1. 2021-2022 оқу жылында бекітілген мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес мектеп формасын киюі тиісті . Мектеп формасы: Қыздар үшін - жағасы, жеңі бар ақ көйлек , классикалық қара немесе қара көк пиджак (немесе классикалық үлгіде қара немесе қара көк жемпір), тізеге дейін келетін офис үлгідегі қара немесе қара көк белдемше, 1- 7- сынып қыздарына-ақ бантик; /"Жас Ұлан" тобының мүшелеріне-көк галстук/,классикалық үлгіде аяқ киім / Ескертпе: спорттық аяқ киім киюге болмайды /;
2. Мектепке боянып келуге болмайды / ерін далабы , кірпік сүрмесі , татуаж ,тональный крем, пудра т.б. ./;
3. Мектепте шашы ұзын қыздар шаштарын жинап немесе өріп жүруге тиісті;
4.Мектепке бір түсті колготки кию тиісті / сәнді, мектепке сай емес, түрлі-түсті колготки немесе колготкінің үстіне гольфи киюге болмайды / ;
5.Мектепке сәнді әшекейлер тағуға болмайды / алқа, сақина, білезік, үлкен сырға , т.б./
Достарыңызбен бөлісу: |