Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет86/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Әдебиеттер тізімі:
1 Кузьмина Н.В. Профессиональное сомоопределение студентов высшей школы. Автореф. дисс.канд.пед.наук. -Москва, 1979. -32с.
2 Маркова А.К. Формирование интереса к учению у школьников. - М.: Педагогика, 1986. - 191 с.
3 Сластенин В.А. О формировании познавательной направленности личности будущего учителя.Автореф.дисс.канд.пед.наук. -Москва, 1972. -127 с.
4 СәлімбаевО.С. Құзыреттілік – білім сапасыныңкөрсеткіші.Білім орталығының тәжірибесінен. Әдістемелік Нұсқау. - Алматы, 2010. - 426.
5 Леонтьев А.А. Психология общения. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Смысл, 1997. – 365 с.

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН: ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ


Айтбекова Мейрамкуль Даулетбековна., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, ,«Алға орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
Заманбеков Бауыржан.,10-сынып оқушысы,«Алға орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.


Резюме
В этой статье повествуется, что в поэме Жусипа Баласагуна «Кутадгу билик», увеличение человеческих достоинств связано с знаниями и умом человека, а первая ступень развития современного поколения и его совершенствование есть образование, данное учителем.
Summary
This article tells that in the poem of ZhusipBalasagun "KutadguBilik", the growth of human dignity is associated with knowledge and mind of human,also the first stage of development of the current generation and the its improvement are the education, which has given from teacher.

Жүсіп Баласағұн – өз заманының озық ойлы ғалымы,ғасыр қойнауынан қайнап шығып,ұрпағымен ұзақ жылдан соң қауышқан ақын. Адамды таңдандыра алмас мына зымыран заманда асыл да текті, құнды мұрамызға айналған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны – оқырманын даналығымен таңдандыратын, ұрпағымызға құт-ырыс әкелетін, күллі түркі жұртына ортақ қазына болған ілім-білім кітабы.


Жүсіпті ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған – осы еңбегі. Көптеген зерттеушілер бұл дастанды саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат дейді, шындығында, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл – бүтін бір тарихи кезеңнің мінез-құлқын бойына сіңірген, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, моральдық-этикалық, рухани қазынамыздың негізі арқау боларлық дүние. Дастандағы бүгінгі тілімізге, ой-толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды оқығанда, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтас жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі көрінеді.
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Адам баласының қадір-қасиеті-білім мен ақылда. Бұл – адамның жетіліп, кемелденуінің алғашқы жолы, ал ғылым іздеу – мұсылманның бір парызы. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне де әсер етеді. Заман талабына сәйкес мұғалім жасына қарамай, бүгінгі күннің талабына сай қызмет етуі –заңдылық.
«Ұл-қызыңа үйрет білген білімді,
Қолына ұстат кеудеңдегі күніңді.
Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды,
Көңілі таза,көзі шоқтай жайнайды!» (1225-бәйіт) – деген Жүсіп Баласағұнның сөзі ата-анаға ғана емес, ұстазға да айтылған ізгі ой. Ізгілік – бүкіл адамзат үшін ең қажетті қасиет.
«Құдай кімге берсе білім-білікті,
Қол ұзартып таятқаны үмітті.
Құлқы жақсы,жаңылмаса жолынан,
Тілегі боп,күні туар оңынан» (1250-бәйіт) – деп, біліммен бірге жақсы мінез-құлық қатар жүргенде, күткен үміт, тілектің де орындалатынын, ұстаздың берген ізгі білімін оқушы өз бойына сіңіре білсе,ұрпақтың да жолы ашық болары анық екенін ұрпағына аңғартқан.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын шешуге ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Нәтижелі талқылау үшін оқушы шығармамен алдын-ала танысып, қосымша ізденіп келуі, тіпті, қалаған үзіндіні жаттап келуі ұсынылады.
Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытатыны белгілі. Сабақ жүйесінің барлық артықшылығы да дәл сабақ үстінде анық байқалады. Сабақ түрі нәтижелі ұйымдастырудың тек қана оқу-танымдық әрекеті емес, бүгінгі күнгі заман талабына сай балалар мен жасөспірімдердің басқа да өмірге қажетті іс-әрекеттерін дамытудың жолдары болуы қажет. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін, қызығушылығын туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Ұстаздың басты мақсатының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Әрбір сабақта баланың ізденушілік әрекетін ұйымдастыру мұғалімнің басты назарында ұсталады. Бала өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетін жағдайға түсуі керек. Содан барып білім алуға деген ынта-ықыласы артады, өздігінен білім алуға әрекеттенеді. Мұғалім оқушыны әрі бала, әрі үлкен адам ретінде сезініп, өзін өте жоғары деңгейде мәдениетті, жауапты ұстаған жағдайда ғана сабақтың балаға берер құндылығы мол болмақ.
«Ақыл қайда болса,ұлылық толады,
Білім–кімде,сол білікті болады.
Ақылды ұғар,білімділер біледі,
Түгел болар білімді,есті тілегі!»(155-бәйіт)
Осы орайда,«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.Оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімдігі де жойылады»,– деген орыс педагогі К.Д.Ушинскийдің сөзі Ж.Баласағұн ойының жалғасы іспетті.
Адамзат баласына берілер ғылыми немесе тарихи,рухани білімнің қай-қайсысы болса да, баланы қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігіне бағыттаса, жоспарлау, мақсатты жүзеге асыру, іс-әрекетті талдауға үйретсе, бала тұлғасының дамуына үлес қосатын инновациялық сабақ деңгейіне көтерілетіні анық.
«Құт дарыған елдің адамы қандай?» деген сұраққа Жүсіп Баласағұн «Құт, бақытқа кенелсем деп тор құрушылар көп, бірақ ол қасиет адамға ғана қонады. Құтты іздеген адам жібек мінезді, көңілі таза, тілі майда, жігерлі болып, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге мейірім төксін, арсыз көңілді тыйып ұстасын. Осы қасиеттер – құтты ұстаудың құлып, кісені» деген ой түйеді.
Өз заманында өзінің ақыл-білімімен өз қадір-қасиетін арттырып,ханның ең жақын,ең сенімді кеңесшісіне айналған Ж.Баласағұнның «Білімдарлар халыққа бас,ес болатыны» туралы ой-пікірі,тұжырымы бүгінгі білім беру мен бүгінгі ұстаз,бүгінгі шәкірт бойынан табылғаны оңды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет