Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет94/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   198
дивергентті 
ойлау
– бір мәселенің (проблеманың) бірнеше шешімін іздеу мақсатында 
қолданылатын шығармашылық ойлаудың түрі.


Жиынтық 
бағалау
– оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында 
оқытудың қорытындыларын шығару. Жиынтық бағалау оқу циклдері 
мен сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының белгілі бір 
кезеңдегі дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады, біртұтас 
бағалау критерийлері негізінде іске асырылады.
Жақын арадағы 
даму аймағы 
(ЖАдА)
– Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары, 
қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын, орындау 
үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар ауқымында 
қалыптасатын дағдылар арасындағы оқу кезеңі. Скаффолдер рөлінде 
мұғалім немесе анағұрлым жақсы оқитын сыныптастары болуы мүмкін.
инклюзивті 
оқыту 
білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін 
оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде 
ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу.
Конвергентті/ 
репродуктивтік 
ойлау 
– (лат. cоnvergere – қосылу) белгілі бір тапсырманы орындаудың алдын 
ала игерілген алгоритмдерін нақты пайдалануға негізделген ойлаудың 
түрі. «Репродуктивті» сөзімен бірге қолданылады, себебі осындай 
ойлау проблеманы шешуге дәстүрлі тәсілді қолдануды меңзейді, 
соның нәтижесінде сол тәріздес идеялар туындайды. Бұл ойлау түрі 
дивергентті ойлауға қарама-қайшы.
Креативтілік
– (ағыл. create – жасау, creative – жасампаз, шығармашыл) индивидтің 
дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан ауытқитын, түбегейлі 
жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға дайындығымен ерекшеленетін 
және тәуелсіз фактор ретінде дарындылық құрылымына кіретін 
шығармашылық қабілеті, сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап, 
оларды ерекше тәсілдермен шешу қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет