ҚҰРметті конференция қонақтары мен қатысушылары!


-  Жуырда,  сан-салалы  ғылымды  жан-



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата14.02.2017
өлшемі2,11 Mb.
#4134
1   2   3   4   5

-  Жуырда,  сан-салалы  ғылымды  жан- 

жақты игере білген қоғам қайраткері Халел 

Досмұхамедовтің  130  жылдық  мерекесіне 

ғылыми  зерттеуші  ретінде,  халелтанушы 

ғалым ретінде қандай үлес қоспақсыз?

–  Халел  Досмұхамедов  жан  –  жақты 

көп  қырлы  ғалым.  Еліміз  тәуелсіздік  алған 

жылдардың  ішінде  Халел  Досмұхамедовтен 

жеткен мол  еңбектерін жастарымыздың білімі 

мен ұлт мүддесі жолында түрлі ғылыми жоба-

лар  мен  бастамалар  ашу  ісі  қолға  алына  ба-

стады.Оған  дәлел,  республика  деңгейінде  де 

үлкен  шаралар  өтілетінін  өздерің  білесіңдер. 

Осындай  мақсатта,  Республика  көлемінде 

«Досмұхамедов  оқуларын»  өткізу  және  Пе-

дагогика  және  өнер  факультеті  жанынан 

Х.Досмұхамедов атындағы педагогика – психо-

логия  зертханасын  ашуға  (университетіміздің 

оқытушы  –  профессорлары  бір  адамдай  бо-

лып)  жұмыстанудамыз.  Зертхана  қорында 

Х.Досмұхамедов  мұрасы  жөнінде  7  кітап, 

5  республикалық  –  тәжірибелік  конфе-

ренция  материалдары  жинағы,  200  тарта 

әртүрлі  республикалық,  облыстық  басылым-

дарда  жарық  көрген  халелтанушылардың 

ғылыми  мақалаларымен  қатар,  Өзбекстан 

Республикалық 

Орталық 


мемлекеттік 

мұрағатынан  100-ге  тарта  алынған  құжаттар 

жинағы 

мен 


Қазақстан 

Республикасы 

мемлекеттік  мұрағатынан  алынған  64  мұрағат 

құжаттары, Ұлттық ғылым академиясының си-

рек  кездесетін  кітаптар  қорынан  1922  –  1926 

жылдары  шыққан  еңбектерінің  көшірмелері 

жинақталып, зерттеуші қауымға, магистранттар 

мен студенттердің назарына ұсынылады.



- Х.Досұхамедов мұрасы – ғақлияға толы 

таусылмас  қазына.  Ал,  осы  қазынаны  са-

налы  игере  білу,  болашақ  ұрпақ  қолында. 

Осы тұрғыда, педагог ретінде қазіргі кезде 

Х.Досмұхаметовтің  есіміне  ие  осы  жоғары 

оқу  орнының  жалынды  жастарымыздың 

бойынан ұлт зиялыларын танып – білумен 

қатар, 

оларды 

құрметтеуде 

қандай 

қасиеттерді жоғары бағалар едіңіз?

-  ХХ  ғсырдың  басындағы  бодандықтың 

бұғауындағы бейқам халықты өркениеттің өріне 

сүйреген  көсемдердің  көзге  шалынар  басты 

қасиеті – олардың қайсысы болсын жан – жақты 

«сегіз – қырлы, бір – сырлы» тұлғалар болатын.

Саяси күрескер, жалынды патриот, киелі өнер 

иесі және өз мамандықтарының білгірі болуы – 

кейінгі толқын жастарға үлкен өнеге. Осындай 

алып тұлғалардың бірі, әрі бірегейі – профессор 

Халел  Досмұхамедов  екені  анық.Алайда,  ұзақ 

жылдар  бойы  Х.Досмұхамедов  сынды  қазақ 

халқының аяулы перзенттерінің атын ататпау, 

оның ел алдындағы еңбегін елеусіз қалдыру са-

ясаты зерттеуші ғалымдарымыздың қаламына 

тұсау  болып  келді.  Халел  Досмұхамедов  ту-

ралы Әбіш Кекілбайұлы «Өзіне табиғат аямай 

берген  дарынды  терең  біліммен  толықтырып, 

ана  тілімізге  қоса  араб,  парсы,  түрік,  орыс, 

неміс және француз тілдерін қажетті дәрежеде 

меңгеріп,  сол  тілдерде  еркін  оқып,  сөйлеп, 

жаза  білген  Халел  Досмұхамедұлы  көзінің  тірі 

кезінде алдына жан салмас ғажайып лингвист, 

фольклорист,  тарихшы  –  этнограф,  аудар-

машы  болған.  Жан-жақты,  әмбебап  білімінің 

арқасында  ол  биология,  зоология,  медици-

на салаларында да көп еңбек қосқан ғалым», 

–  деп  баға  берген  болатын.  Дәл  осындай 

қасиет  қазіргі  тәуелсіз  қазақ  елінің  болашағы 

жастардың  бойынан  табылса,  олар  бірнеше 

тілді білсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Сонымен  қатар,  Х.Досмұхамедов  жас 

ұрпақтың  бойында  адамгершілік,  имандылық, 

мейірімділік,  т.б.  сияқты  халқымыздың 

асыл  да  абыройлы  қасиеттерін  егумен 

қатар  елжандылық,  отансүйгіштік  сезімді 

қалыптастыруда,  ең  алдымен,  халықтың,  ру-

хани азығының қайнар бұлағы, оның халықтық 

педагогикасымен  ұлттық  салт-дәстүрін  терең 

сіңіру керек деп есептеді. 

Оқыту  үрдісінде  отызыншы  жылдардың 

өзінде  табиғатты  қорғау  ісін  жандандыру-

да  біршама  алға  жылжу  байқалды.  Мәселен, 

өсімдіктану, география, жануартану пәндерінің 

оқу бағдарламаларына экологиялық білім беру 

мен  табиғатты  қорғау  ісіне  тәрбиелеу  жөнінде 

қосымша материалдар енгізіле бастады.

Бұрын  да,  бүгін  де  күн  тәртібінен  түспей, 

ұлттық проблемаға айналып отырған қазақ тілі 

мәселесіне Х.Досмұхамедов 20-30 жылдардың 

өзінде-ақ қазақ тілінің ғылым тіліне айналуына 

барынша ден қойды. Жас ұрпаққа елжандылық 

тәрбие берудегі басты ұстанымы: туған өлкенің 

тарихын, этнографиясын, әдебиетін, мәдениетін, 

табиғатын оқып-үйретуді бірлестіретін кешенді 

пән  өлкетануды  дұрыс  жолға  қою  болды. 

Ғасыр  басында  көтерілген  тәуелсіз  Қазақстан 

жастарын 

патриотизмге, 

елжандылыққа 

тәрбиелеу  ісіне  бұл  пәнді  пайдаланудың 

маңызы  жоғарлай  түсті.  Қорыта  айтсам,  Ха-

лел еңбектерінде қозғап – көтерген мәселелер, 

қазіргі жастарымыздың бойында игі қасиет бо-

лып артпаса, кеміген жоқ деп ойлаймын.

–  Қалай  ойлайсыз?  Ел  тәуелсіздігіне 

20  жылдан  астам  уақыт  болды.Ал,  осы 

ел  мүддесі  жолында  аянбай    тер  төккен 

Халел    бабамыз  бастаған  өзге  де  ұлт 

саңлақтарының аңсаған мемлекетіне, қазіргі 

таңда  қол жеткізе алдық па?Тұлға ретіндегі 

жеке өз ойыңыз... 

– Иә, әркімнің жеке пікірі бар. Сауалыңызға 

толықтай  қосыламын!  Жасыратыны  жоқ, 

қазіргі халқымыздың жағдайы тәуелсіздік таңы 

арқасында  қай  салада  да  болмасын  жаңа 

бетбұрысқа,  жаңа  жағымды  бастамаларға 

ие  болды.  Тәуелсіз  Қазақстанымызды  қай 

қырынан  сипаттасақ  та,  ауыз  толтырып  ай-

тылар  оқиғалар  мен  өзгерістер  жетерлік.  Бұл 

туралы  бесіктегі  бала  мен  еңкейген  қарияға 

дейін  білері  анық.  Әрі  еліміздегі  түрлі  басы-

лымдар мен радио – телеарналардан еліміздің 

күн  санап  жеткен  жетістігін,  төрткүл  дүниеге 

паш  етуде.Меніңше,  Алаш  саңлақтарының 

аңсаған  мемлекетіне,  қазіргі  таңда  түбегейлі 

қол  жеткізе  алдық.  Оған  дәлел,  еліміздің  20 

жылдан  астам  уақыт  ішінде  бағындырған 

экономикалық, саяси, мәдени, білім мен ғылым 

және  одан  да  өзге  сан  –  салалы  қырлары 

қарқынды  дамуда.  Халқымыздың  әлеуметтік 

мәселесі  Елбасымыздың  арқасында,  бірінші 

орынға  қойылып,  барлық  жағдайлар  ауылдан 

бастап  жасалуда.  2017  жылы  «EXPO  –  2017» 

көрмесін де қарсы алып, бар әлемге барымыз-

ды көрсетіп, бағымызды сынамақпыз. Осының 

өзі, өзге ұлт пен ұлыс таңдай қағып, тамсана-

тын мәртебе емес пе?!

- Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбат жүргізген: Ақбота АХМЕТОВА,

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 

ІІІ курс студенті 

ҰЛЫҚТАУҒА ЛАЙЫҚТЫ ҰЛТ ЗИЯЛЫСЫ



Биыл,  яғни  сәуір  айында  қазақ  халқының  қоғамдық  –  саяси 

және мәдени өмірінде жарқын із қалдырған – ағартушы ұстаз, 

жоғары білімді дәрігер, зерттеуші, әдебиетші, тілтанушы, ау-

дармашы, қоғам қайраткері, өлкеміздің аяулы төл перзенті Ха-

лел Досмұхамедовтің (1883 – 1939) туғанына 130 жыл толу мерей 

тойы. Осыған орай, еліміздің жер – жерінде әр түрлі бағыттағы 

түрлі  шараларға  ел  болып,  жер  болып  әзірленіп  жатқанымыз 

анық. Әрине, бұл – еліміздің тәуелсіздік таңы арқасында біраз 

асуларды  бағындырып  жатқанымызды  айтпағанның  өзінде, 

ұлт зиялыларының тарих қойнауында қалған құнды дүниелерін 

өзіміз зерттеп, өскелең ұрпаққа бұрынғыдай емес, ашықтан – 

ашық, бүкпесіз жеткізе алатын шаққа жеткеніміздің айғағы.

5

АЙТЫС - РУХАНИ ҚАЗЫНА

Ерболат:

Бісімілла дегендейін тұр да,қашпа,

Бұл балаң өлең атты мінді ағашқа.

Тойыңа текті ұлыңның айтыс жасап,

Серінің сөз саптауын шыңдамасқа.

Халелдей хаһарманның 130 жыл,

Толуы мереке ғой күллі Алашқа.

Есімін Мұрат қойған ерекше ұл,

Сөздері ерік бермес тыңдамасқа.

Жасынан хат таныған жалын балаң,

Боп еді елім деген көзқараста.

Құмына Тайсойғанның аунаған ұл,

Әрине, жарасады бұл да жасқа.

Арнайын аруағына жырларымды.

Сөйле тіл,шабыт сандық сырлап аш та.

Бабасы артық туған Халел болса,

Баласы неге оны жырламасқа?

Көшейін көсем сөздің қапталына,

Шабыт кеп жырлайтұғын шақта мына,

Бабамның бала кезі қандай болған?

Мен де енді сөйлейінші ақтарыла.

Басқаның баласындай ойын қумай,

Газеттің үңілетін ақпарына.

Кітаппен жолдас болып кішкентайдан.

Басқа істі жолатпайтын жат жанына.

Шетелдің ғалымдарын үлгі қылып,

Қызыққан еңбегі мен аттарына.

Барғанда жәрмеңкеге қызық қумай,

Зер салған жақсылардың заттарына.

Ән менен күй дегенде алып ұшып,

Қуанған жақсы жолды тапқанына.

Әкесіне Досмұхамед таңырқаған,

Баласы тай күнінен шапқанына.

Осылай он жасында Халел бабам,

Ілінді білімдінің қақпанына.

Сол шыққаннан жұлдызы жарқырады.

Шүкір деп отыратын ақ таңына.

Бір қазақтың кішкентай Халел ұлы,

Бар қазақтың айналды мақтанына.

Ер жігіт өз ішінен тынып жүрер,

Бірақ та іштей бәрін біліп жүрер.

Бөбекжан, айналайын аманбысын,

Қызсың ғой жақсы түсін жорып жүрер.

Сеніменен бұрыннан айтысушы ек,

Әрине, ол айтысты көріп жүр ел,

Бүгін тағы кезіктік сөз үстінде,

Ойыңды мәрт бабаңа бөліп жібер.

Халел атам есімін жыр қылайық,

Шекпенін саумал сөздің сөгіп жібер.

130 жыл 130 шумақ айтпасаң да,

Екі ауыз  өлеңіңді төгіп жібер.

 Бөбек:

Айналайын ағайын,

Шаршы топты бір жарайын.

Ата-баба жолымен

Амандасып алайын.

Азат бір елдің көгіне,

Қыран боп қанат қағайын.

Домбыраммен әдемі

Бір әуенге салайын.

Көңілде сайрап жыр құсым,

Ұстаздың алдым үлгісін.

Ерболатжан, армысың,

Аман да есен жүрмісің.

Дендерім сеніп жіберген,

Қырандай баулып бір құсын.

Қуанып отыр бұл жүрек

Жолықтырған соң құрбысын.

Ал енді маған қарағын ,

Қарсылас келген, қарағым.

Жақсы жырменен жебесең,

Өзіңді досқа санадым .

Оқ тиіп кетіп жүрмесін

Игенде жырдың садағын.

Ілесе алмай қап жүрме, 

Шаңыма көміп барамын.

Тайсойған құмы-ырысым.

Тылсым бір сырлы тынысың.

Толғатып туып өмірге ,

Әкелген ұлттың ұлысын.

Кешегі өткен Махамбет,

Мұраттың жарқыл жырысың.

Халелдің арман тілегі,

Айтылмай қалған сырысың.

Сайрасын жақ пен көмейім 

Шуағы болып даламның.

Естілсе даусым деп едім,

Жартысын шарпып ғаламның.

Тойламақ биыл мынау ел

130 жылын бабамның.

Ендігі  орны жазылды

Сыздаған сан жыл жарамның.

Тасып тұр бүгін мерейін,

Қуанбай енді не дейін.

Халел бабамды халқымның

Алдаспанына теңеймін.

Айкүміс пенен Сараның 

Жолдарын қуып барамын.

Алмастай өткір тіліммен

Шаршы топты бір жарамын.

Айтыс деген-бұл өнер.

Атадан қалған ұлы өнер.

Алтын жіппенен жалғадым,

Ар жағын құрбым іле бер.

Ерболат:

Ақынның айтылатын жырлары көп,

Бабасын мақтайтұғын ұлдары көп,

Жасынан жұлдыздайын жарқыраған,

Бұл бабам жүрді елдің бір нары боп.

Тайсойған топырағың төсенген ұл,

Секілді боп көрінді құмдағы от.

Ел үшін етігімен су кешкен ер,

Туған ел үшін тоқтап тынғаны жоқ.

Ондаған мамандыққа ие болып,

Халыққа үлкен көмек қылғаны көп.

Ауырған ағайынға оның сөзі,

Шипа боп  тұрушы еді мың дәрі боп.

Еркіндік үшін де ол күрескен ғой,

Тарихта ақтарсаңыз тұнғаны боп.

Алаш деп атқа қонған азамат ет,

Түсетін халық үшін мұңдары көп,

Көрсоқыр кеңес кезде туған бабам,

Тып-тыныш бір орында тұрғаны жоқ.

Жаламен жапса-дағы абақтыға,

Бостандық жырын әркез жырлады көп.

Бұл күнде бабам бізге тіл қатады,

Нарын мен Тайсойғанның құмдары боп.

Асуың көп еді ғой қайран баба,

Алатын алда әлі шыңдары көп.

Жендеттің қолындағы жан алатын,

Кеттің ғой жалғыз оқтың құрбаны боп.

Жырымыз әрмен қарай тиылмайды,

Мен енді бастайыншы қиын жайды.

Бөбекжан, өзіңізге тағы келдім,

Емес те шығармын мен дүйім қайғы,

Бұрыннан бақытыма балап жүрмін,

Сезімім саған деген сұйылмайды.

Мен туған жер Халелдің топырағы,

Келіспеске жағдайың қиындайды.

Бересің сезіміме қандай жауап.

Ал ойлан мен жасайын жиын-бәйгі.

Халел туған ауылға келін болу,

Кез-келгеннің басына бұйырмайды.

Бөбек:

Ерболат жансың білем махаббаттың,

Тамырын тым тереңге жая алатын.

Махаббат киелі зат емес пе еді,

Қорлауға шыдамайтын аялы атын.

Сезімің де бір сенің шахар екен,

Сан бір түске әп сәтте боялатын.

Күнделікті сабақта тыныш жатып,

Айтысқа шыққан кезде оянатын.

 

Айтарым әлі талай көпке менің,



Бабам, сені бір биік деп біліемін.

Данышпан дәрігер боп білім алып,

Халқыңа шуағыңды төккен едің.

Әдебиетті жаныңа егіз қылып,

Өнерді де бойыңнан шектемедің.

Арыстанша ақырып теңдік сұрап,

Бейбіт күнді көре алмай кеткен едің.

Жастайыңнан білімге құштар болып,

Ізденумен өмірден өткен едің.

Тарихыңды түгелдей танып біліп,

Қанатыңнан үзік сыр шерткен едің.

Қоғамыңды қатігез сынағанда,

Абақтыда зор қайғы шеккен едің.

Қайран бабам өзіңді жұтып тынған,

Кер тартпа кер заманды жек көремін!

Бүгінгі мерейіме ортақтасып,

Өзіндік қуанышын қосқан ғалам.

Өр бабамның ерлігі ұрпағына,

Таусылмайтын жыр болған,дастан болған.

Университет өрлеуде қанат керіп,

Көп істерге түрткі боп басталмаған.

Атыраудың жалғыз - ақ әмбебабы,

Талай сыннан қоржыны бос қалмаған.

Ұстаздары келешек қамы үшін,

Дайындап шығарып жүр жастан маман.

Әлемдік универмен терезесін,

Тең ұстап келеді көшпей басқа арнадан.

Бәрін айт та бірін айт бұл мекеннің,

Атағы айға жеткен аспандаған.

Ерболат:

Құдайым бақ бергенге сана берсін,

Қашанда қайран баба саналы ерсің.

130-жылыңызды тойлаудамыз,

Көрермен сөз тыңдайтын баға берсін.

130 ештеңе емес ұрпағыңа,

1000 жылдықты тойлайтын шама берсін,

Өзіңді үлгі қылған студенттер,

Ғылымның жарық отын жаға берсін.

Ал біздің біліморда шәкірттері,

Кітабыңнан қазына таба берсін,

Сен бастаған білімнің сара жолын,

Әрі қарай жалғатып сала берсін,

ҚазГУ мен Еуразияң артта қалып,

Біздікілер алдыңғы орын ала берсін,

Ең үздік университет деген медаль,

Кеудесіне ұстаздар таға берсін.

Соның бәрі атыңа лайық болып,

Жұлдызың боп жас Алаш жана берсін.

Халелдің атындағы универ деп,

Естігендер есінен тана берсін,

Есіктің алдыңдағы ескерткіштей,

Атың да мәңгі мұнда қала берсін.

Бір айтыс жасадық ел қуанады,

Әрине жақсы айтысты құп алады.

Негізгі колледж бен лицей біткен,

Көптеген жиындарда сыналады.

Ал енді университет аты бөлек,

Кім оның биік туын жыға алады,

Университетті теңеймін бір заводқа,

Ауылдан келген бала маман болып,

Жауабын көп сұрақтың біле алады.

Сондықтан теңеймін заводқа мен,

Есті жан оның сырын ұға алады.

Ауылдан келген біздей шикізатты,

Әлемге сапалы қып шығарады.



Бөбек:

Жырлады шабытымнан шуақ алып,

Айтыс деп халқым тегіс жыйылғасын.

Уақытта межесіне жетіп қалды,

Ал енді, құрбым, бізде қоштасайық,

Сөзіміз суымасын,сұйымасын.

Қыздар мақтар ел жақтар жігіт болып,

Көмейіңнен көркем жыр тыйылмасын.

Бабанның таланты шын жұғысты боп,

Тастан қатты тағдыры бұйырмасын!



АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ ӨРЕНДЕРІНЕ АҚ ТІЛЕК

Ерболат пен Бөбектің бұл айтысы ұлы бабамыз Халел Досмұхамедұлының 

130  жылдығына  арналыпты.  Екі  ақын  да  өз  өлеңдерінде  Халелдің  қазақ 

ұлтына  арнаған  ұлы  еңбегін  бағалай  білген.  Оның  «Алаш»  идеясының 

ұйымдастырушыларының  бірі  болып,  халықтың  егемендігі  жолын-

да  күрескенін  көркем  сөз  кестесімен  көрсете  білген.  Бірінің  ойын  бірі 

толықтырған жырлары ұтымды шыққан. Екеуі де 11 буынды қара өлеңде 

шеберліктерін байқатқан. Айтыстарында әп-әсем теңеу, эпитеттері бар, 

ажарлау, құбылту, айшықтаулар қолданылған. Екеуінен де жақсы айты-

скер ақындар шығатынына күмәнім жоқ. 

Сәтті  қадамдары  болсын!  Осындай  айтыстар  жиі  өткізіле  беруін 

тілеймін! Қаламдары төселіп, сөз қолданыстарындағы шеберліктері 

арта беретіні сөзсіз.     

Қадыр ЖҮСІП, 

филология ғылымдарының докторы, профессор

Аты – жөні: Қабдырашева Бөбек 

Нұркенқызы  

Туған жері: Индер ауданы, Өрлік 

ауылы 

Туған жылы: 12.12.1994

Сүйікті ісі: кітап оқу

Сүйікті ақыны: М.Шаханов, 

М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, 

Ж.Нәжімеденов 

Сүйікті жазушысы: М.Әуезов

Сүйіп оқитын кітабы: Абай жолы

Өмірлік ұстанымы: бәрі де – 

болашағың үшін.

Пір тұтатын адамы: Анам 

Мақсаты: елімнің еңсесін көтеруге ат 

салысу.

Аты  –  жөні:  Қарақойшиев  Ерболат 

Қуандықұлы

Туған  жері:  Қызылқоға  ауданы, 

Қарабау ауылы 

Туған жылы: 01.12.1994

Сүйікті ісі: домбырамен, гитарамен ән 

айту

Сүйікті ақыны: М.Шаханов, Қ.Сарин 

Сүйікті жазушысы: Ш.Айтматов

Сүйіп оқитын кітабы: Поэзия 

Өмірлік ұстанымы: тек алға, мойыма

Пір тұтатын адамы: М.Шаханов 

Мақсаты:  адам  боп  келгесін  осы 

өмірге,  адам  деген  атқа  лайық  із 

қалдыру

6

АҒАРТУШЫ - ПЕДАГОГ

Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан.  

Саяси  күрескер,  жалынды  жаршы  –  публи-

цист,  әрі  ғалым,  әрі  киелі  өнер  иесі  және 

белгілі  бір  мамандықтың,  соны  саланың 

бастау  –  көзінде  тұрып,  ізашар  болу  – 

халқымыздың,  маңдайына  біткен  осы 

үркердей шоқжұлдыздардың несібесі. Осын-

дай алып, нар тұлғалардың бірі әрі бірегейі 

– Халел Досмұхамедұлы. 

Ел  тағдыры  таразыға  түскен  сын  сағатта 

Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынұлы, 

Міржақып  Дулатов,  Мағжан  Жұмабаев, 

Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер бастаған 

ұлт  зиялылары  қазақтың  болашағы  үшін 

шешуші  қадам  жасап,  ұлы  мұрат  жолында 

ұланғайыр  қайрат  көрсетті.  Олардың  осы 

асыл  мұраты  мен  атқарған  істерін  бүгінгі 

және  келер  ұрпақтың  жадына  сіңіру,  Алаш 

идеясын  насихаттау  кезек  күттірмес  іс  бо-

луы тиіс. Бүгін біз сол Алаш көсемдерінің бірі 

және бірегейі – Халел Досмұхамедов жайлы 

әңгіме өрбітуді жөн көрдік.

1883 ж. сәуірдің 24-і бұрынғы Орал облысы, 

Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Аты-

рау  облысы  Қызылқоға  ауданы)  Тайсойған 

құмында №4 ауылында дүниеге келген.

Халел он балалы Досмұхамед отбасының 

жетінші  болып  көрген  қызығы,  ұлдан  (Ха-

сен,  Халел,  Құлбайыс,  Құлымжан)  екіншісі 

еді.  Кішкентайынан  ауылдағы  молдадан 

хат танып, одан соң жергілікті орыс – қазақ 

мектебіне  оқуға  түседі.  Тайсойған  құмының 

Сорқуыс  атты  мекенінде  айналасына  мәлім 

«Машақ ауылы» деген қоныс болған. Машақ 

би  –  Досмұхамедтің  әкесі,  Халелдің  атасы, 

сол  себепті  де  кейбір  құжаттарда  Халекең 

«Машақов»  болып  та  жүреді.  Машақ  әулеті 

Кіші  жүздегі  Он  екі  ата  байұлының  Беріш 

тармағынан, оның ішінде – Жайық – Беріштен 

тарайды.  Жайық  –  Беріштің  шартарапқа 

кең  танылып,  аты  шыққан  –  атақты  Ал-

дар  би  және  оның  немересі,  Исатай  – 

Махамбеттердің тілеулес серігі – Байнақ би. 

Сол  Алдар  бидің  шөбересі,  Байнақ  бидің 

ұлы Машақтың бел баласы, Досмұхамедтен 

үлкені  –  Дәулетүмбет  (1848-1907)  алғашқы 

оқыған азаматтың бірі.  Үйшіктен  орысша –  

қазақша училище ашқан.

Осы  оқыған  ағаның  нұсқауымен  1894 

жылы,  он  бір  жасында  Халел  Орал 

қаласындағы  әскери  реальді  училищенің 

дайындық класына қабылданып, онда орыс 

тілін  тез  меңгеруімен,  зеректігімен  таныла-

ды.  1902  жылы  оны  үздік  бітіріп,  тағы  бір 

жыл  дайындық  класында  оқып,  1903  жылы 

алыс астана – Петербордағы Императорлық 

Әскери-медициналық  академияға  латын 

тілінен қосымша емтихан тапсырып түседі… 

Міне,  осылайша  құмда  өскен  алаш  ұлының 

шыңға өрлеу баспалдағы басталады. Бұрын 

да, кейін де санаулы ғана қазақтың басына 

қонған  бақыт  –  астана  Петерборда  оқып, 

білім  нәрін  жинау  Халел  Досмұхамедұлы 

өміріндегі  ең  бір  жарқын,  сәулелі  жылдар 

болатын. Студент Халел академияда оқыған 

кез (1903-1909) – берісі Ресей, әрісі Еуропа 

тарихындағы аумалы-төкпелі, аласапыранды 

уақыт  екені  белгілі.  1905-1907  жылдардағы 

ел  ішіндегі  қоғамдық-саяси  тұрақсыздық, 

саяси  белсенділік  өрекпіп-өршіген  жылдар 

оның қалыптасуына әсерін тигізбей қоймады.

Тән  саулығының  шипагері,  дәрігер  Ха-

лел  туған  халқының  дәрігерлік  көмекке 

мұқтаждығын,  түрлі  аурулар  алдындағы 

дәрменсіздігін  күнделікті  көзбен  көріп, 

«қолмен  ұстады»;  өзі  де  қарлығашша  шы-

рылдап,  қанатымен  су  септі,  бар  білім-білігі 

мен  азды  –  көпті  тәжірибесін  аямады.  Өз 

қолымен онды, жүзді емдегенімен, мыңдарға, 

миллиондарға  білгенін  үйретіп,  ақыл  кеңес 

берудің жолы – баспасөз, қалам күші екенін 

ұқты.  Өзінің  кәсіби  алғашқы  мақалалары  – 

«Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік – сүзек», 

«Жұқпалы  ауру  хақында»  сынды  ізашар 

еңбектерін  Ахмет  Байтұрсынұлы  шығарып 

тұрған  бірегей  басылым  –  «Қазақ»  газеті 

(1913  –  1918)  бетінде  жариялай  баста-

ды.  Осылайша,  оның  ел  ішіндегі  өзі  секілді 

аздаған  оқыған  дәрігерден  өзгеше  қыры 

–  дәрігер–қаламгерлігі  басталды,  үлкен 

шығармашылық жолының бастау-көзі ашыл-

ды.  Дәрігер,  жанкешті  азамат  әрі  қаламгер 

– көсемсөзші – «дәрігер Халел» көптің көзіне 

шалынды, аты ауызға ілінді.

1917  жылғы  21-28–ші  шілде  аралағында 

Орынбор  қаласында  болып  өткен  Бірінші 

жалпықазақ съезінде Халел Досмұхамедұлы 

басынан аяғына дейін төрағалық   етті.

1938 жылдың 26-ншы шілдесі күні Ресейдің 

Воронеж  қаласында  үй  –  ішімен  айдауда 

жүрген жерінде НКВД-ның тұтқынына алын-

ды.  Одан  Мәскеуге,  кейінірек  Алматығы 

жеткізіліп,  егер  сол  жылдары  өз  елін  өзі 

қан-қасап  қырғынға  ұшыратқан  Ішкі  істер 

органдарының  мәліметтеріне  сенсек,  1939 

жылы  24-інші  сәуірде  «әскери  трибуналдың 

үкімімен  атуға  бұйырылады»,  ал  19-ынша 

тамызда  «түрме  ауруханасында  өкпе 

туберкулезінен қайтыс болады».

Халел  Досмұхамедұлы  ХХ  ғасырдың 

бас  кезіндегі  қазақтың  демократиялық 

бағыттағы 

зиялыларының 

көрнекті 

өкілдерінің бірі. Ол – белгілі мемлекет және 

қоғам  қайраткері,  ғұлама  ғалым,  ағартушы 

–  педагог  Қазақстанда  және  Түркістанда 

ғылым  мен  білім  беру,  денсаулық  сақтау 

ісін  талантты  ұйымдастырушы  болды.  Шын 

мәнінде  халқымыздың  ояну  дәуірі  туғызған 

алыптардың  қатарында  жарық  жұлдыздар 

шоғыры  секілді  Ахмет  Байтұрсынов, 

Міржақып  Дулатов,  Әлихан  Бөкейханов, 

Мұстафа  Шоқаев  есімдерімен  қатар,  Халел 

Досмұхамедұлы  есімінің  аталуы  бұл  өмірге 

сирек  келетін  дарын  иесі,  ғалым  Халел 

бабамызға  берілген  әділ  баға  болып  табы-

лады.

Аймақтық  Халел  Досмұхамедұлы  қоры 



құрылды  (президенті  –  Д.Е.Әбдірахимова). 

Туған  топырағында  елді  мекен  мен  универ-

ситетке,  Атырау,  Алматыда,  т.б.  қалаларда 

орталық  көшелерге  есімі  берілді.  Ғұмыр 

жолы  мен  шығармашылығы  зерттеліп,  кон-

ференциялар  өткізіліп,  тұрақты  «Халел 

оқулары» ұйымдастырылып тұрады. Бүгінде 

Халел  бабамыздың  130  жылдығына  орай, 

республика  көлемінде  конференциялар 

өткізілуде.

  Сөз  соңында,  Алаш  қозғалысының 

қайраткері, қазағымыздың ардақты ғалымы, 

ұстазы,  дәрігері  –  Халел  бабамыздың 

мақалымен аяқтаймын.



Ана  тілін  біліп  тұрып,  бөтенше  жақсы 

сөйлесең, бұл – сүйініш.

  Ана  тілін  білмей  тұрып,  өзгеше  жақсы 

сөйлесең, бұл – күйініш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет