Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Сізге ұсынылған Мархабат Байғұттың «Жоғалған жұрнақ»



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата02.02.2023
өлшемі488,24 Kb.
#64759
  1   2   3
Байланысты:
Жоғалған жұрнақ Мархабат Байғұт



Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Сізге ұсынылған Мархабат Байғұттың «Жоғалған жұрнақ» әңгімесінің
осы электронды нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. 
Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін. 
 

 
Жұрнақ кӛке жынданып кетіпті деген хабарды біз кӛктемгі 
каникул кезінде естідік. Қонақбай ағайды қатты аядық. 
Ол кісіні, яғни қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін Қонақбай 
ағайды біресе кӛргіміз келеді, біресе қорқатын сияқтымыз. Жалғыз 
ұлы жайында Желтоқсан кӛтерілісінен бері апта аралатпай жетіп 
жататын адам иланғысыз ақпараттарды арқалап жүргеніне 
біржарым жылға жуықтап қалғанын бәріміз білеміз. 
Текемет кенті түгел біледі. 
Текемет түгілім, алты шақырым жердегі Айқұмырсқа аулы да, 
алпыс шақырым алыстағы аудан орталығы да біледі. Сексен 
жетінші жылғы қаңтардың ӛзінде Қонақбай ағайды ауданға қайта-
қайта шақыртқан. Онда қысқы каникул еді. Қасақана қар қалың 
түсіп, біздің белуарымыздан, ағайларымыз бен апайларымыздың 
тізелерінен асып кетті. Алғаш аяз қысып тұрдыдағы, кенет 
Қазығұрттың қойнауларын суық үнді суыл кернеп, бӛрі-боран ұлып 


қоя берді. Текемет кентінде тӛрт-бес күндей жарық болмай қалды. 
Бағаналар құлап, ұзынынан түсіп сұлап жатты. 
Сонда ғой, қысқы каникулдан кейінгі алғашқы сабаққа кірген 
Қонақбай ағайды біз танымай таңырқағанбыз. Мектебіміздегі 
барлық мұғалімдерден биік кӛрінетін ағайымыз мұқым-мүлде 
кішірейіп кеткен екен. Қоңырқайлау тақтаның тӛбе тұсындағы 
“Кӛптік жалғаулар” деген ірі-ірі жазулар қатарынан кӛрінетін қара 
шашы мен қайран басы жарты метрдей тӛмендеп, “Септік 
жалғаулар” дейтін кӛрнекі плакаттың етегіне дейін пәсейіпті. Екі 
беті бірдей үсікке ұрынған. Бәрінен де бетер қайран қалдырғаны 
қалжыраңқы Қонақбай ағайымыздың жайшылықтағы жылуарлы 
жанарының бұрынғы нұрынан жұрдайлығы еді. 
Қонақбай ағайдың жалғыз ұлы Жұрнақ кӛке Мәскеудегі аса ірі, 
атақты оқу орнына түскен және оны қызыл дипломмен бітіруіне 
бес-алты ай қалған мақтанышымыз болатын. Текемет кентінен 
тауарлы пойызға мініп кетіп, ешкімге айтпастан, Мәскеуіңіздің 
ӛзінен бір-ақ шыққан. Жүздеген мың талапкерден біреуінің қолы 
бәлкім жетіп, бәлкім жетпес ӛзгеше оқуға ӛз күшімен түсіп, алты 
жылдан астам уақыт оқып, Алматыдағы сүйген қызына келмей ме, 
баяғы. Сексен алтының қысында. 
Ал, әрине, жайдан-жай айнымас, ӛздігінен қораланбас. Десетін 
еді қариялар. Ол Жер жарықтықтың жүзінде тіршілік кешетін 
саналы жаратылыс иелерінің пейіл-пиғылынан пайда болатын 
тексіздік тозаңдарының қалыңдауынан қорланып, қораланар. 
Желтоқсандағы жарқырап тұрған айдың он бесінде толып, алайда 
айналасы табан астынан тозғындана торланып, тозаңыта қораланып 
тұрғанын байқатпаған бал тәтті жолығыстың жалғасы тірсегінен 
қиылып түсер деп кім ойлаған. Ӛзінің кӛгінен жарып шыққан жас 
ұрпақты жау тұтатын да жаһаннам жүйелі қорқау қоғам бола 
берерін біз қайдан білейік ол кезде. Әйтеуір Жұрнақ Қонақбайұлы 
сынды мәскеулік студенттің де “бүлікшілерді” бастаушылардың 
бірі екенін естідік. Текемет кентінде, Қазығұрт тауының бір 
бүйіріндегі кеңшар орталығында сыбыр мен күбір кӛбейді. 


Жұрттың бәрі бір-біріне ашып ештеңе айтпауға айналған. Күдік пен 
күмән ауруы асқына түскен. 
Қазақ тілі мен әдебиетінің сабақтары сирексіді. Қонақбай ағайды 
аудан мазалап, облыс жазалап, онсыз да қылқиып қалған мойнына 
қыл тұзақ салып, қыл тізгін тағып қойғанын сезінбедік дей 
алмаспыз. Мұғаліміміз сабақтарын сұлық-салқын ӛткізеді, басын 
кӛтеріп бетімізге тіке қарауды қойған. Қонақбай ағайға ӛмір 
ӛгейленді ме, әлде ӛмірге ағай ӛгей тартты ма, әйтеуір қандай да бір 
күрделілеу құбылыстарды, қиянат қана қалдыратындай қияс 
сызаттарды сезінетінбіз. Газеттердің бірінші беттерінен ызғар 
шашып, зымияндана жымиятын келімсек кӛсемдейін ӛмірдің түсі 
де соншама суып, жуық жылдары жылымасқа кеткенін де 
ағайымыздан аңғарып, жүрегіміз суылдайтын. 
Жұрнақ кӛкені соттағалы жатыр екен десті. 
Қонақбайұлы Жұрнақ ӛзі оқып жүрген Мәскеуге аяқ-қолы 
кісенделіп әкетіліпті десті. Тіпті Текемет кенті арқылы тор терезелі 
вагондар тіркелген состав ӛтіп бара жатқанда ӛз кӛздерімен кӛріп, 
ӛз ауыздарымен айтқандардан анық естігендерге дейін табылатын 
секілді. Сілікпесі шыққан қырларын ауырсынғандай арса-
арсаланған абыз Қазығұртыңыз сексен жетінші жылдың қысынан 
қатты қажыған. Сұрапыл борандар сары долананы сұрғылт 
тамырымен суырып лақтырған айлар артта қалғанымен, біздің 
ағайымыз ауыртпалықтан арыла алмады. 
Міне, сексен сегізінші жылдың кӛктемгі каникулында Жұрнақ 
кӛке жынданып кетіпті деген қан жоса хабар да келіп жетті. 
Басқаларды мен қайдан білейін, ӛз басым үшін осынау ошарыңыз 
Текемет кентінің тӛбесінен тӛнген зауалдай сезіліп, есеңгірей 
омалып, отырып қалдым. Алқым түймесін ағытып тұрып алқынып 
айтқан сыныптас қызды қылқындыра буындырғым бар, бірақ суық 
кӛктемде от жанып жатқан ошаққа арқа тіреген күйімнен кӛтеріле 
алар емеспін. Кӛршінің қызы қайтадан шығып кете барған. Зорлана 
түрегеліп, терезеден қарасам, сыныптас сұлуым кӛшенің арғы 
шетінде селтиіп тұр екен. Қимылсыз қатып қалған. Кенет менің 
кӛзім де Қонақбай ағайдың үйі жаққа түсіп кетті. Жалғыз түп 


