Мезгіл мəнді құрмаластар: Біз барғанда, ауыл өзен жағасында екен. Жұман бай Көпей бәйбішенің бір қапысын таппай да қалған емес, бәйбіше зекімей де қалған емес. Бұл сөзді Мәриямның аузынан естуі-ақ мұң екен – Бәкен ұшып кете жаздады. Арада екі-үш күн өтпей жатып, аңшы досы шатырға тағы келді. Себеп мəнді құрмаластар: Биыл қар ерте түсіп, егіннің біразын жинап үлгермедік. Аяғының сырқырағаны басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырды. Ауылдары алыс болған соң, олар бір-біріне сирек баратын. Мәди үндемеген соң, журналисттің сұрағына, Әзиза жауап берді. Ағасы сыйлаған, сондықтан оны үнемі өзімен алып жүреді. Әлде кімнің әлі келмей жатқанын аңдап қалған болуы керек, оқыс қимылдап, тез барып жетті.
Амал мəнді құрмаластар: Қалжыңы, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді. Қоңыраулары шылдырап, үлкен күймелер лек-легімен келді. Маған Кәкітайды итере түсіп, өзі соның артын ала жүгірді. Мақсат мəнді құрмаластар: Хабар келіп қала ма деп, күн сайын күтеді. Оқығандарым есте қалсын деп, қайталап жатырмын.