Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім



Pdf көрінісі
бет5/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   198
Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім
Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Үшінші деңгей бағдарламасы мұғалімнің 
алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме 
қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз 
бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі оқытудағы сындарлы 
тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы 
үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім 
қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» 
(Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады 
(1-кесте).


7
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
1-кесте. Шульман ілімі
Мұғалімнің 
көмекшілері
Құзырлы мұғалімге тән белгілер
Бас
Кәсіби түсінік
Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы 
тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болу-
ын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/жетілдіру 
үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін 
білуді көздейді.
Қол
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл оқытуды іске асыру, түзету және бағалау барысында 
түйінді кәсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық және 
тәжірибелік дағдыларын, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді білуді 
талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, 
сабақтарды, сондай-ақ оның жекелеген кезеңдерін жоспарлау 
және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. 
Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, 
мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасын артты-
рып, тиісті және одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге 
ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын 
қамтамасыз етері анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет