21
патологияны – дәнекер ұлпаның фибриноидты алмасуы деп атайды. Үрдістің
дамуы барысында дәнекер ұлпасы альбуминдармен және глобулиндармен
сіңіріледі, тамыр қабырғасының өткізгіштігі жоғарылағанда фибриноген ағады,
солай фибринге айналады. Соған байланысты, фибриноидтық ісінуге (фибриноид)
ұшыраған торша қалпына келмейді немесе дәнекер ұлпасының гиалинозына
ұласады.
Фибриноидтық ісіну кезінде, дәнекер ұлпаның құрылымы жойылады
(фибриноидтық некроз).
Гистологиялық гиалинозға ұшыраған ұлпа және әлсіз зақымданған
органдарда ерекше белгілер байқалмайды. Ұзаққа созылған үрдіс кезінде, ұлпа
сіңірленіп, тығыздалады және бозғылт түске айналады.
Нәтижесі. Гиалиноз, көбінесе, қайтымсыз үрдіс,гиалин шоғыры бірте-
бірте сорылады және тарап кетеді. Гиалиндік заттардың сорылуы және таралулары
болуы мүмкін. гиалинозға ұшыраған торшада, жиі кальций тұздары енеді және сол
кезде зақымданған ұлпа одан әрі тығыздалады және әлсіз болады.
Клиникалық белгілері. Жергілікті гиалиноз тыртықтарда ерекше
функционалдық бұзылулар шақырмайды. Жалпы гиалиноз айқын көрінген кезінде
органның функциясы бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: