Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата аналар, ұстаздар!
Бүгін бәріміз үшін мерекелі күн. Сендер сенім білдірген ата аналарың мен білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыңның үмітін ақтап, сынақтан сүрінбей өтіп болашаққа қадам басып отырсыңдар. Болашақтарың жарқын, мақсаттарың айқын, алар асуларың биік болсын! Ал бізге ата-аналарыңа сендердің тілеулеріңді тілеп, сендермен шаттанып, қуанышты күндерде жүздесу бұйырсын.
Мен ата ана ретінде ерекше алғысымды Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы, директоры бастаған мектеп ұстаздарына, бастаған Жатахана ұжымына айтқым келеді. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап балаларымыз жүйелі тәртіп пен терең білім алумен қатар негізгі басты құндылықтарды бойларына сіңіріп өсті. Бұл басты құндылығымыз денсаулықты бағалау, құрмет пен жауапкершілік, адалдық, жаһандық мәселелерге бейқам қарамай щешуге атсалысу және өмір бойы оқу.
Біз қаласында тұрамыз, қызымыз 7 сыныптан 12 сыныпқа дейін мектеп жатаханасында тұрып оқыды. Жатахана қызметкерлері қызымыздың ішетін асынан бөлек денсаулығы, көңіл күйі, тіпті ұйқысына дейін жауапкершілікпен қарады. Сіздерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Мектеп және жатахана ұжымына тілерім зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақыт, еңбектеріңіз еленіп жоғары марапаттарға ие болыңыздар. “Шәкіртсіз ұстаз тұл” дейді, тәрбиелеген шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтап биіктерден көрінсін, Әлемдік деңгейдегі додаларда мектептің атын шығарсын.