Бактериологиялық зерттеу үшін алынған материал тазалығын сақтау қажет.
Бұл үшін мүшелердің тіліктерінен алынған кесектердің ұлпасын күйдіреді және
таза ыдысқа салады. Жүректің, жатырдың, несеп көпіршігінің тесік шығындарын
байлап, және кескін орынын жағады.
Ұсақ жануарлардың өліктерін жақсысы зертханаға ашып соймай жіберу
жөн. Материалды әдейі балауса күйде жібереді. Ұзақ аралықта мүше бөліктерін
30 % глицеринде фиксациялайды.
Бактериологиялық зерттеу үшін ауруға күмәнді әр түрлі мүшелер және
ұлпалардың материалын жіберуі мүмкін(1 кесте).