Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет37/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   198
зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.
Зерттеушілік әңгіме
Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі 
арасында байланыс бар екені анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, 
зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып 
табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен 
шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен 
түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға 
береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ой-
ланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжам-
дар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты 
сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тара-
пынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.
Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай 
жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Алайда, бұл 
әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті де мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың 
құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.


37
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Сұрақ қою
Сыныпта сұрақ қою негізінен «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖә) үлгісінде болаты-
ны анықталды. Мысалға: 
Бастама (мұғалім): Адам денесінде неше сүйек бар?
Жауап (оқушы): Екі жүз алты.
Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.
Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам 
мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer, 1995). Бұндай сыныптарда оқушылардың 
білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік болмайды.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған 
жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау 
көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол 
жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі 
сұрақтарды кең қолданады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды 
«жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған 
және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар. 
Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен 
қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педа-
гогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі 
оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақтарды оқушылардың білім алу 
қажеттіліктеріне сәйкес құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай 
сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет