Родственником по материнской линии


Жазбаша мәтін және оның құрылымдық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі0,55 Mb.
#12078
1   2   3   4
 

Жазбаша мәтін және оның құрылымдық ерекшеліктері 

А. Аширова 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ф.ғ.к., доцент, Алматы, Қазақстан 

 

Аннотация. Жоғары оқу орындарындағы студенттердің қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру 

үшін  сөйлеудің  дұрыс  үлгісін  көрсету  керек.  Бұл  міндетті  мәтін  атқарады.  Мәтін-  байланысу, 

бірігу деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті бір тұтас 

ойды аяқтайды. Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден сөйлемдерден, абзацтардан тұрады. 

Қазіргі  кезде  оқытуда  тілдік  қатынас  мақсатын  алға  шығарған  қатысым  әдісінің  артықшылығы 

практикада дәлелденген. 

 

Жоғары  оқу  орындарындағы  студенттердің 



қазақша  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру  үшін 

сөйлеудің  дұрыс  үлгісін  көрсету  керек.  Бұл 

міндетті  мәтін  атқарады.  Мәтін-  байланысу, 

бірігу  деген  мағынаны  білдіретін  сөз.  Ол  сөй-

легенде, жазғанда пайда болады да, қажетті бір 

тұтас  ойды  аяқтайды.  Мәтіннің  тақырыбы  бо-

лады. Мәтін сөздерден сөйлемдерден, абзацтар-

дан тұрады. Қазіргі кезде оқытуда тілдік қаты-

нас  мақсатын  алға  шығарған  қатысым  әдісінің  

 

артықшылығы  практикада  дәлелденген.  Өйт-



кені, мәтін сөйлеуге жаттықтыруға,сөйлеу  дағ-

дысын қалыптастыру құалы. Оқу мәтіндегі қа-

зақша  сөйлеудің  дұрыс  үлгісін  көрсетіп  қана 

қоймайды, оған бірте-бірте дағдыландырады. 

А.Байтұрсынұлы  мәтінді  шығарма  сөз  деп 

атап,  сөйлеудің  бірлігіне  жатқызады.  Олай 

дейтін себебіміз, ғалым: “Сөз өнерінен жасалып 

шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол 

аты  қысқартылып  шығарма  деп  айтылады. 

И. К. Алишова 




51 

 

Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 



 

 

Ауыз  шығарған  сөз  болсын,  жазып  шығарған 



сөз  болсын  бәрі  шығарма  болады”, - дейді 

[1,344].   

Ал  Қ.Жұбановтың  еңбектерінде  қазіргі  тіл 

біліміндегі терминдік атаулармен берілмесе де, 

мәтін  мәселесіне  қатысты  пікірлердің  болған-

дығы  анық  байқалады.  Мәселен,  Қ.Жұбанов 

мәтінді  сөз  деп  атайды.  Ғалымның  мәтін  ту-

ралы  ой-пікірлері  тілдің  күнделікті  қолданыс-

тағы  қызметіндегі  ерекшеліктерінен  туындаған 

болса  керек.  Мәтін  қарым-қатынасты  жүзеге 

асырудың  бірден-бір  құралы  деп  түсінген 

ғалым мәтіннің ауызша және жазбаша түрлерін 

бөліп  көрсетіп,  олардың  айырмашылықтарына 

да  ден  қояды.  Бұл  жөнінде  Қ.Жұбанов: “Сөз 

бұйымын  дұрыс  жасап  шығу  үшін  де  оның 

жасалу жолын білу – жазылатын сөзге ала-бөле 

қарау.  Өйткені  ауызекі  сөйленетін  сөздің  ан-

дай-мұндай  қисығын  елетпейтін  басқа  жағ-

дайлар  бар, - деп, паралингвистикалық  зерттеу 

нысанасы  ым-ишара  секілді  кинестикалық 

амал-тәсілдерді т.б. атап көрсетеді де, ойын бы-

лайша  сабақтайды:” - Жазулы  сөзде  бұл  кең-

шіліктердің  бірі  де  жоқ.  Кітаптың  сөзі  қисық 

болсын,  дұрыс  болсын,  қалай  жазылған  болса, 

солай оқылады; қалай оқылса, солай түсініледі, 

немесе  түсініксіз  күйімен  қалып  қояды.  Сон-

дықтан,  әсіресе,  жазылатын  сөздің  қалай  құру 

тетігін  білу  өте  қажет” [2,148]. Бұдан  біздер 

ғалымның  мәтінді  жүйелілік  сипаты  бар  құ-

былыс  деп  түсінгендігін  көреміз.  Бұл  көтеріл-

ген  мәселелер  сол  кезде  мәтін  лингвистика-

сының ауқымында қарастырылмаса да, қазірдің 

өзінде тіл білімінің осы саласы үшін өзекті, әрі 

құнды. 


Қазақ тіл білімінде мәтіннің тұлға-бірлігінен 

саналатын  күрделі  синтаксистік  тұтастық  ту-

ралы  алғашқы  пікір  білдірген  ғалымдар  қата-

рында  Т.Қордабаев  пен  Р.Сыздықоваларды 

атай  аламыз. 60-70-жылдардың  өзінде-ақ  ға-

лымдарымыздың  еңбектерінде  күрделі  синтак-

систік  тұтастық  мәселесі  күн  тәртібіне  қойыл-

ды.  Алайда,  ғалымдардың  пікірі  бойынша, 

өздерінің  екбектерінде  бұл  категория  жан-

жақты  арнайы  қарастырылмады.  Әйтсе  де, 

Р.Сыздықова  “Абай  өлеңдерінің  синтаксистік 

құрылысы” (1970) деген  еңбегінде  қазақ  поэ-

зиясында  сөйлемдерді  бір-бірімен  байлан 

ыстырып,  топтастыратын  тәсілдердің  бірқатары 

орыс  тіліндегімен  сәйкесетінін  және  бірсыпы-

расы  өзгеше,  яғни  қазақ  тілі  табиғатына  сай 

келетіндігін  айта  келіп,  олардың  басты-бас-

тыларын  тізіп  көрсетеді [3]. Ал 1974 жылы 

жарық  көрген  “Қазақ  тілінің  стилистикасы” 

оқулығында  сөздің  (речь)  ауызша  және  жаз-

баша  деп  екіге  бөлінетіндігі,  олардың  ерекше-

лігі  сөз  етіліп,  жазбаша  сөздегі  ойдың  қағазға 

жазылып жеткізілетіндігі туралы мынадай пікір 

айтылады: “Сонымен  жазу – ол  белгілі  бір 

текст.  Бұл  түрлі  текстер  (газет,  журнал,  кі-

таптардағы материалдар) әр жай, күйді білдіріп 

хабарлайды” [4,5-6]. Бұл  ойдан  жалпы  лин-

гвистика ғылымының зерттеу нысанынан сана-

латын  мәтін – тіл  жүйесін  пайдалану  арқылы 

қағаз  бетіне түскен сөйлеудің бір түрі, яғни ол 

сөйлеудің  хатқа  түскен  бейнесі  түрінде  анық-

талып отырғаны анық байқалады.  

Мәтін өте күрделі табиғаты оған түрлі қыр-

дан  танылған  түрлі  анықтама  берілуінен  бай-

қалады.  З.Я.Тураева,  Н.И.Жинкиннің  тұжы-

рымдамасы 

негізінде 

А.И.Новиковтың, 

М.М.Бахтиннің,  И.Р.Гальпериннің,  Б.Шала-

баевтың,  қырғыз  мәтіндерінің  қатысымдық 

құрылымын зерттеген С.Ж.Мусаевтың. Мәтінге 

берген  анықтамаларын  салыстыра  талдай  оты-

рып, әр  анықтамада  мәтіннің  бір  қыры  танылып 

жататынын  көре  аламыз.  Мәтін  теориясын  кең 

көлемде  зерттеген  И.Р.Гальперин  өзара  байла-

нысып  жататын  мәтіннің  мазмұндық  (содер-

жательные)  және  тұлғалық-құрылымдық  кате-

горияларын  анықтап,  олардың  әрқайсысына 

сипаттама  береді:  хабар  беру,  мүшелену,  мә-

тінішілік  байланыс  (когезия),  континуум,  дис-

сконтинуум,  ретроспекция  (мезгілге,  кеңістіке 

қатысты  ұғымдар),модальділік,  дербес  мағы-

налық,  тұтастық,  аяқталғандық.  Ғалым  оларға 

нақты шек қоюды  қажет  деп  есептемейді, өйт-

кені  “тұлғалық – құрылымдық  категориясына 

мазмұндық  сипат  тән  болса,  ал  мазмұндық 

категориясы  құрылымдық  тұлғалар  арқылы 

көрініп отырады” [6,5].  

Мәтінді  зерттеушілер  оның  тұлға – бірлігі 

ретінде  бірнеше  сөйлемдерден  тұратын  ірі  тұ-

тастықтарды  көрсетеді.  Түркологияда  мәтін 

лингвистикасы  мәселелері  ішінен  осы  бағыт-

тағы  жұмыстарға  көбірек  көңіл  бөлінді.  Мәсе-

лен,  Т.Қордабаев  “Қазақ  тіліндегі  құрмалас 

сөйлемдер  синтаксисі”  оқу  құралында: “Құр-

малас  сөйлем  синтаксисі  жай  сөйлемдердің 

өзара  бірігіп,  күрделі  ойды  білдіретін  бір  сөй-

лем,  яғни  құрмалас  сөйлем  болуын  зерттеумен 

ғана  тынбайды,  сонымен  бірге  бірнеше  сөй-

лемдер  тіркесінен  құралатын  синтаксистік 

күрделі бірлікті де қарастырады. Осы тұрғыдан 

алғанда,  құрмалас  сөйлем  синтаксисінің  ныса-

насын  құрмалас  сөйлем,  синтаксистік  күрделі 

бірлік  деп  екі  топқа  бөлуге  болады”, - деген 

пікір  білдіреді [7,8]. Ғалым  бұл  жерде  күрделі 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 

Жазбаша мәтін және оның құрылымдық ерекшеліктері 



52 

 

 



 

ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 

№ 2(136). 2012 

синтаксистік бірлік пен құрмалас сөйлемдердің 

бірнеше  сөйлемдерден  тұрып  күрделі  ойды 

білдіруін  басшылыққа  алып  отырса  керек. 

Әрине, екеуі де бірнеше  сөйлемдерден тұраты-

нына  ешкім  де  талас  туғызбайды,  бірақ  олар 

тең  дәрежедегі  ұғымдар  емес.  Себебі  бірнеше 

жай  сөйлемдерден  құралып,  күрделі  ойды 

білдіретін  құрмалас  сөйлемдердің  қай  түрі  де 

күрделі  синтаксистік  бірліктің  бір  ғана  құрам-

дас бөлшегі болып саналады.  

Мәтіннің  көлемі  қандай,  қанша  сөйлемнен 

түзілуі тиіс деген сұраулар төңірегінде де зерт-

теушілер  арасында  бірізді  пікір  жоқ.  Сол  се-

бепті  де,  мәтін  атауы  әр  түрлі  құрылымдық-

мағыналық  бірліктерге – дара  сөйлемге  де, 

мағыналық,  интонациялық  жағынан  аяқталған 

сөйлемдердің  тізбегіне  де,  тұтас  шығармаға  да 

(макромәтін),  шығарма  бөліктері  мен  үзінді-

леріне  де  (микромәтін),  яғни  “бір  сөйлемнен 

бастап  бірнеше  томдық  шығармаға  дейін” 

(Л.Г.Фридман)  қолданыла  береді.  Сонда  бұ-

ларды  мәтін  деп  атауға  қандай  негіз  бар?  Бұл 

сауалға  жауап  ретінде  О.И.Москальскаяның 

пікірін  келтіргенді  орынды  көрдік.  О.И.Мос-

кальская: “…сан түрлі сөйлеу туындылары мен 

олардың  шартты  түрде  аяқталған  бөліктерінің 

барлығын  біріктіріп  тұрған  ең  басты  белгісі – 

мағына  бірлігі  және  қатысымдық  маңызы  бар 

функциналдық  белгісі”, - деп  тұжырымдайды 

[8-9].  Әр  түрлі  тұлға-бірліктердің  мәтін  деп 

аталуы,  зерттеушінің  тұлға-бірлікті  өзіндік 

байланысу  жолдары  мен  тәсілдері  бар,  салыс-

тырмалы  түрде  тұтас  бір  аяқталған  мазмұнды 

білдіретін  құбылыс  ретінде  қарастырудан 

туын-дауы да мүмкін.  

Сондай-ақ  бір-екі  немесе  үш-төрт    сөйлем-

дерден  тұратын,  өз  алдына  аяқталған  дербес 

тұтас  мәтін  ретінде  танылатын  да  сөйлеу 

туындылары  бар.  Олар:  мақалдар,  мәтелдер, 

жұмбақтар,  жарнама  мәтіндері  т.б.  Тұжырым-

дай  келгенде,  оқушылардың  жазбаша  тілін 

дамыта оқыту үшін, ең алдымен, олардың мәтін 

туралы 


білімін, 

түсінігін, 

мәтіннің 

құрылымдық  ерекшелігі  туралы  біліктілігін 

қалыптастыру қажет.   

Мәтіннің  негізгі  белгілерін  анықтауда  ға-

лымдардың пікірлері түрліше. Біреулер ауызша 

және  жазбаша  сөйлеу  формаларын  мәтін  деп 

атаса, көпшілігі тек жазбаша сөйлеу нәтижесін 

мәтінге  жатқызады.  Алайда,  мәтіннің  мүше-

ленуі (бөлшектенуі), мағыналық тұтастық және 

құрылымдық  байланыс  сияқты  белгілерін  бар-

лық  зерттеушілер  мақұлдайды.  Мәселен, 

Г.Смағұлова  мәтіннің  белгілі  бір  құрамнан 

тұратынын айта келіп: «Мәтін – тіл жүйесіндегі 

өзінің  мәні  мен  болмысына  сай,  сөйлемдердің 

жай  ғана  тізбегі  емес,  мағыналық – құрылым-

дық  күрделі  тұлға.  Ол – логикалық,  грамма-

тикалық,  байланыстарға  негізделген,  тиянақты 

мазмұнға ие біртұтас қарым-қатынас бірлігі», – 

деп  анықтайды [9,9]. Тіл  ғылымында  бүгінге 

дейін  зерттеу  нысаны  болып  келген  сөз,  сөз 

тіркесі,  сөйлем,  морфологикалық,  лексикалық 

тұлғалар,  фонетикалық  құбылыстар – мәтіннің 

құрамына  енетін  тілдік  бірліктер.  Осы  тұрғы-

дан  алып  қарағанда қазіргі  қазақ  тілі  білімінде 

мәтінді  құрылымдық,  мағыналық,  қызметтік 

жағынан  жан-жақты  зерттеу  әлі  де  кенжелеп 

келе  жатқан  өте  маңызды  мәселелердің  бірі 

екенін мойындамасқа болмайды.  Мәтін – қазақ 

тілін  оқыту  барысында  үлкен  орын  алатын 

оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін 

материал  оқыту  мәтіндері  түрінде  болса, 

екіншіден,  жаттығулардың  тұтас  мәтін  түрінде 

берілуі  де  мәтінмен  істелетін  жұмыстардың 

сараланып  жүйеленуін  қажет  етеді.  Мәтіннің 

қызметін  таныту – студентке  тіл  бірліктерін 

функциональдық  тұрғыдан  танып-білуге,  сол 

арқылы  студентін    логикалық  ойлауы  бірізді 

қалыптасуына  мүмкіндік  береді.  Өйткені, 

мәтінде тіл бірліктері (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) 

тегіс қатысады.  

Барлық  мәтіндер,  ең  алдымен,  лингвисти-

калық  нысан  болып  табылады.  Сондықтан  да 

мәтіндердің  типологиясы  лигвистикалық  тұр-

ғыдан  танылуы  қажет.  Лингвистикалық  типо-

логияның  негізіне  лингвистикалық  дифферен-

циация  алынады.  Оның  өзі  мәтіннің  түрін, 

формасын, жанрлық-стилистикалық ерекшелік-

терін,  жүзеге  асырылу  шарттары  мен  тәсілін 

білдіреді.  Сонда  мәтіннің  белгілеріне  (әдісте-

мелік  тұрғыдан  келгенде)  мыналар  алынады:  

1)  сөйлеу  түрі; 2) сөйлеу  формасы; 3) сөйлеу 

стилі; 4) жанры; 5) сөйлеудің функциональдық-

мағыналық  типі  (сөйлеу  тәсілі); 6) сөйлеудің 

эмоционалдығы мен экспрессивтілігі.  

Тұжырымдай  келгенде,  оқушылардың  дү-

ниетанымын дамыту мен қалыптастырудың ар-

найы  мақсаттары  көзделіп,  түрлі  өмір,  ғылым 

салаларынан  арнайы  мәтіндер  талданады.  Ғы-

лыми  мақсат  та  сол  бағытта  болады.  Ал  тіл 

дамыту  мәтіндер  бойынша  шығарма,  мазмұн-

дама, жоспар, мәтінді талдау сияқты жұмыстар 

ұйымдастырылады.  Тіл  ұстартуда,  міндетті 

түрде  стилистикалық  жұмыстар  мол  жүргізі-

леді.  Өйткені,  қазіргі  қазақ  әдеби  тіліндегі 

стильдердің  қайсысын  болсын,  оқушы  мүм-

кіндігінше  жетік  меңгеруі  керек.  Ал  жазбаша 

А. Аширова 



53 

 

Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 



 

 

тіл  ұстарту  жұмыстары  стиль  тармақтарының 



ерекшеліктерін тани  отырып, сол бағытта  құра 

білу дағдысын қалыптастырады.  

Сонымен, мәтін бойынша тіл дамытуды же-

тілдіруге негіз болатындай әдістемелік маңызға 

ие талаптарды атайық:  

1)  оқушының  түсініп  оқу  арқылы  баяндау 

дайындығын қамтамасыз ететін талаптар: а) қа-

тысымдық  міндетті  шешуге  арналған;  ә)  сөй-

леушінің  көзқарасы;  б)  эмоциональдық  бояу;  

в) мәнерлілік; г) қаратпалық;  

2)  мәтіннің  мағыналық  құрылымын  қамта-

масыз  ететін  талаптар:  а)  байланыс-тылық;  

ә) бүтіндік; б) қисындылық; в) ақпараттылық.  

3)  мәтіннің  түсінікті  болуын  қамтамасыз 

ететін  талаптар:  а)  ақпараттық  негізде  оқу-

шылардың жас ерекшелігіне байланысты қызы-

ғушылық есебі; ә) оқушының даму деңгей есебі.  

4) мәтін негізінде тілдік тәжірибелерді тіке-

лей  жетілдірудің  қамтамасыз  ететін  талаптар:  

а)  мәтіннің  көлемі  орындалатын  жұмыстарға 

сай болуы (жас ерекшелігі, білімі), ә) меңгеріл-

меген  тілдік  материалдың  аз  болуы;  б)  бұрын 

өтілген материалдың жаңа материалмен толық-

тырылуы,  байланысты  болуы;  в)  материалдың 

қайталанып  есте  сақтауға,  бекітуге  мүмкіндік 

жасалуы.  

Тұжырымдағанда,  оқушылардың  сөйлеу 

икемділіктері  мен  дағдыларын  дамыту  үшін 

мәтін  туралы  мынадай  білім  мен  дағды  қа-

лыптастырылады:  

- мәтінді түсініп оқи білу және есте сақтау,  

-  мәтіннің  құрылымдық  ерекшеліктері  ту-

ралы  білім  беріп,  оның  тәжірибесінде  пайда-

лана білу дағдысын қалыптастыру,  

-  мәтіндегі  қайырымдар  және  олардың  маз-

мұнды  жүйелі  баяндау  мақсатындағы  ерекше-

ліктерін  үйрету  арқылы  жүйелі  мәтін  құрай 

білуге үйрету,  

-  мәтіннің  түрлері  бойынша  сөйлеуге  ауыз-

ша,  жазбаша  жаттықтыру.  Ал  Р.Ә.Шаханова 

мәтін  бойынша  жұмыстардың  мынадай  түр-

лерін  ұсынады:  мәтін  бойынша  сұрақ-жауап 

ұйымдастыру  (әңгіме);  мәтінді  мағыналық  бө-

лімдерге бөліп, тақырып қойғызу; мәтінге жос-

пар  жасату;  мәтінмен  шығармашылық  жұмыс 

(толықтыру,  жалғастыру,  әңгіме  құрастыру) 

[10,33].  

Мәтін туралы білім мен тәжіриебелік дағды,  

 

 

 



ең  алдымен,  оқу  мен  тыңдап  түсіну  әрекетіне 

байланысты. 

Сөйлеуге  үйретуде  тұтас  мәтін  синтаксисін 

меңгертуді  оның  негізгі  белгілерін  танытудан 

бастаған  жөн.  Оқушыларға  жүйелі  басталған, 

белгілі бір жайды хабарлаған, сипаттаған, пікір 

білдірген,  тиянақты  аяқталған,  тақырыптық 

бірлікте болатын, логикалық жүйеде құрылған, 

құрамына енетін қайырымдары мен сөйлемдері 

бір-бірімен  тығыз  байланысқан  мәтіндерді 

түрлі  жаттығулар  арқылы  жоғарыда  аталған 

белгілерімен жүйелі түрде игертіледі.  

Мәтіннің  құрылысын  меңгертуде  талдау, 

жинақтау,  бақылау  және  салыстыру  әдістерін 

пайдалана  отырып  жүргізу  тиімді.  Сондай-ақ 

ойлаудың  индуктивтік,  дедуктивтік  және  ана-

логиялық  түрлері  бойынша  жұмыс  жүргізу 

мәтін арқылы оқушының тілін дамытуда нәти-

желі болады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет