10.4.1.5 шаруашылық салаларын орналастыруда кеңістіктік (аумақтық) факторларды талдау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Шаруашылық салаларын орналастыруда кеңістіктік факторларын түсінеді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Шаруашылық салаларын орналастыруда кеңістіктік факторларын сипаттап бере біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Шаруашылық салаларын орналастыруда кеңістіктік факторларына мысалдар келтіріп салыстырып бере алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.