инерция моменті деп атайды. Олар нүктеге қатысты, өске қатысты, жазықтыққа қатысты жəне центрден тепкіш инерция моменттері болып бөлінеді. Механикада жиі қолданылатын өстік инерция моменті дененің айналмалы қозғалысы кезіндегі инерциясының өлшемі болып табылады. 4)Координаттық өстерге қатысты инерция моменттері дегеніміз не? Жүйедегі нүктелердің массалары мен олардың координаттық өстерге дейінгі қашықтықтарының квадраттарының көбейтінділерінің қосындысына тең скаляр шаманы атаймыз. 5)Өске қатысты инерция моменттері дегеніміз не? Дененің берілген өске қатысты инерция моменті өзгермейтін етіп, оның массасын осы өстен қандай өашықтықта орналасатын нүктеге түгелдей жинақтауға болатынын көрсететін сызықтық шаманы атайды. 6)Инерция радиусы дегеніміз не? Инерция радиусы –– көмегімен берілген оське қатысты дене инерция моменті дене массасының осы шама квадратына көбейтіндісімен өрнектелетін ұзындық өлшемді