жаңғақтың жапырағы жыл сайын тӛгіле-тӛгіле әбден қыналып, 
қарайып кеткен шиферлі шатырынан ба, Жұрнақ кӛке жайындағы 
жаманат хабардан ба, ағайымыздың жанарындай жарық нұр 
шашатын үш бӛлмелі үй қара жамылғандай қорқынышты кӛрінді. 
Әзерлей түрегелген тұсыма тізерлей жеткенімде, басым бір жағына 
қарай зіл тартып, шыр айналып жӛнелді. 
Бір қарасам, Текеметтің тӛрт палаталы шағын ауруханасында 
жатырмын. Терезеден қарауыта қоңырайған Қазығұртты кӛзім 
шалды. Сонсоң мамам мен медбике екі жағымнан бірдей бетіме 
тӛне үңілді. Одан арғысы белгілі. Айналып-үйірілу, құшақтау мен 
ағыл да тегіл кӛз жасы. 
Ауруханадан апта ӛткенде зорға шығарды. 
Тағы бір апта сабақтан босатылатыным туралы анықтама 
берілген. Сол күні түс аумай жатып-ақ сыныптастарым кӛңіл 
сұрамаққа келген. Бірақ біреуі де бұрынғыдай еліріп, ентікпейді. 
Ентелеген ешқайсысы жоқ. Танауларының тып-тыныш, тым-
тырыстығына таңырқаймын. Делдиіп, желпілдемейді жүдә. Не 
болған сонда бұларға? Әрине, үлкендер үнемі қайталап, 
қағидалайтындай, бәріміз де пендеміз. Ең алдымен адам деген 
хайуан ӛзін ойламай ма? Мына мен хайуаныңыз дағы ӛзімді алға 
шығарыппын-ау сонда. Түсіндіңіз бе?! Сыныптастарымның сүлесоқ 
тұрпаттарына байланысты басымнан ба, әлде басқа бір жерімнен бе 
аса қауіпті ауру табылған екен ғой деп түйгенім рас. Сӛйтсем... 
Сӛйтсем... 
Қонақбай ағай... 
Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін, жыл жарымға жуық 
уақыттан бері жаһаннам қоғам ба, жандайшап адам ба, азапқа буып, 
тозаққа таңып тастаған қайран ағатайымыз қайтыс бопты. 
Ол кісіні жерлеуге жеті-сегіз адам ғана қатысыпты. Жаназасы 
жасырын 
шығарылған 
деседі. 
Мектеп 
мұғалімдері 
мен 
оқушылардың баруына мұқым тыйым салынған. 
Бәріміз 
бір-бірімізбен біздің үйде құшақ айқастырып, 
үлкендерше кӛрістік. Неге екенін кім білсін, ӛкіре дауыстап, шер 
тарқатқымыз келгенімен, үнімізді шығармай, әлдекім әлдеқайда 


барып айтып қоятындай-ақ қысылып, қыстығып жыладық. 
Жасырын аққан жас кӛзді қаттырақ ашыта ма, баршамыздың 
жанарларымыз Текемет кентінің шеткері үйлерінде кӛзге қарай 
кӛбірек басылатын текеметтің тӛріндегі қызыл бояудай білеулене 
домбықты. Ойпырай десеңізші, сонда ше, бір-бірімізге бұрынғыдай 
сенімді де еместейміз. Жасқаншақтай, жалтақтай қарайтындаймыз. 
Бас шіркінді сескене, секемдене кӛтеретіндейміз. Сӛйтетінімізді 
сыныптастарымыздың қай-қайсысы да сезбейді дей алмаспыз. 
Бәрібір, біздің үйде, оңашада осылайша еркіндеу егілгенбіз. Кӛз 
жасымызды кӛлдете бір тӛгілгенбіз. Топтаспаңдар дейтін тәртіпке, 
бас қоспаңдар деген бұйрыққа бағынбағанбыз. Қазығұрттың 
қойнауындағы қыраңда қарауытып жатқан Қонақбай ағайға ғана 
шағынғанбыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет