174
қабандардың өндіру қабілеттілігінің белгілі буаздық уақыты және с.с.). Сатушы
тарапынан болған жалған сатылымды сатып алушы 3 жыл көлемінде өзінің
кемшіліктері бойынша талаптарын, келісімде көрсетілген уақытқа дейін қоя
алады. Сатып алушының қызығушылығына байланысты ел қатарында белгілі
заңнамалар енгізіліп, кепілдік мерзімі қаралған, кемшіліктерді айқындап алу
үшін, келісімді бұзып, жануарды сатушыға қайтаруға құқығы бар.
Жануарды сатып алған соң, жұқпалы және инвазиялық ауруларға сараптама
жүргізіп, әр түрлі ауруларға инкубациялық кезең жүргізілген соң қолма қол
нәтижесі болуы керек, яғни, мұнда заң бабы жүреді, ауру жануарды сатқаны үшін
келіскен түрде сатушы айыпталмайды. Сою мақсатында сатып алынған
жануарлар саудасы кезінде де сатушы мен сатып алушының арасында
келіспеушіліктер болуы мүмкін, егер сойғаннан кейінгі қаралуда оның барлық
ұшасы немесе мейлінше бөлігі жарамсыз болады немесе шартты қолайлы болып
танылады.
Жұқпалы емес аурудың сипаттамасы, кері әсерін тигізгеннен бастап,
аурудың клиникалық бейнесінің дамуына дейін аз немесе көп ұзақ мерзімге
созалады, сондай-ақ жеткіліксіздікке апаратын, сатушы қарап үлгермеген
жағдайда болу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: