Сізді облыстық ардагерлер кеңесінің атынан 75 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде әріптестеріңіз Сізді мемлекеттік басқару органдарында жауапты қызметтер атқарған, беделді, іскер азамат азамат ретінде жоғары бағалап, ұйымдастырушылықпен мол тәжірибеңіздің, адамгершілік, қарапайымдылық қасиеттеріңіздің арқасында үлкен аудандық ардагерлер ұйымын өзіңізге тән жауапкершілікпен басқарып отырғаныңызға құрмет тұтады. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз.
Бұл жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз! Осындай қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан танбаңыз.
Сондықтан, жетпіс бестің асуынан асып, сексенге аяқ басқан шағыңызда көзіңізден от, жүрегіңізден жылу кетпесін дей отырып, елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын таба берсін деймін!
Осы қуанышты күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілеймін. Жанұяңызға баянды бақыт, өмірдің барлық қуанышын қызықтап, немере-шөберелеріңіздің қызықтарына тоймай, Алланың берген жасын жасап, кісілік келбеттеріңізден танбай, несібе-дәулеттеріңіздің арта беруіне ақ тілегімізді білдіремін!