Рухты ақын Мұхтар



Pdf көрінісі
Дата02.10.2022
өлшемі4,97 Mb.
#41093
Байланысты:
Рухты ақын Мұхтар



Абайдың рухани қазынасы
Орындаған;Асар Балнұр


Хәкім Абайдың ғылыми
қазынасы
Өмірінен құнды деректер
Жоспар
Абайдың рухани әлемі
1
Ақын білім алған 3бағыт
2
Аналар мектебі
3
Қорытынды
4


Абай таңдаған 3
бағыт
1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМ
2 Шығыстың рухани қазынасы
3 Баттың әдеби әдеби әлемі
1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМ
2 Шығыстың рухани қазынасы
3 Баттың әдеби әдеби әлемі


Сан ғасырға жүк болатын Абай
Құнанбайұлының рухани мұрасы қай кезеңде
де өзінің құндылығын жоғалтқан емес. Өз
дәуірінің жоғын жоқтап, тап арасындағы талас-
тартысқа төрелік айтып, қоғамның ащы
шындығын уытты жырларымен сынап отырған.
Ал, солданышпан Абайдың рухани әлеміне
сапар шексеңіз тұтас ғасырдың шежіресін көз
алдыңызға әкеледі.Ұлы ақын, данышпан, Қазақ
поэзиясының іргетасын қалаушы Абай
Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы
Қазақстанның Тұңғыш Президенті
Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен астасып
жатса құба-құп. Өйткені, Абай –
ұлтруханиятының бастауында тұрған тұлға. 
Вернуться к Повестке дня


Абай Құнанбайұлы – ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ
халқының ірі ойшылдарының бірі, ол қазақ руханиятының дамуына және қазақ
халқының қазіргі заманғы менталитетін қалыптастыруға үлкен үлес қосқан
адам. Ол өзінің барлық шығармашылық қызметімен және өзінің өмірімен
қазақ халқының көшпелі өмір салтынан қалалық өмірге көшуіне ықпал етті.
Абай Құнанбайұлы ұлы ойшыл және ақылды адам ретінде қазақ халқы оқшау
өмір сүре алмайтынын, оның бүкіл адамзаттың бір бөлігі екенін, сондықтан
әлемдік өркениеттің жолымен жүруі керек екенін түсінді. Сондықтан ол өз
халқына көмектесуге тырысты. Ұлы Абай қазақ даласына білім принципін адам
өмірінің негізі ретінде енгізіп, оны даму мен өркендеу принципімен
байланыстырды.


Аналар мектебі
М.Әуезовтың атақты «Абай жолы» романына соғыс жылдары Б.Момышұлы жоғары
баға бере отырып былай деген екен: «Зере мен Ұлжан Абайдың емес, барлық халық
анасы. Аналық сезімі мол, елдің мұңын мұңдап, жырын жырлаған аналар болып
ақиқат көрсетілген
«Қазақтың сөз өнеріндегі «Әуезов әйелдері» деп атауға болатын айрықша әсем
образдар галереясы ұлы эпопеяның жан тебірентер ғажайып жаңа бейнелерімен
толықты да молықты.
Әйел – ана ма, жар – жұбай ма, бұла бойжеткен бе... Әйтеуір қияпаты бөлек қазақ
қызының мінез құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең, нәзік
суреттеуге келгенде М.Әуезов алдына жан салмайды. Сонда әрбір бейненің тастан
қашалғандай бедер табатыны сондай, әрқайсысы - бір адам ғана емес, бір топ
адамның жиынтық бейнесі боп оқырманның көз алдына тұрады да, есінде қалады.
Сонда әр кейіпкер – тип; әркімнің қашанға таныс-бейтанысы боп шығады. Сонда бар
ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-шафхатқа толы Зере - әжелердің
үлгісі; салқын қанды, сара да, дара да, сабырлы ақыл иесі Ұлжан - аналардың үлгісі;
«Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен бар сыры мен назын
Абайға ғана құпия баян ететін «ақ еті атқан таңдай аппақ» ару Тоғжан – алыстан
арайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат тақырыбының үлгісі; әні сәніне, сәні
әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерім – жас жігіттің нақ сүйер жарының үлгісі...»


Көзін ашып, қол-аяғы икемге келген сәттен бастап адам баласы өзін
қоршаған ортаны танып-білуге ұмтылыс жасайды. Кейін келе әліпті таяқ
деп білмейтін жас өрен алғаш білім ордасына қадам басқан кезінен
өмірдің даңғыл жолына, білімнің толқынды теңізіне сапар шегеді. Зейіні
ашылып, зердесі толысқан кезінде ілімді меңгеру инемен құдық қазғандай
ауыр әрі сабырлық пен шыдамдылықты талап ететін жауапты дүние екенін
ұғынады. Кемелдену кезеңіне жеткен сәтте ғылымды жүйелеу және оны
жосықсыз пайдалану қауіпті қаруға айналарын, орнымен келелі іске
жұмсар болса берекесін кіргізерін түсінеді. Білімнің берері көп болса,
білімді болуың үшін де беретінің көп болуы шарт. Біз сөз еткелі отырған
жайт осы жерден бастау алады. Білімнің негізгі көзі мектеп екені мәлім.
Алғашқылардың бірі болып қазақ еліне білімнің сәулесін таратқан,
замандастарынан оза туған Құнанбай еді. Өзі мекен еткен Шыңғыстаудың
баурайынан «Ескі Там» деп аталатын білім ордасының негізін қалап,
қолына көзі ашық Ғабитхан есімді татар молдасын ұстап, осынау мектепте
сол бір молдадан барша баласы сауат ашқаны, оның ішінде ұлтымыздың
болашақ мақтаны болатын Абайдың (Ибраһим) оқығаны баршаға аян.
Кейін келе Абайды әкесі Семей шаһарына әкеліп, молданың қолына
табыстап, Ахмет Риза медресесіне орналастырып кеткенін де білеміз.


Қорытынды
«Ғылым таппай мақтанба» деп ақынның өзі айтқандай, түрлі ғылымды бойына қондырып, санасына сіңдіріп
өскен шәкірт ақыл тоқтатқан шағынан басқаға үлгі бола білді. Сонау Хакім қалдырған үлгіні Абай шаңырағы
әрмен қарай жалғастырып келеді. Жалпы Ұлы Абайдың тәлім алған бұл білім ордасы бүгінгі таңда ақын
музейінің негізгі экспозициялық бөлімдерінің біріне айналып, көпшілік қауымға қызмет жасап келеді. Бұл
жерде «Абай өнер» мектебі ашылып, болам деген баланың белін буған сәттері өте көп. Олай дейтініміз осынау
өнер мектебінде мәнерлеп оқудың жөні көрсетіліп, ақындық қабілеті бар жанға жол сілтейді. Қолына қалам
ұстаған жас бүлдіршін өлеңнің қыр-сырын меңгеріп, елдің алдында өзін ұстау этикасын үйренеді. Қысылып-
қымтырылмай бойын еркін ұстап, жыр жауһарын төкпелеткен талай шәкірт тәрбиеден өткені хақ. Оған
жоғарыда айтқан бірер сөзіміз айғақ бола алады. Абайдың еліне қадам басқан әр бір жан иесі қара шаңыраққа
ат басын тіремей, Абай оқыған Ахмет Риза мешіт-медресесін көрмей кеткен емес. Талайдың басын шайқатып,
таңдайын қаққызған осынау орда көпшілік қауымға қызмет етуін еш тоқтатпайды. Келіп көремін, білемін,
тамашалаймын дегендердің бетін қақпай, музей қызметкерлері киелі шаңырақпен таныстырып шығады. Есін
екеу, түсін төртеу қылған қауымның мауқын басып, артынша қызметкерлерге алғыстарын айтып,
ризашылықтарын білдіріп жатқандарына куә болған шағымыз аз емес.


Назарларыңызға
рахмет!
Д


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет