1-Тапсырма
Тәжірибе.
Сүзбенің үш түрінің құрамындағы крахмалды анықтау
Саған қажет: – йод ерітіндісі; дәрі тамызғыш; картоп түйнегінің кесіндісі; түрлі өндіруші өндірген үш түрлі сүзбе.
Тәжірибе барысы:
1. Крахмалға сапалы реакцияны іске асыр. Егер өнімнің
құрамында крахмал бар болса, онда йодтың түсі өзгеріп, қошқыл күлгін түс пайда болатынын білесің. Сенің көз алдыңдағы
бақылау үлгісі – картоп. Картопқа йод ерітіндісінің тамшысын
тамыз – түсі өзгереді, сосын қасына йодтың өзін тамызып көреді.
Йодтың шынайы түсін көресің.
2. Йод ерітіндісінің бір тамшысын сүзбенің әр түріне тамызып көреді. Йодтың түсі қалай өзгеретінін байқайды.
3. Оның түсін сипаттайды. Қорытынды жасайды.
|