25
нәтиежсінде серозды қабынған қақпақ пайда болады. Бүйректің көлемі
үлкейген, ақшыл нүктелермен жабынған, тіліктің беткейінде ақшыл-сүр немесе
сары-ақшыл ошақтар көрінеді. Микроскоппен қарағанда жарқын кристалдар,
некроз және дистрофияның түйіршікті түрінде бүйрек эпителийінің каналдары,
ал стромасы лимфоидты және алып жасушаларға енген күйінде көрінеді.
Аурудың аяқ саусақтарының буындарына несепқышқылдық тұздарының
шоғырлануымен сипатталуы подагра немесе буын диатезі(лат.Pous-аяқ, agrios-
қатты) деп аталады. Осыған байланысты буындар ісінеді, деформацияланады,
тығыз түйіндер дамиды(подагра домбығуы - topiuroci).
Несепқышқылдық бүйрек инфаркті – физиологиялық құбылыс, жаңадан
туылған төлдерде алғашқы 7 тәулікке дейін болып, одан соң жойылып кетеді.
Несепқышқылдық бүйрек инфаркттің пайда болуы зат алмасу үрдісімен
байланысты. Организмнен несептің толықтай бөліп үлгермеуіне байланысты,
қанда уақытша несепқышқылы концентрациясы жоғарылайды. Бүйрек тілімінің
бетінің ми қабатында қызыл-сарғыш түстес радиалды орналасқан жолақтар
көрініп, бүйрек стромасында және түзу каналды жарықтарда несепқышқылдық
тұздар жиналады.
Ересек жануарларда ауру кезінде және несеп көпіршігінің шырышты
қабығында бүйрек жамбасының несепқышқылдық өлі жасушаларына енгізілуі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: