Рим империясы ежелгi римдiк постреспубликалық фазасының өркениет дамуындағы ерекше белгiлер, басқарудын автократиялық формасы және Еуропадағы үлкен аймақтық иелiктерi мен Жерорта теңiзi
Рим империясы ежелгi римдiк постреспубликалық фазасының өркениет дамуындағы ерекше белгiлер, басқарудын автократиялық формасы және Еуропадағы үлкен аймақтық иелiктерi мен Жерорта теңiзi.
Римдiк империяның хронологиялық шеңбері Август бiрiншi императорының басқаруынан бастап, екi бөлiкке бөлуiне дейiн қамтиды. Яғни б.з.б. 27 жылдан 476 жылдар аралығы. Римдiк империя тарихының периодизациясы өзгешеленедi.Осылай, қарастыру кезiнде құрылымның мемлекеттiк-құқықтысымен екi негiзгi кезең көзге түседi: 1. Қағидашы – мемлекеттiк құрылымның республикалық және монархиялық формалары, б.з.б. I ғасырда — б.з. III ғасыр. Қағидашы мерзiмiне байланысты келесiдей кезеңдерге бөлiнедi.
Ежелгі Рим мемлекеті Жерорта теңізіндегі Апенин түбегінде қалыптасты. Аңыз бойынша оның алғашқы патшасы Ромул болды. Патшалық дəуір б.з.б. 753-509 жылдарды қамтыды. Тарквиний Римнің соңғы патшасы болды, ол туралы Рим тарихшысы Тит Ливий былай деп жазған: “Ол өте қатал, адамгершілігі төмен, көптеген римдіктерді дарға асып, Римнен қуып жіберген.” Халық бұған наразылық көрсетіп, Тарквинийді отбасымен елден қуып жіберді. Римдіктер енді ешқашан патша сайламауды ұйғарды. Римді республика деп жариялайды.
Рим Апенин түбегінде үстемдік орнату үшін 12 ұлыстан тұратын Италия жерінде жаулаушылық соғыстар жүргізді. Римдіктер оңтүстік Италиядағы грек қалаларына қауіп төндірген кезде, Италия жеріндегі ең үлкен əрі өте бай Тарент қаласының шонжарлары шағын Эпир мемлекетінің патшасы “Пиррден” көмек сұрайды. Пирр өз əскерімен оларды қорғау үшін б.з.б. 280 жылы Италияға келеді. Соғыс барысында оның əскері орасан зор шығынға ұшырайды, содан кейін Пирр қалған əскерімен Грекияға кетеді. Рим бүкіл Италияға өзінің үстемдігін орнатады.
Өндірістегі барлық жұмысты құлдар атқарды. Астық жинау кезінде құлдар тəулігіне 17-18 сағат жұмыс істеген. Олар жер жыртты, құм септі, астық жинады, ұн тартып, жүзім мен зəйтүннен шырын шығарды, табын-табын мал бақты. Олардың ішінде дəрігерлер, суретшілер, хатшылар жəне мұғалімдер болды. Құлдар сонымен қатар күміс өндірілетін кеністерде, ірі кемелерде ескекші болып та ауыр жұмыстар атқарды.
Рим мәдениеті көне дәуір мәдениетінің қорытындылаушы кезеңі болды. Ежелгі Рим мәдениетінің қалыптасу кезеңінде (б.з.б. 8 — 4 ғасырлар) этрустардың сәулет өнері үлгілерін бойына сіңірді. Ежелгі ғибадатханалар (Римдегі Капитолийлік Юпитер ғибадатханасы) осыған мысал бола алады. Б.з.б. 2 ғасыр мен 1 ғасырдың 1-жартысында базиликалар мен термалар салына бастады. Б.з.б. 3 — 1 ғасырлардағы бейнелеу өнерінде портреттік мүсін ескерткіштер мен сыралғылар кең тарады. Бертінгі республика дәуірінде мүсін өнерінен эллиндік бағыт орын алып, грек ескерткіштерінен жаппай көшіру дәстүрге айналды. Монументтік сәндік кескіндеме жоғары сатыға көтерілді, мозаика мен глиптика өнері қанат жайды. Сәулет өнері империяның гүлдену кезеңінде (б.з.б. 1 ғасырдың 20-жылдары — б.з. 2 ғасыр) шарықтау биігіне көтерілді. Осы тұста арка мен ордердің, ғимаратты қабырға өрнек және мүсін ескерткіштерімен, мәрмәрмен безендірудің рөлі артты. Сәулет өнері бірте-бірте император мен империяның ұлылығын дәріптеу құралына айналды. Ежелгі Римдегі ең ірі амфитеатр — Колизей, Траян заманында — Рим қаласындағы форумдар (111 — 114, арх. Дамаскілік Аполлодор), Адриан кезіндегі ежелгі замандағы күмбезді құрылыстардың ең ірісі — Пантеон ірге көтерді. Рим театры ән, музыка, бидің басын қосқан тұрмыстық күлдіргі сахналарда өрбіді. Б.з.б. 300 жылы ш. Ұлттық ателлана комедиясы (маска киген 4 кейіпкер) дүниеге келді. Б.з.б. 3 ғасырдың аяғында халық сауығының бір түрі — мим кеңінен дамыды. Осы кезеңде трагедия (претекста) мен комедияның (паллиата) жаңа түрлері пайда болды. Алғашында ойын-сауықтар ғибадатханалар жанында қойылды. Тұңғыш театр ғимаратын б.з.б. 55 — 52 жылы сәулетші Помпей тастан тұрғызды. Шамамен б.з.б. 4 ғасырда масканың пайда болуы актерлік өнердің дамуына кең жол ашты. Әйелдер рөлін ерлер орындады. Империя дәуірінде цирк ойындары, әсіресе ежелгі амфитеатрлар мен Колизейде қойылған гладиаторлар сайысы, аңшының қауіпті аңмен айқасын көрсету өріс алды. Рим театры, драматургиясы дүниежүз. Театр өнерінің дамуында үлкен рөл атқарды