мемлекет жəне кредиторлар жағынан қысым күшейеді, сөйтіп мен
табыс табу үшін, басқа тəсілдер мен амалдарды іздестіруге мəжбүр
боламын. Оларға төлеу менің мотивациям болады. Мен жұмыстарды
жүргізе бастаймын, жаңа компаниялар құрамын, биржада ойнаймын,
барлық қиындықтарға соқтығам, əйтеуір қайткенде де бұлардың
қысымшылығын тоқтату қажет. Мұндай қысым, менен одан да əрі
екпінді іс-қимылдар жасауға жəне жалпы каржы жөніндегі ақыл мен
үлкен тапқырлықты табуды талап етеді. Егерде мен төлемді өзіме ең
соңында төлегенімде, бұлардың тарапынан ешқандай да қысым
көрмеген болар едім, бірақ менде ақша да болмаған болар еді.
-Сонда Сіздің мотивацияңыз-ол мемлекет жəне кредиторлар
алдындағы үрей ме?
-Əбден дұрыс, -деді бай əке.
Басқа да ақша талап етушілер сиякты. мемлекеттің салык
жинаушылары да-нағыз қарақшылар. Жұрттың көпшілігі олардан
сескенеді, сондықтан оларға алдымен төлейді, өздеріне айтарлықтай
ештеңе қалмайды. Ал, мен мұндай үрейлікті, өзімді мықты қылуға
пайдаланауға шештім. Басқаларды бұл əлсіретеді. Өзіңді ақшаны
қалай табуға ойлануға мəжбүр етушілік, спортзалға барып
жаттығумен бірдей. Ой-өрісімді жаттықтырған сайын, мен күшейе
түсемін. Енді мен олардан қорықпаймын. Бұл идея маған танады.
-Сонымен, егерде мен алдымен өзіме төлесем, қаржы жағынан
мықтырақ, ой-өрісім өсіп, материалдық жағдайым жақсара ма?
Бай əке басын изеді.
-Ал, егер мен, өзіме ең соңында төлесем немесе мүлдем төлемей
қойсам, онда əлсіреймін бе? Сонда барлығы мені, жаман дағдым үшін
түрткілеп бола ма?
Бай əке тағыда басын изеді.
Достарыңызбен бөлісу: