48
студентке арналған нұсқаулық |
руководство для студента
«Оқыту бағалау ретінде» деген ұғым мен қалыптастырушы бағалау қағидаты білім алып қана
қоймай, білімді түзетін әдістерге қатысу арқылы оқу дегенді білдіреді.
Бұл идеялар оқушыларды оқыту мен оқу үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде
қарастыратын сындарлылық құрылымына сай. Адамдардың қай тұрғыдан алғанда да бір-біріне
икемделуі құрмет пен сенімге негізделген.
Диалогтік оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала
бірігіп тапсырманы орындайды) және
өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер
мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады)
және
қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-
біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады.
Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы
Қазақстандағы кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай сын тұрғысынан ойлайтын
мұғалімдер балалардың сын тұрғысынан ойлауына қатысты жоғарыда айтылған құрылым мен
үдерістерге сүйенуі мүмкін. Бірақ, ең алдымен, біз рефлексиялық оқыту ұғымын саралап, білім
беру бағдарламасындағы сын тұрғысынан ойлауға деген қажеттілікті ескеруіміз керек.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдар мен
әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде
бейнеленіп отыр. Балалардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап
айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті
өлшемдерді қолдана
білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер:
• білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны;
• қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияла-
рын дамыту керек.
Достарыңызбен бөлісу: