Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері:
– компаниялардың ішкі регламенттері мен рәсімдерінің анық болмауы;
– әлсіз мониторинг пен бақылау;
– компанияның басқару органдары қабылдайтын түпкі шешімдердің айқындығының жеткіліксіздігі;
– компания басшыларының жұмыста әдеп қағидаларын сақтамауы. Компания басшылығы қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік тәрбиелеуде үлгі болуы тиіс.
Егер басшылық мәселені пара алу арқылы шешуді қаласа, компания қызметкерлері де мәселе шешудің осындай жолынан бас тартпайды. Шетел компанияларының тәжірибелері көрсетіп отырғандай, Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті парасыз жүргізуге болады. Жемқорлық орын алған жекелеген жағдайлармен компанияның ішкі рәсімдері арқылы күресуге болады.
ЖАҒДАЙ. Қазақстанда жұмыс істеп, косметикалық қызмет көрсететін корей фирмасы лицензиялық талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл – 90 000 теңге. Шенеунік істі сотқа дейін жеткізбей, орнына оған ноутбук «сыйлауды» ұсынған. Фирма басшысы әділ тұжырым жасады, яғни, сотта талаптың негізгі бөлігімен келіспей және шенеунікке кейін үлгі болатындай үнемі «қалтасын толтыруға» жағдай жасамауға бел буды. Сот талқылауының нәтижесінде, кәсіпкерге қойылған бес талаптың біреуі ғана қалдырылды. Айыппұл құны 30 000 теңгеге дейін түсірілді.
Алайда, істі қарау барысында фирма жұмыс жүргізу бойынша бағалы тәжірибе алды. Енді ол ешқандай тексерушілерден қорықпайды, себебі жұмысын толық ретке келтіріп алды. Фирма басшысы мұндай білім мен тәжірибе 30 000 теңге төлеуге тұрарлықтай екенін, және істі әдеттегідей пара берумен аяқтаса, одан да жаман боларын мойындады. Қиындық туғызып отырған тағы бір мәселе бұл – қызметкерлердің компания ресурстарын жеке мүдделеріне қолдануын жемқорлық әрекетіне жатқызу. Бұл жағдайды қызмет бабын теріс пайдалану деп қарастырған дұрыс. Осылайша, бизнес-ортада жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру сана-сезімді, әділдік пен жауапкершілікті арттыру мақсатында кәсіпкерліктің кадрлар құрамымен жұмыс жүргізуді болжайды.
Компания ішіндегі жемқорлық мәселелерін оның басшылығы немесе иелері шеше алады. Ішкі рәсімдермен шешім қабылдау тәртібін жетілдіру үшін, сондай-ақ жемқорлық амалдарын өрескел қылыққа айналдыру үшін уақыт қажет.
ЖАҒДАЙ
Салық инспекциясының қызметкері Алматы қаласының кәсіпкері Б-ға негізсіз айыппұл салды. Ол фирма бухгалтеріне белгілі ақы үшін жағдайды «реттеп беруді» ұсынды. Және бухгалтерге делдалдық қызметі үшін сыйақы уәде етілген. Бас бухгалтер кәсіпкерді салық қызметкерлерімен туындаған мәселеде ең дұрыс шешім ақы төлеу екеніне көндірмекші болып, мәселені өзі шешуге ұсыныс жасаған. Кәсіпкер ақы төлеуден бас тартып, негізсіз айыппұл жөнінде сотқа шағымдануды жөн көрген. Қатарынан бес сот шағымын жеңіп шыққан кәсіпкер Б-ны салық инспекциясының өкілі ақыры қоя берді. Шыны керек, ол үшін біраз уақыт пен қаражат жұмсалды.
Алайда, бизнестің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі, сонымен қатар, адамдық қадірінің сақталып қалуы жұмсалған уақыт пен қаражатты артығымен ақтап берді. Соңында бұл кәсіпкер бас бухгалтерін жұмыстан шығарып, шағын бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау жөніндегі ынталы топты басқарды. Әлемдік тәжірибеде байқалғандай, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресіп, оны мемлекеттің моральдық-адамгершілік ұстанымдары мен экономикасының дамуына қатер төндірмейтіндей деңгейге жеткізуге болады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу маңызды әрі болуы мүмкін іс-әрекет болып саналады.
ЖАҒДАЙ
Бал өндірумен айналысатын шағын кәсіпорыннан сәнді би сайысын өткізуге қаражат аударуды талап еткен. Келіссөздер нәтижесінде екі жаққа да жағымды мәміле табылған: кәсіпорын аз мөлшерде қаражат төлейді, бірақ өз атауын көрсетіп, іс-шараның ресми демеушісіне айналады, өз тауарын тегін жарнамалап, банкетті балмен қамтамасыз етеді.
Әртүрлі зерттеулер нәтижесінде байқалғандай, бизнес-қауымдастығы сыбайлас жемқорлықпен сәтті күресіп, оның алдын алу үшін негізгі екі шараны орындау қажет деп есептейді:
1) пара үшін қомақты (еселенген) айыппұл салу, бұл пара алушылардың жауапкершілігін арттырады;
2) заңнаманы оның «сыбайлас жемқорлықтан таза» екендігіне қоғамдық сараптама жүргізу, оны жасаудағы нақтылық.
Достарыңызбен бөлісу: |