Құрметті студент! (тапсырма тек ҚОТ бойынша оқитын студенттеріне арналған)
5- бағаланатын тапсырма №1.Төмендегі тұрақты тіркестерді қатыстырып сөйлемдер құрастырып, мағынасын анықтаңыздар Шыбын жан, тас жетім, кірбің қабақ, қатты сөз, жел сөз, қаңқу сөз, көзінің қиығы, құла дүз, телегей теңіз, қолаң шаш, қаршадай бала, алма мойын.
№2.Төмендегі етістіктерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіргенде, олардың қандай мағынаға ие болатынын түсіндірмелі сөздік бойынша анықтаңыздар. Қату (түр, түс, мұз, қабат, буыны, сілесі, ішегі, бас, аяғы).
Қану (ұйқы, шөлі, шайға, мән-жайға, әңгімеге, сусыны, айызы).
Салу (жерге, төсек, қапқа, ер, қалтаға, қол, көз, кісі, базарға, талқыға, жұдырық, үй, егін, жүзік, құлақ, көз, қырып, бас, бәле, жолға, дүние, күш, құс, шұрқан, ойнау, асыр, зер, әлек, өрнек, қалқа).
Қолданатын сөздіктер: 1. Қазақ әдеби тілінің түсіндірмелі сөздігі. Он бес томдық.-Алматы, 2011 ж.
2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзақов.-
№3.
а) Сөз семантикасындағы макрожүйе? (Архисема, өзек сема, ортақ сема, айырушы сема, ерекше семажіктелген сема анықтамасы, белгілері, зерттелуі. Қазақ лингвистикасындағы сема түрлері туралы ғалымдардың көзқарастары (М.Оразов А. Салқынбай пікірлері). Сөздердің мағыналық өрісі мен лексика-семантикалық варианттарын зерттеуде қолданылатын компонеттік талдау бірлігі.. Оқулықтан, интернет жүйесінен тауып, оқып, cұраққа жауапты 2-3 бет конспект жазыңыз. ( Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2008. -337 б.) қараңыз.
ә) Төмендегі ұғымдардың қысқаша анықтамасын жазыңыз. ҮЛГІ:Семасиолгия-заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерініңлексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы.
Сема- Семема- лексема- тақырыптық топ- лексика-семантикалық топ семантикалық өріс-