Құрғақ гангрена – gangrene sicca – ылғалды қоршаған ортаға шығару
нәтежиесінде, ұлпалардың кебуіне ұшырауынан болатын коануляциондық некроз.
Некроздалған ұлпалар ыдырамайды, бір-ақ, құрылысын сақтай отырып кебеді.
Олар бырысады, көлемі жағынан кішірейеді, тығыздалады, көмірленеді (қара –
қоңыр түске айналады).
Ылғалды гангрена – аутолиз үрдістері мен іріңді микрофлораның әсерінен
ұлпаның іріңді ыдырауымен асқынған колликвационды некроздан тұрады.
Сыртқы түрі бойынша зақымдалған ұлпалар жұмсақ, ыдыраушы, лайлы – сұр
немесе лайлы – жасыл түсті, кейде жағымсыз иісті, қара түсті болады.
Ядроларының гистологиялық өзгерісі: а) кариопикноз (грек. pykhos – тығыз) –
ядролары бырысқан, көлемі кішірейген; б) кариоресис (грек. rhexus – ыдырау) –
ядролардың жеке храмотинді үйіндіге ыдырауы; в) кариолизис (грек. lijsis – еру)
ядроларда қуыстардың пайда болуы (вакуольдер) және вакуолдердің бірігуіне
байланысты ядролары көрінбей қалады.
Цитоплазмада байқалады: а) плзморексис – ақуыздар коагуляцияланады
және ақуыздық дәндерге дейін ыдырайды; б) плазмолизис – цитоплазманың
сұйылуы.
Газды гангрена – кұшті газ түзілумен сипатталады, газ көпіршіктері тек өлі
ұлпа түрінде ғана емес, сондай-ақ, оны қоршаған сау ұлпа түрінде де кездеседі.
Пальпация және гангреналы ошақты кескен кезде жарылған көпіршіктердің
шуылы естіледі – крепитация.
Өлген ұлпалардан басқа, олардың әр түрлі ыдырау өнімдері кездеседі.