Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Экстернат Оқушылардың оқу бағдарламасын жылдам, тез игеруінің тағы бір түрін «экстернат



Pdf көрінісі
бет76/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   198
Байланысты:
studentke arnal an n s auly

Экстернат
Оқушылардың оқу бағдарламасын жылдам, тез игеруінің тағы бір түрін «экстернат» деп 
атайды. «8–9 жас аралығындағы талантты да дарынды оқушыларға арналған жеделде-
те оқыту жоспары» атты арнайы зерттеудің нәтижесінде ағылшын тілі мен математикадан 
бір жыл бұрын емтихан тапсыру мектепте талантты да дарынды оқушылардың оқуға деген 
қызығушылығын арттыру және дамытуда тиімді әдіс болғандығын дәлелдеді. Бағдарламаны 
бағалау кезінде оқушылар мен мұғалімдердің пікірлері ескерілді. Әдетте, оқушылар 
тапсырмалардың күрделенуін, табанды және жылдам жұмыс істеуді қаласа, ал ағылшын тілі 
мұғалімдері оқушылардың кейбір мәтіндермен жұмыс істеуге қабілеттері сай келетініне күмән 
тудырды.
Эйр талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасын 
өзгерту арқылы мектептегі барлық оқушылар үшін күрделендіру және экстернат модельдерін 


70
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
қолдана алатындығын айтады. Ол үш түрлі өзгеріс енгізу негізінде Мейкер және Нильсонның 
оқу жоспарын өзгертудің моделін бейімдеп жасады:
• мазмұнына өзгерістер енгізу (үдеріс пен нәтижені қоса есептегенде);
қолданылатын әдісті өзгерту;
• оқу жағдайын өзгерту.
Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен өз жо-
спарларын өзгертуге болатындығына бастауыш буында жүргізілген шағын зерттеулерден 
дәлелдер келтіреді. Осы әдісті іс-тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер қосымша көмек 
беру арқылы балалар тобының аясын кеңейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды 
орындатуға болады деген қорытынды жасайды. Бұл стратегияның сыныптағы талантты 
да дарынды оқушыларды анықтауда туындайтын кейбір мәселелерді шешуде көмегі зор 
екендігін айтады.
«Өзгертілген оқу бағдарламасы» әдістемесінің көмегімен сыныпта ерекше қасиеттерімен 
ерекшеленетін шағын топтарда орындалатын тапсырмалар дайындауға болады, бірақ топ 
құру кезінде барлық оқушылар үшін тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыру икемділікті талап 
етеді. Сондай-ақ, топтық жұмыс жекелеп саралау мақсатында да қолданылады. Бұл амалдың 
тиімділігі егжей-тегжейлі қарастырылуда.
«Топтағы жұмысты құрылымдау» атты кейс-стадидің соңғы мысалы орта буында 
математика пәнін оқыту жұмысын зерделейді. Зерттеудің алғашқы кезеңінде мұғалім сабақ 
жүргізген, ал оның екі көмекшісі оқушыларды бақылап, сабақ барысында оқушылар ара-
сында жүргізілген талқылауды бейнетаспаға түсіріп отырған. Сонымен бірге оқушылар са-
уалнама толтырады. Талдау қорытындылары келесі сабақтарда қолданылды. Топ құрамын 
өзгерту арқылы топ мүшелерінің жынысына және мүмкіндіктеріне қарай басқалармен 
жұмыс істеуінен пікірталас арқылы шешуді талап ететін күрделендірілген есепті шығаруға 
дейін стандартты емес жұмыстың арқасында бұндай сабақтардың сапасы артып отыр. 
Зерттеу оқушылардың математикалық есептерді шығаруда өзін сенімді сезінгенін және 
үздік бірлескен жұмыс пен сындарлы әңгіме жүргізген белгілі бір топтарда жақсы жұмыс 
істегендерін анықтады (Seal, 2006).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет