«Робо Қыз қуу» категориясы бойынша роботтар сайысының ережесі Сайыстың шарты «Робо Қыз қуу»



бет1/3
Дата12.12.2022
өлшемі51,5 Kb.
#56674
  1   2   3
Байланысты:
robo-kiz-kyy


«Робо Қыз қуу» категориясы бойынша роботтар сайысының ережесі

  1. Сайыстың шарты

    1. «Робо Қыз қуу» сайысына қатысу үшін, қатысушы команда бір авнономды робот құрастырулары қажет.

    2. Сайыс екі роботтың арасында өтеді.

    3. Раундтың өту ұзақтығы – 3 минут.

  2. Сайыс алаңы

    1. Алаңның түсі – ақ

    2. Алаңның өлшемі – 180х280 см

    3. Алаңда жарысты бастауға екі орын бар. Старт орындары Q (қыз) және U (ұл) әріптерімен берілген.

    4. Сайыс алаңы www.obtsho.kzсайтында орналасқан.

  3. Робот

    1. Робот автономды болуы қажет

    2. Роботтың максималды ұзындығы 200 мм

    3. Максимал ені – 200 мм

    4. Максимал биіктігі – 200 мм

    5. Роботтың салмағында шектеу жоқ

    6. Сайыс кезінде роботтың салмағы мен өлшемі өзгеріссіз болуы қажет.

    7. Сайысқа LEGO Mindstorms конструкторы бойынша құрастырылған роботтар қатыса алады.

    8. Робот қозғалысын іске қосқан сәттен 5 с-тан кейін бастауы қажет.

    9. Робот құрылысында сайыс алаңын бүлдіретін жасақтар болмауы керек. Төреші шешімі бойынша әдейі қарылас роботқа зиян тигізген немесе бүлдірген және сайыс алаңында бүлдірген немесе ластаған робот сайыс аяқталғанша алаңнан қуылады.

    10. Робот құрылысында болмауы тиіс:

  • Дөңгелекке немесе денесіне жабысқақ сұйықтықты қолдануға.

  • Қарсылас роботқа қандай бір зат лақтыратындай механизм қолдануға.

  • Қарсылас роботқа және электрондық жабдықтарға инфрақызыл немесе басқада датчиктер арқылы кедергі келтіруге.

Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзған робот сайысқа қатыспайды.

    1. Сайыс басталар алдында көрсетілген ережелер бойынша техникалық байқау өткізіледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет