық (немесе торецтің бір 
диаметрі бойынша бағытталған екі жарық) деп жазықтықта орналасқан 
жарықтарды айтады (6.6, а-сурет). Күрделі жарық деп торецте бір-біріне бұрыш 
жасай бағытталған екі немесе бірнеше жарықтарды (6.6,б-сурет), сонымен 
қатар, бір диаметр бойынша бағытталған, бірақ талшықтардың спиральды 
орналасуының әсерінен бір жазықтықта жатпайтын бір немесе екі жарықты 
айтады (6.6,в-сурет). 
Белгіленген жарықтар ағаштың ӛсу үрдісі кезінде пайда болады. Сонымен 
қатар, жарықтар ағашты жерге соғып қаумалау кезінде пайда болады деген де 
пікірлер бар. Сүректің құрғауы кезінде жарықтың ӛлшемдері ӛседі. Белгіленген 


129 
жарықтар тұтас емес, ал сортимент ұзындығы бойынша үзілісті ажырамалар 
түрінде болады. 
6.6-сурет. Белгіленген жарықтар: 
а – қарапайым, б, в – күрделі 
Қопарылмалы жарықтар – бұл сүректің ядро ішінде немесе ӛсіп түрған 
ағаштың ӛсіп жетілген сүрекгінің ішінде діңның қыртысталуы (жылдық 
қабаттары бойынша). Қосырманы дӛңгелек ағаш материалдарында торецте доға 
пішінді (шайырмен толтырылмаған) немесе сақина пішінді жарық түрінде (6.7, 
а,б-сурет), кесілген материалдарда торецте ай пішіндес жарық, ал бүйір жақ 
беттерінде бойлық жарық түрінде немесе науалы қуыс пішінінде анықтауға 
болады (6.7, в-сурет). 
Әлі күнге дейін қопарылмалы жарықтардың пайда болуының нақты себебі 
анықталған жоқ. Қопарылмалы жарықтар ұсақ қабатты сүректің ірі 
қабаттытыға күрт айналу аймақтарында кездеседі. Қопарылманың пайда болу 
себебі ішкі шіріктердің [2], қарағай мен жалпақ жапырақты ағаш тұқымдас-
тарында – су қабатының пайда болуымен байланысты болуы мүмкін (одан 
кейінгіні қараңыз).
Аязды жарықтар жалпақ жапырақты тұқымдастардың (кейде қылқан 
жапырақты тұқымдастарда) ӛсіп тұрған ағаш діңы сүрегінің сыртқы бойлық 
ажыраулары түрінде болады; дің бойымен радиал бағытта таралады (6.8-сурет). 
Олар қыс мезігілінде температураның күрт тӛмендеуі нәтижесінде қалып-
тасады. Оларға найзағай соққысынан қалыптасқан ескі жарықтар ұқсас келеді. 
Дің бетінде бұл ақаулар ұзын ашық жарық түрінде болады, және білекше-
лермен ӛскінделген сүректің және қабат жиектерін жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет