Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе ала-
тындар бар ма?»
Оқуды дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы
мұғалім:
• оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
• оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
• білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
• оқушыларға өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуге көмектеседі;
• оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал етеді;
• оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға көмектеседі;
• оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне
және бағалауына ықпал етеді;
• әңгіме және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін
тереңдетеді және шоғырландырады;
• оқытуды қиындатып, кедергі келтіретін қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.
38 студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента