26
әрекеттесуінен жіңішке талшықты байланыс түзіледі.
Эпителийдің шырышты дистрофиясы жоғары секрецияда немесе
шырыштың сапалы өзгергіштігінен пайда болады. Шырышты гиперсекрецияда
көптеген эпителиалды жасушалар өледі, шырышты массамен шығады және
араласады, катаральды қабынуларда және шырышты қабықтардың тітіркенуі,
әсіресе, тыныс алу және ас қорыту трактатында байқалады. Шырышты
қабықтар ісінген, ал ауруда, сонымен қатар қызарған, қан кетулермен, олардың
беткейі біршама шырышпен жабылған. Кисталар әдетте, шырыш бездерінің
өзегінің бітелуінің немесе қабыну үрдісінде дәнекер ұлпасының өсуінің
қысылуы кезінде немесе эпителиалды ісіктердің нәтижесінде дамиды.
Әдетте, кистаның шырышты қабығында бүйрек, жұмыртқалықта және
кистоаденомаларда псевдомуцин жиналады. Егер мукоидты заттар тығыздалса,
консистенциясы іркілдек сұйықтық немесе жартылай мұздатылған желімге
айналғанда, оны коллоид (гр.kollа - желім), ал патологиялық үрдісті –
коллоидты дистрофия деп атайды. Мысалы, коллоидты жемсауда фолликулалар
созылуының шектен тыс коллоидты массаларына байланысты қалқанша безі
айтарлықтай өседі.
Дәнекер ұлпаның шырышты дистрофиясы(талшықты, шеміршекті, сүйекті
және майлы). Осы дистрофияда дәнекер ұлпасының торша аралық заттары
шырыш тәріздес массаға айналады. Осыған байланысты мукополисахаридтер
кешенді қосылыстар шығарады. Талшықты құрылымдар нәтижесінде,
шеміршекті ұлпа капсулалары және негізгі заттар, сүйек торшасы ериді.
Нәтижесінде муциннің қасиеттерімен жартылайсұйық, тұтқыр масса дамиды.
Дәнекер ұлпалы жасушалар жұлдызшалы, үшбұрышты немесе ұршық тәрізді
ұзын өсінділер түрінде пайда болады. Ұқсас өзгерістер майлы торшада да
байқалады. Терінің макроскопиялық дәнекер ұлпасы және жүрек майы
домбыққан күйінде болады.
Арықтау жағдайы және эндокринді бездердің бұзылуы, дәнекер
ұлпасының шырышты дистрофиясының ауру себебі болып табылады.
Нәтижесі: зақымданудың әлсіз дәрежесінде және уақытылы жоюында
шақырылатын шырышты дистрофия,қалыпты түр көрсетеді. Кей жағдайларда,
ұлпаның ыдырауы нәтижесінде шырышты қуыс дамиды. Шырышты
дистрофияда, сонымен бірге, дәнекер ұлпалы ісік(фибромдар, остеомдар,
хондромдар, саркомдар және остео-хондромдар) болады.
Достарыңызбен бөлісу: