Руководство для реализации уровневых программ повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан


Сендердің мақсаттарыңыз мәтіндерді топта оқу және жаңа топта не туралы әңгімелейтіндерің туралы, қандай идеямен бөлісетіңдеріңді талқылау



бет26/39
Дата16.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#50647
түріРуководство
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
Lesson Study сабақты зерттеушілер үшін)

Сендердің мақсаттарыңыз мәтіндерді топта оқу және жаңа топта не туралы әңгімелейтіндерің туралы, қандай идеямен бөлісетіңдеріңді талқылау.
2. Топпен жұмыс. «Жигсо» стратегиясы.
Оқушыларға мәтіндер таратылады. Әрбір оқушыда өзінің мәтіні бар. Алдымен олар мәтіндерді үй топтарында оқиды, талқылайды, сонымен жұмыс істейді.
1 мәтін
Барлығы музыканы туылған сәттен бастап тыңдауға үйренген. Жалпы алғанда музыканың адам өміріндегі рөлі аса зор және маңызды. Ол тыныштандырады, қоздырады, көңіл-күйді көтереді, күйгелектендіреді және кез келген басқа түрде біздің көңіл-күйімізге әсер етуі мүмкін.
Бұдан басқа музыка медицинамен тығыз байланысты. Көне ертеде ғалымдар Бах, Моцарт, Бетховеннің классикалық туындылары адамдарды психологиялық та, физикалық та аурулардан жазатынын анықтаған. Расында да, адам музыкамен генетикалық деңгейде байланысты. Себебі өмірдегі алуан түрлі дыбыстар – теңіз шуы, жануарлардың дауыстары, шөп сыбдыры, қала дыбысы, тіпті өз жүрегіміздің дүрсілі әуендерге ұштасады. Дыбыстар тұрақты қоздырғыш ретінде әрекет етеді. Олар оң да, теріс те эмоцияларды тудыруы мүмкін.




Сабақтың ортасы







7 минут








































10 минут










5 минут

7 минут

5 минут


2 мәтін
Минутына 60 соққы жасайтын ырғақты әуен адамды трансқа кіргізіп, бас миінің жұмысын бәсеңдетіп, барлық мәселелерден аударып әкететіні психологшылардың жаңалығы болып табылады.
Музыка бас мидың жұмысына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар ішкі органдардың жұмысына да ықпал етеді – ырғақты және энергетикалық музыка артериялық қысымды көтеруге, жүрек қағысын жеделдетуге, ал салмақты музыка жүректің соғуын баяулатуға және қысымды тұрақтандыруға қабілетті.
Адам қанының құрамында лимфоциттер санын көбейтетін салмақты әуен адамның иммунитетін арттыратыны және соның салдарынан ағзаның жалпы күйін жақсартатыны ең қызықты факт болып табылады.







3 мәтін
Музыка эмоционалдық белсенділіктің артуы салдарынан зияткерлік қабілеттерге де ықпал етеді. Музыка дыбыстарымен қандай да бір формация жақсы есте қалады, ол соқыр сезімде қалып қояды. Сондықтан да шетел тілдерін оқығанда көбіне музыкалық сүйемелдеу пайдаланылады.
Жақсы әсем әуен көңіл-күйде көтере алады және жабығудан арылтуы мүмкін. Ғалымдар көңіл-күйдің құлдырауына және тез шаршап-шалдығуға жиі ұшырайтын адамдарға сүйікті музыкасын жиірек қосуға кеңес береді.
3. Смайликтерді түсі бойынша (қызыл, көк, сары) топтасыңыздар. Сіздің міндетіңіз жаңа топта мәтіндегі өз бөлігіңізді мазмұндап беру. Мазмұндауға 3 минут беріледі. Сіз бір біріңді келесі критерийлер бойынша бағалайсыз.

  1. Өз мәтінінің мазмұнын мазмұндап бере алды.

  2. Тақырып бойынша жаңа сөздер мен дәйексөздерді пайдаланды: классикалық музыка, музыканың рөлі, әсем әуен, сазгер, көңіл-күйді көтереді, адамдарды жақындастырады, әртүрлі стиль музыкасы, өнерге ортақтасу, жабығудан арылтады, қызықты факт.

  3. Басқаларды мұқият тыңдап, сұрақтарды қойды.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет