Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет12/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   198
Байланысты:
studentke arnal an n s auly

ПАйдАлАНЫлғАН әдЕБиЕТ
Alexander, R.J., (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk. [Диалогтік оқыту 
жолында: сыныпта талқылаудағы жаңа тәсілдер]. 4th edition, York, Dialogos.
Flavell, J.H., (1976). Metacognitive aspects of problem solving. [Проблемаларды шешудің 
метакогнитивтік аспектілері]. in Resnick, L.B. (Ed). The Nature of Intelligence (Hillsdale, NJ, 
Erlbaum).
Mercer, N., (1995). The guided construction of knowledge: talk amongst teachers and learners. 
[Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгіме]. Clevedon: 
Multilingual Matters.
Vygotsky, L.S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. (Cambridge, MA, Harvard University 
Press).
Wood, D., (1998). How Children Think and Learn. [Балалардың ойлану және білім алу қабілеттері 
қандай?]. 2nd edition. Oxford: Blackwell Publishers Ltd.


12
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
АдАМдАРдЫҢ ҚАлАй ОҚиТЫНдЫҚТАРЫ ТУРАлЫ БІлІМ 
САлАСЫНдАғЫ ЗАМАНАУи ЖЕТІСТІКТЕР
Бұл тарауда адамдардың қалай білім алатыны жөнінде заманауи ой-пікірлер ұсынылған. 
Бірінші бөлімде жаңа теориялық әзірлемелер қарастырылып, екінші бөлімде зерттеу нәтижелері 
түрлі тәсілдер арқылы оқыту тәжірибесімен байланыстыра қарастырылған, бұл мұғалімдерге 
соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін өз қажеттілігіне пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу дегеніміз не?
Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе тұрғысынан 
қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес түрін 
анықтауға мүмкіндік берді:
1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады 
(негізгі міндет – «көп білу»).
2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді 
ақпарат.
3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда 
қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі – оқушының 
пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы.
5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде. Нәтижесі – әлемді 
өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.
1-3-тұжырымдамалар оқушыға қатысты оқуды сыртқы фактор ретінде қарастырады. Бұл 
сыныпта болып жататын немесе мұғалімдердің оқушыларға қатысты жүзеге асыратын іс-
әрекеті болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген оқыту үдерісінің бастапқы үш тұжырымдамасы 
бір кезеңдерде білім немесе ақпарат алу үшін «дүкенге барғанға» ұқсайтындай болып көрінеді. 
Тізімде көрсетілген 4 және 5-тұжырымдамалардың қол жеткізген нәтиженің бастапқы үш сана-
тынан сапалық айырмашылығын атап көрсету маңызды. 4 және 5-тұжырымдамалар анағұрлым 
күрделі, жаңа түсіндірмелерге негізделген және бұл ретте оқу деген ұғымның аясы оқушының 
ақпаратты қабылдау мен сақтауынан әлдеқайда кең. Бұл тұжырымдамалар оқудың «ішкі» 
немесе жеке тұлғалық аспектісіне бағдарланған. Оқу оқушының шынайы өмірді түсінуіне 
көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылады. Бұндай заманауи көзқарас Үшінші деңгей 
бағдарламасында іске асырылатын оқытудың жаңа тәсілдерінің негізін қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет