Әміржан НҰРҒАЛИЕВ,
Экономикалық теория және мемлекеттік
басқару кафедрасының аға оқытушысы
Ұстаз үшін кәсіби қызметінің нақты қозғаушы
күші, ол педагогика ғылымында қалыптасқан
тәжірибені өз қызметінде көрсету қабілеті, ұстаздық
даралылықпен қамтамасыз етілетін, оқылатын
ғылымға оқушыларын қызықтыра білу шеберлігі.
Осы орайда, мектепте биологияны оқытуда пе-
дагог ғалым Халел Досмұхамедұлының ғылыми
еңбектерінің медицина, гигиена, биология салала-
рынан әсерлі мағлұматтарды пайдаланудың мәні
зор. Адамда шаршау, қажу, психикалық жүктеме
ми жасушаларының жұмысқа қабілеттілігін
төмендетеді де, ағзаның ұйқыға қажеттілігін арт-
тырады. Ұйқы процесінде ми жасушаларының
жұмысқа қабілеттілігі қалпына келіп, қоректік
заттарды белсене сіңіре отырып, энергия
жинақтайтындығы белгілі. Ұйқының не нәрсе екені,
неден пайда болатыны әлі толық шешілмеген.
Х.Досмұхамедұлының таңдамалы еңбектерінде
ұйқының не екенін тануға, себебін білуге талпынған
ойлары бар. Ұйқы мидың – ауруы. Ми өзінің
әрекетінен пайда болған нәрселерден улана-
ды. Сондықтан ауырады – ұйқы пайда болады.
Ұйықтағанда ми бірте – бірте удан тазарып, ауруы-
нан айығады. Миға тыныс бермесе, өзінен шыққан
улар (токсиндер) миды өлтіреді. Токсиндердің
бәрі қанға жиналады. Сыртқа шығарылмай қалған
токсиндерді зиянсыз қылу үшін ағзада түрлі
басытқылар (антитоксиндер) шығарып тұратын
мүшелер бар. Үлгі үшін бұғақ без, бүйрек үстіндегі
без, ми түбіндегі без. Мидан шыққан уларды
басытқылар тездеп жуып үлгере алмайды. Үлгеру
үшін біраз уақыт у шығаруды тоқтату керек, яғни
миға демалыс беру керек. Ұйқы деген – мидың
демалуы. Ұйқының мезгілінде миға жиылған улар-
ды басытқылар жуып бітіреді, осы кезде ұйқы да
қанады.
Қытай жұрты өлімге бұйырылған жазалы адам-
ды ұйықтатпай, ұйқысыздықтан өлтіреді екен.
Тыныс алған кезде адам ағзасы мен сыртқы
орта арасында оттегі түсіп, көмірқышқыл газы
шығарылуымен байланысты газ алмасу процесі
жүреді. Оттек органикалық заттарды тотықтырады,
ыдыратады, осы кезде энергия бөлініп,
көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия
ағзаның тіршілік әрекетінің барлық процестеріне
жұмсалады. Тыныштық күйде адам шамамен 500
мл. ауа жұтып, сонша ауа шығарады.
Ауаның жылынуы, қозғалысы жөнінде де
пікірлері бар. Ауа бір күйде болмайды, қаншама
тымық деген ауамыз да үнемі қозғалыста болады.
Бөлмедегі ауа қыс күні пешпен жылынады, тере-
зеден салқындайды. Жылынған ауа жеңілденіп,
жоғары көтеріледі, салқын ауа төменге келеді.
Бөлмеде ауа осылай қыдырады да жүреді. Күннен
алған жылылығын Жер көп ұстамайды, ауаға
береді, Жер тез жылығыш, тез салқындағыш бола-
ды. Ауа жылылықты көп ұстайды. Ауа жай жылы-
нып, жай салқындайды. Ауа болмаса Жер жүзінде
қатты салқындық болар еді, осы күнгі тірі табиғат
тұра алмас еді. Ауа жерге қолайлы жағдай жасап
тұрады.
Адам денесін құрайтын жасушаның химиялық
құрамы ондағы органикалық және бейорганикалық
қосылыстардың болуымен анықталады. Нәруыздар,
майлар, көмірсулар–органикалық қосылыстар, ал
су, минералды тұздар – бейорганикалық заттар.
Осы жерде де ғалымның пікірлерін пайдалануға
болады. Адамның денесінде бар болғаны он екі
элемент бар, осылардың түрліше болып құрылып
қосылуынан адам денесі түзілген. Денеге тек болған
элементтер: қышқылтуым (оттегі), сутуым (сутегі),
нитірік (азот), көмір, қылор (хлор), натыр (натрий),
калий, калтсий, магнез (магний), темір, күкірт, фос-
фор. Осы элементтер адамның денесінде газ, су,
түрлі тұз болып үш күйде ұшырайды. Газ болып
көбіне қышқылтуым мен қышқыл көмір ұшырайды.
Бұлар суда еріп жүреді. Дененің қатты бөлігі де осы
элементтерден тұрады.
Ғалымның еңбектерінен осы сияқты мәліметтерді
тақырыпқа сәйкес пайдалану оқушылардың
биологияға, өзін-өзі тануына деген құштарлығын
арттырары сөзсіз.
Сәуле ҚҰМАРОВА,
Биология кафедрасының доценті.
Саяси күрескер, жалынды жыршы – публицист, әрі ғалым,
әрі киелі өнер иесі және белгілі бір мамандықтың, сол саланың
бастау – көзінде тұрып, ізашар (pionner) болу – халқымыздың,
маңдайына біткен үркердей шоқ жұлдыздардың несібесі.
Осындай алып, нар тұлғалардың бірі әрі бірегейі Халел
Досмұхамедұлы.
Ұлттық санамызбен ой – пікіріміздің тұтас бір кезеңін паш ететін
шоқ жұлдыз, алғашқы қазақ оқулықтары мен оқу құралдарын
құрастырушы Х.Досмұхамедұлының еңбектері тарих сахнасынан
үлкен орын алады. Көрнекті ғалым және Қазақстанда халық ағарту
ісін ұйымдастырушылардың бірі ретінде қазақ мектептері мен оқу
орындарына оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды дайындауы,
республиканың істеріне басшылық етуі бұл бағыттағы жұмыстарды
ойдағыдай орындауына орасан зор көмегін тигізді.
Халел Досмұхамедұлының халық-ағарту саласындағы қыруар
еңбегінің бір парасы – күні бүгінге дейін жарыққа шығып, тарих сах-
насынан өз орнын табуда. Ғылым саласындағы қазақ тілінде тұңғыш
жазылған оқу құралдары мен ғылыми-көпшілік қолды кітаптары,
әсіресе «Табиғаттану» (Ташкент 1922 жылы), «Жануарлар» (І-ші ба-
сылымы 1922 жыл) Ташкентте 3500 данамен, екінші рет бірінші бөлімі
«Сүйіктері туралы» Қызылорда – Москва қалаларында 1928 жылы
көлемі 228 бет толықтырған, түзеткен күйінде қайта жарық көрді.
«Адамның тән тірлігі» (Ташкент, 1923 жыл, ІІ-ші басылымы Қызылорда
– Москва, 1927, 303 бет, таралымы 5000дана), «Оқушылардың
саулығын сақтау» (І-ші басылымы, Ташкент, 1923, екінші 1925 жыл
көлемі 23), «Қазақ – қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» (Ташкент,
1924, 53 бет), «Адамның тән тіршілігі» (қазақша-орысша жараты-
лыстану сөздігі, І-ші басылымы Қызылорда – Москва, 1927 жыл)
сияқты педагогикалық – ғылыми еңбектерінің маңызы, бүгінге дейін
құнын жоғалтпаған төл туындыларын атап өтуге әбден лайықты, со-
нымен бірге Х.Досмұхамедұлының баспасөз беттерінде, алуан түрлі
жинақтарда жарияланған жүздеген мақалалары мен аудармалары, ли-
цензиялары мен редакторлығын, конференция мәжілістерінде жасаған
баяндамалары мен ондаған өзі құрастырып, алғы сөз, түсініктерімен
бастырған кітаптарын қоссаңыз, бір ғана жанның иығынан түскен аз жүк
емес, Халел Досмұхамедұлының осы қыруар ғылыми-шығармашылық
жұмысты қазақ-қырғыз Білім комиссиясының төрағасы қызметінде әрі
Қазақ педагогикалық институтында ұстаздық ете жүріп, басқа да то-
лып жатқан мемлекеттік – қоғамдық қызметтерімен қатар алып жүруі
– кім-кімді де қайран қалдырары сөзсіз.
Сонымен, ана тілімізде тұңғыш рет шыққан «Табиғаттану» кітабының
алғы сөзінде Х.Досмұхамедұлы былай деп жазды: «Бұл кітапты
шығарып отырғанымыз Ташкенттегі Қазақ-қырғыз институтының
шәкірттеріне оқылған дәрістің бір бөлігі. Ғылым ретінде кітап жоқ
болған соң, балалардың өтінуі бойынша баспаға беріліп отыр. Термин
табу қиын, әйтсе де, қолдан келгенше нағыз қазақ сөзінен алдық.
Табиғат ғылымын тәжірибесіз оқыту – жарты оқыту болды.
Тәжірибелерді амал келгенше оңай істелетін қылып айттық, әрбір мек-
тепте табылатын құралдармен тәжірибе қылатындай етіп жаздық.»
Қазақ-қырғыз комиссиясының төрағасы Халел Досмұхамедұлының
шақыруымен Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы,
Жүсіпбек Аймауытұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Әбубәкір Диваев, Мұхтар
Омарханұлы Әуезовтер педагогика, тарих, психология, арифметика,
әдебиет пәндерінің оқулықтарын жазғандары да тарихта бар ақиқат.
Мәдениет қайраткері ретінде Х.Досмұхамедұлы Ташкенде жүрген
кезінде мемлекеттік ғылыми кеңестің жанынан «Талап» қауымын
құрып, ұлттық мәдениетімізді өркендетуге қомақты үлес қосқаны да
ұмытылмас оқиға.
35 ұлт пен ұлыстың тілін білген ғұлама ғалым Евгений Дмитриевич
Поливановтың «Грамматика казахского языка», «Казах найманский го-
вор», «Казахский язык среди языков мира» деген еңбектерінің дүниеге
келуіне Х.Досмұхамедұлының тікелей әсер еткені сөзсіз.
Бергенінен берері мол, халқымыздың аяулы перзенті,мемлекет,қоғам
және саясат қайраткері, біртуар тұлға Х.Досмұхамедұлының зорлықпен
өткен өмірі енді артында қалдырған мұрасымен жалғаса бермек.
Сандуғаш МҰХТАРОВА,
Әлем тілдері факультеті
шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
Халел Досмұхамедов
биолог – ғалым
ХАЛЕЛДІҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Ардақты азамат
7
СТУДЕНТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ: ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ
Бүгін сөз арнағым келіп отырған
кейіпкерім осы кісі жөнінде болмақ.
Халел Досмұхамедов – аумалы
төкпелі заманда мұң мен зардың,
айтыс пен тартыстың, өмір мен
өлімнің бел ортасында жүрсе
де азаматтық тұлғасына дақ
түсірмеген қазақ зиялыларының
бірі, мамандығы дәрігер бола
тұрса да, қоғам өмірінің сан са-
лалы мәселелеріне араласқан
көп қырлы дарын. Оның білмекке
құштарлығы болашақта ғылым
сапарының соқпақты жолына сара
сүрлеуін салуға себеп болды. Ол –
Атыраудың төл перзенті. Қазақтың
маңдайына біткен марғасқа аза-
маты. Біз оның қай салада да жо-
лын өнеге тұтамыз. Артындағы
мол мұрасы – ғылыми еңбектерін
оқимыз. Жүрегінде ұлтының ғана
мүддесі жалындаған осынау ұлы
жан саяси және қоғам қайраткері,
тарихшы,
табиғаттанушы,
тілтанушы, ауыз әдебиетінің си-
рек үлгілерін жинап насихаттау-
шы, шебер аудармашы, ғалым,
профессор,
дәрігер
қысқасы
алып, нар тұлғалардың бірі бола
білді. Таза ғылымның адамы еді.
Адамгершілігі аса жоғары, тура ұлы
Абай айтқандай, «Ақырын жүріп
анық бас, еңбегің кетпес далаға»
деген талапты ұстанған тұлға. Ол
өзінің жан – жақты қырларынан
көрініп, қай салада да тарихына
дендеп, тереңдеп барған адам.
Саналы ғұмырын ғылымның әр
саласында сарп етті. Сондықтан
оның мәртебелі орны – төр. Жа-
стайынан жарғақ құлағы жастыққа
тимей қоғам өмірінің сан салалы
мәселелеріне араласып, әдебиеттің
сирек үлгілерін жинап насихаттаған,
оның ғылыми еңбектері ғасырдан
ғасырға ұштаса бермек. Халелдің
артына
қалдырған
қазынасы
тек Атыраудың ғана емес, күллі
қазақтың рухани қазанына ас
салған несібе болды. Оның
мұраларына деген қажеттілік
пен құрмет уақыт өткен сайын
артуда. Алайда өмірден ерте-
рек кетті. Халел Досмұхаммедов
1938 жылдың 26-шы шілдесі күні
Ресейдің Воронеж қаласында үй-
ішімен айдауда жүрген жерінде
НКВД-ның тұтқынына алынады.
Одан Мәскеуге, кейінірек Алматыға
жеткізіліп, егер сол жылдары өз
елін қырғынға ұшыратқан Ішкі істер
органдарының мәліметтеріне сен-
сек, 1939 жылдың 24-ші сәуірде
«әскери трибуналдың үкімімен
атуға бұйырылады», ал 19-шы та-
мызда «түрме ауруханасында өкпе
туберкулезінен қайтыс болады».
Сол бір азалы жылдардың азабын
сараптағанда, әрине, ең алдымен
жазықсыз жалаға душар болған
шейіттердің қасіретті қазасы тілге
оралады, әйтсе де, ең бір өкініштісі
жаңадан тәй-тәй тұрып келе жатқан
қазақ қауымы үшін, ұлттық асыл
мүдде үшін істер тіршіліктерінің,
асыл еңбектерінің шорт кесіліп, зая
кеткендігі еді. Қаншама айтылмаған
сөз, жазылмаған кітап, ашылмаған
жаңалық...Бар жоғы 55-56 жыл
ғұмыр кешкен.
Біз бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның
бастауында тұрған, елімізді алғаш
ұлттық санаға көтерген Алаш
арыстарын ұмытпауымыз және
ардақтауымыз қажет.
Мен – бақытты студентпін. Себебі
есімі бүкіл ғаламға танылған ұлы
тұлғаның есімімен аталатын Халел
Досмұхамедов
университетінде
оқып жатырмын. Университет-
те Халелдей дәрежеге жету
бағытында іргелі істер атқарылды.
Осы уақытқа дейін сан алуан
жетістіктерге қол жеткізді. Мен оны
өте жоғары бағалаймын.
Жадыра ЖАНДОЛОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығының
ІІ курс студенті
«Жігітке жеті өнер аз, жетпіс
өнер көп емес» дейтін қазақ
халқының дарынды да талантты,
білгір де білімді ұрпағы – осы Ха-
лел Досмұхамедов. Халел киелі
Қызылқоға топырағында дүниеге
келіп,туа біткен дарындылықтың
арқасында биікті бағындырып,
артына өлмес мұра, өшпес із
қалдырған бірегей тұлға. Оның
өмірлік ізденімпаздылығы мен
қайсарлығы,
біліктілігі
мен
білімділігі есімін елге мәшһүр
қылып, тарихтан ойып тұрып орын
алдырды.
Қырық
жылда
бір
туа-
тын қайталанбас тұлға Халел
атамыздың өзі туған қазыналы
Қызылқоға өңірінде мектепке,
көшелерге, облыста үлкен универ-
ситетке есімі берілді.
Менде
Халел
туған
топырақта дүниеге келіп, Ха-
лел
Досмұхамедұлы
есімі
берілген мектепте алғаш мек-
теп
табалдырылығын
аттап,
білім көзін ашып, енді міне, Ха-
лел Досмұхамедов аты берілген
үлкен университет қабырғасында
білімімді жалғастырып жатырмын.
Мен туған жерден Халел сын-
ды ұлы тұлғаның өмірге келіп,
үлкен биіктерге жеткені мен үшін
зор мақтаныш, ал менің Халел
топырағында дүниеге келіп,
Халел
Досмұхамедұлы
есімі
берілген білім ошағынан білім
алуым – үлкен мәртебе, асқан
жауапкершілік. Өйткені, мен оқуда
озат, білімді де жігерлі, ақылды да
парасатты болуым керек.
Халел
Досмұхамедұлы
–
біздің мақтанышымыз, менің
мақтанышым. Себебі, Халел
білімі жан-жақты саланы қамтып,
биолгия мен зоологияға, қазақ
тілі мен әдебиетіне, тарих пен
этнографияға, медицинаға, тіпті,
әлеуметтану мен саясаттануға
көп үлес қосты. Топырағымен
киелі болған Қызылқоға жерінің
әнұранына айналған «Қызылқоға»
әнінде:
Қазақ деген әйгілі бар еліміз
Елтаңбасы, ұраны дәлеліміз
Болғанына мақтанам ағайындар
Мұрат ақын, Махамбет, Халеліміз
– деген жолдар мақтанышпен
әуелете шырқалуда.
Халел өскен топырақтан өнер –
білім іздеп мен де түлеп ұштым.
Халел атам сынды үлкен белесті
бағындырып,
ізденімпаздылық
пен білімділіктің арқасында қол
жеткізсем – артылған сенім мен
ойдағы мақсаттың орындалары
сөзсіз.
Бибінұр БАҚТЫҒҰЛОВА,
филология мамандығының
ІІ курс студенті
Ғалымның биология саласына қосқан
үлесі қандай?
Жауап: Сәнім Қабижанова, биология мамандығының ІІ курс студенті
Халел Досмұхамедов – ұрпағының болашағы үшін күрескен қазақтың біртуар
ұлы. Аз жасаса да, артына біршама еңбек жазып қалдырып үлгерген ғалым. 1920
жылдан бастап ғылыми – педагогикалық жұмыстармен шұғылданған. 1922 жылы
доцент, 1929 жылы профессор атағын алған. Оның негізгі еңбектері: «Қырғыз
өлкесі халқының арасында обамен қалай күресуге болады» (1918, Ташкент),
«Табиғаттану» (1924, Ташкент), «Оқушының саулығын сақтау» (1925, Ташкент),
«Адамның тән тірлігі» (1927, Ташкент) және т. б. X.Досмұхамедовтың, әсіресе,
дененің тазалығын (гигиенасын) сақтау үшін айтқан өсиеттері өз алдына бір
төбе. Соның кейбіреулерінен үзіндісін ғана келтіре кетейік.
«Құлағың сау болсын десең... – құлағыңның құрылысы мен қызметін біл; құлағыңа
ұрғызба, айқайлатпа, шыңғыртпа, өзің де орында; құлағыңа еш уақытта еш нәрсе
тықпа; құлағыңның ішін, сыртын таза ұста...»
«Мұрның сау болсын десең... – мұрныңды әрдайым таза ұста; аузыңның тамақ
жеп, сөйлеу үшін, мұрныңның тыныс алу, иіскеу үшін жаралғанын ұмытпа!»
«Тынысың сау болсын десең... – дем алғанда аузың әрдайым жабулы болсын,
үйдің ішінде еденге, қабырғаға, мұрын орамалға қақырма, түкірме, киім, төсегіңді
үйде қақпа, гулеген желден сақтан!»
«Көзің сау болсын десең... – ымыртта, ала көлеңкеде, жарық нашар түскенде
жазба, оқыма, үй жұмысын жасама; жазғанда қою сиямен анық көрінетін сызықтың
үстінен жаз, бөгде адамның сүлгісімен, бет орамалымен бетіңді, көзіңді сүртпе».
Бұл ережелер осыдан 78 жыл бұрын жазылса да, осы күнге дейін құндылығын жой-
май қолданылып келеді.X.Досмұхамедов анатомия, физиология, гигиенаға бірдей
көңіл бөлген. Дене мүшелерінің гигиенасына тоқталмас бұрын оның құрылысы
мен қызметін талдап барып, ең соңында гигиенасына тоқталады. Бұдан біз
X.Досмұхамедовтың анатомия, физиология, гигиена ғылымдарының дамуына көп
еңбек сіңіргендігін көреміз. Анатомия, физиология, гигиена ғылымдарының дамуы
аталған ғалымдардың зерттеулерімен ғана шектелмейді.
Профессордың медицина ғылымына
қатысты еңбектерін білеміз бе?
Жауап: Айнагүл Аймағанбетова, химия мамандығының ІІ курс студенті
Халел Досмұхамедов 1883 жылы 24 сәуірде Атырау облысы Қызылқоға ау-
даны Тайсойған құмында дүниеге келген. Қазақстандағы Алаш қозғалысының
қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1894 жылы Орал әскери –реалдық училищесінің
дайындық класына қабылданып, оны 1902 жылы үздік бітірді. Осы жылы жоғары
оқу орнына оқуға түсу үшін даярлық класында оқыды. 1903 жылы Санкт–
Петербургтегі Императорлық әскери медициналық академиясына латын тілінен
қосымша емтихан тапсырып, оқуға түсті.
1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде «Темір дәрі хақында», «Сары кезік –
сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік – саяси тақырыптарда
мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди
киргизского народа» деген кітабы өз кезінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс –
тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды.
«Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі», «Оқушылардың саулығын
сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер» т.б. оқулықтар мен
ғылыми еңбектер жазды.
Алғаш қай конференцияда ғылыми
терминология туралы баяндама жасады?
Жауап: Гүлжанат Елеуова, филология мамандығының ІІІ курс
студенті
Х.Досмұхамедов Бұхара қаласында өткен өзбек орфографиясына арналған кон-
ференцияда «Ғылыми терминология туралы» баяндама жасалды. Ол «Термин
сөздерді жасалғанда әуелі өзбектің тілін пайдалану керек. Егер мұндай мүмкіндік
болмаса, ескі өзбек тілінен іздеу, одан әрі кетсе – туысқан тілдер – қазақ, парсы
тілдері бар, тыныш болмаған жағдайда ғана еуропа тілдерінен алу керек» деген.
Баяндаманың тезистері орыс тілінде жинаған, архив қорында қолжазба күйінде
сақтаулы. Ол еуропа мәдениетін үлгі ете отырып, тіл мәселесінде сөйлеудің төл
қасиетін сақтауға баса назар аударады. Тезистің 10-бабында Шет тілдерден
алынған сөздердің бәрі өзбектің жазба тіліне ыңғайлануы керек, соның өзінде
мүмкіндігінше сөздің түбірі сақтаулары тиіс» – дейді. Одан әрі ғылыми термино-
логия жасау ісінде әуесқойшылыққа салынып кетуден сақтануға көңіл аудартады.
– мектептің бастауыш класс оқушыларын мен ғылыми көпшілік басшылығының
оқырмандары үшін жазылған кітаптарда жат сөздерді қолданудан қашу,
– бүкіл өзбек халқы үшін ғылыми терминология бір мекеменің басшылығында
жасалуы, ол мекемеде кең жұртқа танымал, беделді азаматтардың болуы – мек-
теп пен баспасөздің қызметіне үлкен маңыз бере отырып, ғылыммен терминоло-
гияны қалыптастырушы мекеме ретінде өзбек білім комиссиясымен, ғылыми күш
– қызметкерлермен, қаражатпен қамтамасыз ету,
– ғылыми теминология үшін сөздер, ең алдымен халықтың сөйлеу тілінен аму-
ликация керек,
– қазіргі сөйлеу тілінде аз қолданылып жүрсе де, кей сөздерді халық мұрасынан
ескі ән, қиял, ертегілерден алып пайдалану қажеттігі айтылған. «Егер осы
аталғандар бойынша термин сөздер табылмаса, латынның ғылыми терми-
нологиясы қолданылуы керек, Латын тілі – халықаралық ғылыми тіл. Еуропа
мәдениетіне ұмтылған халық латын терминологиясынан қаша алмайды. Ал араб,
парсы және орыс тілдерінің сөздері термин ретінде халықтың сөйлеу тілінде кең
етек алып кеткен жағдайында қолданыла береді. Өзбек тілінде латын сөздерін
пайдаланудың үйлесімсіздігі болған кезде орыс сөзі кәдеге жарайды» депті.
Х.Досмұхамедовтің терминология мәселесіне осылайша белсенді көңіл бөлуі
халқымыздың ұлттық тілінің ертеңгі тағдыры мен ертеңгі ғылыми ісінің дамуын
хақындағы жан айқайы еді.
Достарыңызбен бөлісу: |