170
орындардың терінің тілімін және сол орынға жататын бұлшықетті жібереді.
Бүлінген азықтармен улануда, зертханаға қалдық азықтардың сынамасын
жібереді. Уланған жануарлардың эксгумациясында, сақталған мүшелер мен
бұлшықеттерден алынған сынамалардан басқа, өліктің астынан 0,5кг және өліктің
беткейінен 0,5 кг топырағын жібереді.
Жайылымнан улануда, жайылымның әр жерінен алынған өсімдіктерді
жібереді.
Тыңайтқыштардан улануда, олардан 100 г мөлшерде сынама жібереді.
Әр сынаманы бөлек банкаларға салады, жақсылап буып түйеді, бастырады
және қажет болған жағдайда әдейі жібереді.
Осымен бір мезетте ілеспе құжат, баяндалған жағдайға байланысты жіберу,
сондай-ақ өлікті ашып сою протоколы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: