Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет73/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126
4.Перипневмония 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Перипневмония  (өкпенің  жаппай  қабынуы)  –  ірі  қара  малда  –  өңпенің 
фибринозды  қабынуымен  сипатталатын  контагиозды  ауру.  Ұсақ,  полиморфты 
микроағзалардың  әсерінен  туындайды.  Ірі  қара  малдар,  жабайы  өгіздер, 
буйволдар және қодастар сезімтал келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
Патогенезі:  аэрогенді  зақымдалады.  Бронхтардан  перибронхиальді  ұлпаға 
өтеді,  бронхит  және  перибронхит  ауруларын  тудырады.  Үрдістің  басында 
бронхтардың  айналасына  лимфоидті  торшалар  жиналады  және  ұлпа  серозды  – 
фибринозды эксудатпен қанығады. Перибронхиальді ұлпадан лимфалық саңылау 
және  тамыр  арқылы  қоздырушы  аралық  дәнекер  ұлпасы  мен  альвеола  аралық 
бағанаға енеді. Алғашында қабыну бір немесе бірнеше бөліктерді қамтиды, кейін 
барлық  ұлпаны  және  соңында    екі  өкпедегі  барлық  өкпенің  жеке  бөліктерін 
қамтиды, яғни пневмония лобулярлыдан лобарлыға өтеді.   
 
 
 
 
Перипневмония  кезінде  үрдістің  анық  сатылығымен  типтік  фибринозды 
қабыну  дамиды.  Алғашында  зақымдалған  бөлікте  белсенді  гиперемия  сатысы 
байқалады.  Кейін  кеңейген  тамырлардан  альвеолалар  мен  бөлік  аралық  дәнекер 
ұлпаларына  құрамында  көп  мөлшерде  эритроциттері  бар  серозды  –  фибринозды 
экссудат  ағады.  Ол  альвеолалардан  ауаны  ығыстырады,  нәтежиесінде  қабынған 
бөлік  тығыздалады,  қызыл  түске  айналады  (қызыл  гепатизация  сатысы). 
Тамырлар  ақырындап  сығылады,  тамырдан  шыққан  эритроциттер  бұзылады. 
Нәтежиесінде  лейкоциттердің  мөлшері  ұлғаяды,  зақымдалған  бөлік  сұр  немесе 
сары түске айналады (сұр гепатизация сатысы). 
 
 
 
 
 
 
Перипневмония  кезінде  қабыну  үрдісі  ақырын  таралады,  кейін  барлық 
бөліктерін  бірінен  соң  бірін  қамтиды.  Сондықтан,  бір  бөлігі  қызыл  гепатизация, 
ал басқа біреу сұр гепатизация сатысында болуы мүмкін. Олай болса, өкпелердің 
түсі біркелкі болмайды. Өкпенің алалығы күшейеді, бұл ұлпаның қабыну кезінде 
аралық ұлпа лимфа және қан тамырларын жиі тромблайды, ол өкпе ұлпаларының 
қанмен  қанығуын  және  қоректенуін  бұзады.  Лимфа  және  қан  айналымы 
бұзылуының  нәтежиесінде  өкпе  бөліктері  өледі.  Олардың  айналасында 
гистоциттер  мен  фибробласттар  көбейеді,  олардан  дәнекер  ұлпалық  капсулалар 
түзіледі. Капсулаға жанасқан некроздалған ұлпа еріп, секвестр түзеді.   
 
 
Ақыры  қолайлы  болған  кезде,  альфеолалардағы  фибрин  лейкоциттермен 


89 
 
бөлінетін  ферменттердің  әсерінен  еріп  кетеді.  Экссудат  бронхлар  бойынша 
жойылады  немесе  жеке  –  жеке  лимфа  жүйесімен  сорылады,  альвеолалар  ауға 
толады  –  жою  сатысы.  Бірақ,  ақыры  қолайлы  болған  кезде,  өкпе  толық  қалыпқа 
келмейді,  себебі,  бөлік  аралық  және  альвеола  аралық  бағаналардан  ұзарған 
дәнекер  ұлпасы    өкпе  ұлпасын  серпімді  етеді,  өкпенің  индуоһрациясы  болады, 
нәтежиесінде секвестр әктенуі мүмкін.   
 
 
 
 
 
 
 
Паталогиялық ашып сою: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Кескен кездегі түсі мраморлы, бөлік аралық дәнекер ұлпалық қабатпен тез 
кеңейген,  сұр  және  қызыл  гепатизация  сатысында  лобулярлы,  лобарлы 
зақымдалу.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2. Фибринозды немесе фиброзды плеврит немесе перикардит. 
 
 
 
3.  Тері  асты  клечаткасының ісігі, бауырдың некроздық ошақтары  және ішек 
пен ұлтабардың кілегей қабығының катаральді қабынуы.   
 
 
 
 
Созылмалы формасы кезінде:   
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Секвестр жуандаған және бөлік арасындағы дәнекер ұлпалық қабат тығыз, 
перибронхиттер және периваскулиттер, сонымен қатар тыртықтар. 
 
 
 
2. Өкпе аумақтарында созылмалы үрдістің ассқынуы кезінде сары немесе сұр 
гепатизациялы  қабыну  үрдісі  байқалады.  Үлкен  аумағы  зақымдалған  кезде 
өттектік ашығу, интоксикация дамиды, өлімге ұшырайды.   
 
 
 
 
Перипневмония 
кезінде 
диагнозды 
эпизоотологиялық 
жағыдайын, 
клиникалық  белгілерін,  КБР  нәтежиелерін  есепке  ала  отырып  қояды.  Негізгі 
белгілері: өкпенің мраморлығы және секвестрдің болуы.   
 
 
 
 
Гистологиясы:  бронх  аумақтарында,  бөлік  арасындағы  дәнекер  ұлпалық 
қабат  пен  альвеола  шеттерінде  (шектеулі  пролиферация)  фибробласттар  мен 
ретикулоэндотелиальді жүйе торшаларының көбеюі анықталады. 
 
 
 
Ажыратып балау: Геморагиялық септицемия өткір, жиі трахеяда, бронхтарда 
және  басқада  ағзаларда  жиі  қанталаулар  түрінде  өтеді.  Қабыну  үрдісі  өкпенің 
барлық аумағын бірден қамтиды. Бактериологиялық зерттеу кезінде  өкпеден ғана 
емес, басқада ағзалардан пастереллаларды анықтайды. 
 
 
 
 
 
Спонтанды  фмбринозды  пневмония  кезінде  дәнекер  ұлпалық  қабат 
зақымдалады,  сирек  бейнесінің  ала  түсі  мен  ретикулогистоциттерінің 
пролиферациясы байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет